Тек қана суға шомылу үшін бөлінген жағажайлар мен орындарды пайдаланыңыздар.
Қоршау белгілерінен әрі бармаңыздар, тыйым салынған орындарда суға шомылмаңыздар, моторлы қайықтарға жақын жүзіп бармаңыздар - бұл өміріңізге қауіпті.
Мас күйде суға шомылуға тыйым салынады.
Тұншыққандағы (асфиксиядағы) алғашқы көмек
Тұншыққандағы (асфиксиядағы) алғашқы көмек
Тұншығу (асфиксия) – бұл оттегінің жетіспеуіне және организмнің қаны мен тіндерінде көмірқышқыл газының артуына жетелейтін тыныс алу қиындығы. Тұншығу тері жамылғыларының көгеруімен бірге өтеді. Астмадағы тұншығу әдетте түнде болады, күндіз сирек ұшырасады.