9. Келісім-шарттың қолданылу мерзімі, талаптарын өзгерту және оны бұзу тәртібі
9.1 Осы Келісім-шарт оған тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және ол толық орындалғанға дейін қолданылады. Жаңа келісім-шарт жасасқанда жаңа келісім-шарт жасасу кезінде белгіленген талаптар қолданылады;
9.2 Осы Келісім-шарттың талаптары тараптардың өзара жазбаша келісімі бойынша өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін;
9.3 Тараптар арасындағы келісім-шарт қатынастарының тоқтатылуы білім беру ұйымы басшысының тиісті бұйрық шығаруы негізінде жүзеге асады;
9.4 Осы Келісім-шарт екі данада, ал Тапсырыс беруші қатысқан жағдайда мемлекеттік немесе орыс тілдерінде заңды күші бірдей үш данада жасалады және Тараптардың әрқайсысына бір-бір данадан беріледі;
9.5 Осы Келісім-шарт оқудан шығару себебіне қарамастан білім алушыны оқудан шығару туралы бұйрық шыққан күннен бастап, сондай-ақ білім алушыны қайта оқу курсына қалдырған кезден бұзылды деп есептеледі.
10. Әр тараптың мекен-жайы мен есеп айырысу шоттары
«Білім беру ұйымы» «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ
010011, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62
БИН: 070 740 004 377
ИИК KZ446010111000037373
«Қазақстан Халық Банк» АҚ
БИК HSBKKZKX Кбе 16
E-mail: office@kazatu.kz
Тел.: 8-7172-39-73-78