Адам қайғылы жағдайға кез келген жерде: үйде, көшеде, жолда, көлік апаттары кезінде немесе т.б. ұшырауы мүмкін. Алғашқы медициналық көмектің негізгі мақсаты – адам өмірін құтқару. Ең бастысы – алғашқы секундтарда дұрыс әрекет етуге үйрену, дәрігерлер келгенше апатқа ұшыраған адамның өмірін сақтап қалу. Келесі кеңестер өзіңізге, жолдасыңызға басқа да көмекті қажет ететін кез келген адамға алғашқы көмекті дұрыс көрсете алуға септігін тигізеді.
Суға кету – адам суға (басқа сұйықтықта сирек) толық батып және су әсерінен ағза жүйелерінің өмірлік маңызды функцияларының (орталық жүйке жүйесінің, тыныс алудың, қан айналымының) бұзылуынан болатын зорлықпен келетін өлім түрі. Суға кетуді «дымқыл» (шынайы), «құрғақ» және синкопальді түрлеріне бөледі. Олар тек пайда болу механизмімен ғана емес, өте маңызды болып табылатын алғашқы көмек көрсету ережелерімен де ерекшеленеді. Суға бату- ол оттегі жетіспеу себебінен тұншығудан науқас өледі. Тыныс алу жолдары сумен толады.
Бату - мүмкін үлкен ағыстағы ағынды суларда ересектерге қарағанда жас балаларда көп кездеседі.
«ДЫМҚЫЛ» СУҒА КЕТУ ЕҢ ҚАУІПТІСІ.
Адамның өкпесіне көп мөлшерде су кеткен кезде пайда болады. Мұндай жағдай көбінесе жақсы жүзетін адамдарда қол-аяқ тартылған кезде, су ағысы қатты болғанда, су иіріміне түсіп кеткен кезде болады. Судың бетіне шығып, батып бара жатқан адам суды жұта асығыс тыныс ала бастайды, ал су тыныс алу жолдарын толтырып, ауаның өкпеге баруына кедергі жасайды. Мұндай жағдайларда адамның тері жабындысы көгереді, аузы мен мұрнынан кеуде қуысын басқан кезде көп мөлшерде көбікті сұйықтық бөлінеді (көбінесе қан аралас). Есте сақтаңыз: егер зардап шеккен адамның беті көгеріп кетсе, ең алдымен, өкпесіндегі суды алу керек. ол үшін науқасты өзіңіздің бүгілген аяқтарыңызға оның басы мен денесі төмен тұратындай етіп, ал сіздің жамбасыңыз оның төменгі қабырғаларын басатындай етіп жатқызыңыз. Содан соң арқасын су толық шығып болғанша басыңыз. Дереу жасанды тыныс алу мен жүректі уқалауға кірісіңіз.