Құтқарушыда арнаулы жабдықтар болса, зардап шеккенді арқасына жатқызып, жауырын арасына білік қойып, басын шалқайтады.
Ауа шығарғыш (арнаулы) бір шетімен зардап шеккеннің ауызына кіргізіледі. Ауа шығарғышты тіс арасынан жоғарғы иілген жағымен төмен, содан кейін ойысқан жағын төмен айналдыру керек.
Ауа шығарғыш дұрыс орналастырса, тіл ауыздың түбіне қыстырылуы керек, тілдің тыныс жолын жауып тастамауы керек. Зардап шекеннің мұрынын екі жағынан саусақпен қысу керек.
Терең демалып, ауа шығарғыштың шетін ауызға алып, зардап шеккенге дем беру керек, көмек беруші ауызын ауа сорғыштың шетін босатуы керек.
Құтқарушы жалғыз адам болса, жасанды дем берумен жүрек уқалауы 1:4, 1:6 көлемінде, 1 демалыста 4-6 сылау қозғалысы, басқа да 2:15 көлемінде, тек 1 минутта 16-18 дем және 70-72 сылау қозғалысы болуы қажет.