Заголовок слайда


Суға батуы 1 минуттан аспаса науқасты 90% құтқаруға болады. Суға бату ұзақтығы 6-7 минут болса, 1-3% құтқаруға мүмкіншілік болады



бет3/14
Дата08.02.2022
өлшемі0,9 Mb.
#25033
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
суга бату

Суға батуы 1 минуттан аспаса науқасты 90% құтқаруға болады. Суға бату ұзақтығы 6-7 минут болса, 1-3% құтқаруға мүмкіншілік болады.

  • Суға батуы 1 минуттан аспаса науқасты 90% құтқаруға болады. Суға бату ұзақтығы 6-7 минут болса, 1-3% құтқаруға мүмкіншілік болады.
  • Суға бату.Сіздің іс-әрекетіңіз:
  • 1. Зардап шеккен адамның бетін төмен қарату, басын жамбасынан төмен орналастыру
  • 2. Ауыз қуысын бөгде заттардан тазарту, тіл түбірін басу (құсу рефлексін тыныс алуды стимулдау үшін).
  • 3. Құсу және жөтел рефлексі пайда болған жағдайда тыныс алу жолдарынан және асқазаннан суды шығару.
  • 4. Егер құсу және жөтел рефлексі болмаса реанимация шараларын жүргізу керек (жасанды дем алдыру және жүрекке жанама массаж жасау). 5. Дереу емдеу мекемесіне жеткізу
  • Суға кетудің «құрғақ» түрінде судың біраз мөлшері көмейге түсіп, дыбыс саңылауының рефлекторлық қысылуын тудырады да, сұйықтық өкпеге өтпейді. Суға кетудің құрғақ түрінде адам есінен танады. Мұндай жағдайда адамның белсенді қарсыласу мүмкіндігі болмайды және ол судың түбіне батып кетеді. Бұл суық суға секірген кезде, суға кездейсоқ құлап үрейленген кезде, тамақты тоя ішіп суға түскен кезде болуы мүмкін. Егер науқастың беті бозарып, ернінде көбік болмаса, оның суға тырбаңдамай батқанын көрсеңіз, ондай жағдайда ауыз қуысын судан және шырыштан тазартып, тамыр соғысы бар болса, арқасынан қағып немесе мүсәтір спиртін, я болмаса кез келген өткір иісті (әтір, иіссу, бензин) иіскету жеткілікті. Егер тамыр соғысы жоқ болса, дереу жасанды тыныс алуға және жүректі уқалауға кірісу керек.
  • Синкопальді суға кету
  • Тамыр қысылуынан жүректің рефлекторлы тоқтауы кезінде болады. Суға кетудің құрғақ түрінен тек пайда болу механизмімен ерекшеледі, алғашқы көмекте сол сияқты жан сақтау шаралары жасалады. Кез келген суға кету кезінде өлімнің екі сатысын ажыратады. Суға кеткен адамның сыртқы түрі судан тез алынған кездің өзінде өлген адам сияқты болады. Соған қарамастан, ол клиникалық өлім сатысында деп есептеп, дереу тірілту шараларын қабылдау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет