Симпатикалық жүйенің жүрек қызметіне әсерін 1867 жылы ағайынды Циондар ашқан осындай 5 эффектісі бар, бірақ бұл әсерлер оң болады. - оң инотроптық; - оң хронотроптық; - оң дромотроптық; - оң батмотроптық; - оң тонотроптық. 1887 жылы И.П.Павлов жүректің кезеген және симпатикалықжүйкелерін талдап, жеке тітіркендіргенде монотипті эффектісін байқаған.
Вегетативтік жүйке жүйесінің орталық тонусының өзгеруімен қамтамасыз етіледі. Орталықтың тонусы экстрорецепторлардан, проприорецепторлардан, интерорецепторлардан, рефлекстік алаңдардан келетін импульстерге байланысты (аорталық, сино-каротидтік, лөкпелік, Бейинбридж аймағы).
3. Жүрек қызметінің гуморалдық реттелуі
Қанғы түрлі заттар қамтамасыз етеді (иондар, гормондар және т.б).
О.Леви 1921 жылы жүрек қызметінің жүйкелік-гуморалдық реттелуінің біртұтастығын дәлелдеген.
Қандағы айналып жүретін химиялық заттардың ВЖЖ тонусына әсер ететінін, профессор Гейманс дәлелдеген.
Сонымен, жүрек өз қызметін реттейтін жүйе. Өзін өзі реттеу механизмі жасуша, ағза және біртұтас организмен іске асырылады.
Дәріс тақырыбы: Жүрек-тамыр жүйесінің морфологиялық-функционалдық жіктелуі.
Жоспар:
Жүрек-тамыр жүйесінің морфологиялық-функционалдық жіктелуі.
2. Гемодинамика көрсеткіштері.
3. Қан қысымы.
4. Қан ағысының жылдамдығы.
5. Шеткі кедергі (тамырлар тонусы).
Жүрек- тамыр жүйесінің морфологиялық-функциялық жіктелуі
Қазіргі кезде проф. Б. Фолков пен Б.И. Ткаченконың жіктеулері қолданылады
1. Жүрек – тартқыш және қысым генераторы. 2. Компрессиялық камера – қолқа және ірі эластикалық артериялыр, үздіксіз қан ағысын қамтамасыз етеді. 3. Магистралды тамырлар – етті-эластикалық типті ірі артерияла, мүшелерге қан тасымалдануын қамтамасыз етеді. 4. Резистивті тамырлар(R) – кедергі тамырлар – кіші артериялар, артериолалар, артерия тамырлары бойымен қан ағысына кедергі жасайды. Артерия қысымын қалыпты ұстап, мүшелер арасында қанның таралуын қамтамасыз етеді. 5. Сфинктерлі тамырлар – прекапиллярлар, распределители капиллярлық қан ағысын таратушылар 6. Алмасу тамырлары – нағыз капиллярлар. 7. Веноздық қан ағысы тамырларының кедергісі – посткапиллярлар, венулалар. 8. Көлемді тамырлар немесе ірі және орташа қан жинайтын (аккумулыциялайтын) көк тамырлар. 9. Артерия мен венеаны қосатын көпірше – артерио-веноздық анастамоздар (барлық мүшелерде бола бермейді). 10. Сорып алатын тамыр (тамырлар мен лимфа капиллярлары).