Законы казахстана


Тараптардың құқықтары мен міндеттері



бет2/8
Дата25.11.2023
өлшемі49,7 Kb.
#127341
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
template

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері


2.1 Білім беру ұйымы құқылы:
2.1.1 білім алушыдан осы келісім-шарт пен Білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес міндеттерді адал және тиісті орындауды, сондай-ақ оқу тәртібін қадағалауды, білім беру ұйымының оқытушыларына, қызметкерлері мен білім алушыларына дұрыс әрі құрметпен қарауды талап етуге;
2.1.2 оқу тәртібін, осы келісім-шарт талаптарын, Ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін білім алушыларға ықпал ету шараларын қолдануға;
2.1.3 білім алушыдан білім беру ұйымының мүліктеріне ұқыпты қарауды, компьютерлік және басқа да техникалармен жұмыс істеу ережелерін қадағалауды талап етуге құқылы. Білім алушының әрекеттерінен материалдық залал келген жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында қарастырылған тәртіппен оны қалпына келтіруге кеткен шығындардың орнын толтыруды талап етуге;
2.1.4 оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтердегі жетістіктері үшін білім алушыны ынталандыруды және марапаттауды жүзеге асыруға;
2.1.5 күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын талапты және дарынды студенттерді қолдау мақсатында, тек қана «өте жақсы» (А, А-) деген бағаға оқитын білім алушылар үшін 3 курстан бастап ҚР Президентінің атаулы шәкіртақысын, білім беру саласындағы өкілетті органның мемлекеттік атаулы шәкіртақысын тағайындауға құқылы;
2.1.6 білім алушыны аралық аттестация және жазғы семестр нәтижесі бойынша мемлекеттік грантынан айыру және келісім-шартқа қайта отыру арқылы қайта сол курсқа қалдыруға құқылы. Әрі қарай оқу тек қана ақылы түрде жүзеге асырылады;
2.1.7 өтпелі балл жинамаған білім алушыға, өзінің үлгерімінің орташа балын (GPA) жоғарылату мақсатында, жазғы семестрде ақылы түрде кейбір пәндерді қайта оқуға мүмкіндік беруге;
2.1.8 келесі себептер бойынша Келісім-шартты бір жақты тәртіпте бұзуға құқылы: Ішкі тәртіп ережелерін, студенттердің Жарғысы мен Ар-ұждан Кодексін, соның ішінде оқу тәртібін бұзғаны үшін, басқа білім беру ұйымына ауысуына байланысты, келісім-шарт міндеттерін орындамағаны, қаржылық қарыздары үшін (күнтізбелік 1 (бір) айдан асқан мерзімде), сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылатын басқа жағдайлардың болуына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет