3. Келісім-шарттың ерекше талаптары
3.1 Білім беру ұйымының ішінде бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне ауысқан кезде қосымша келісім жасалады;
3.2 Білім беру грантында білім алушыны төмендегі курсқа ауыстыру ақылы негізде ғана мүмкін болады;
3.3 Білім алушы білім беру ұйымынан келесідей жағдайда шығарылуы мүмкін:
- академиялық үлгермегені үшін;
- Академиялық адалдық қағидаттарын бұзғаны үшін;
- Білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережелерін, Жарғысын және студенттердің Ар-намыс Кодексін бұзғаны, оның ішінде оқу тәртібін бұзғаны үшін;
- өз еркімен;
- шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды оқытудың 1 (бірінші) академиялық кезеңі ішінде оқуға қабылданғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өтпеген жағдайда;
3.4 Алдыңғы курстар үшін академиялық қарыздары бар, зертханалық-емтихан сессияларына уақытында шықпаған білім алушы университеттен шығарылады.
4. Білім беру қызметтеріне ақы төлеу мөлшері мен тәртібі
4.1 Мемлекеттік білім гранты (тапсырысы) бойынша оқытудың жалпы құны (оқудың барлық кезеңіне) жыл сайын ҚР Үкіметінің арнайы қаулысымен белгіленеді. Білім беру ұйымы мен ҚР БҒМ арасында мемлекеттік тапсырыс бойынша студенттерді дайындауға келісім-шарт жасалғаннан кейін республикалық бюджеттен қаржыландыру жоспары бойынша оқу ақысын төлеу жүзеге асырылады;
4.2 Академиялық айырмашылықты, академиялық қарызды жою, пәндер мен оқу жұмысының түрлерін, сондай-ақ мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартынан тыс қосымша оқытылатын пәндерді қайта оқу білім алушыларға ағымдағы оқу жылына осы курс үшін білім беру ұйымы бекіткен 1 кредиттің құны есебінен төленеді;
4.3 Кредит құны, мөлшері, оқу ақысын төлеу мерзімі теңгемен белгіленеді және оны жыл сайын білім беру ұйымының басшысы бекітеді;
4.4 Осы Келісім-шарт шеңберінде ұсынылатын білім беру қызметтері үшін төлем валютасы теңгемен белгіленеді. Төлем нысаны – білім беру ұйымының есеп шотына тиісті төлемдерді аудару арқылы жүзеге асады;
4.5 Басқа білім беру ұйымдарынан ауысып келген білім алушылар пәндердің айырмашылығын оқу үшін ағымдағы оқу жылына осы курс үшін білім беру ұйымы бекіткен бағалар бойынша ақы төлейді;
4.6 Білім алушылардың жазғы семестрден өтуі ақылы негізде жүзеге асырылады. Оқу пәнінің бір кредитінің құны университетпен белгіленеді. Жазғы семестрге тіркелуге жазғы семестрдің оқу ақысын төлеген білім алушы жіберіледі;
4.7 Білім алушы білім беру грантынан айырылған кезде ақылы негізде білім беру қызметтерін көрсету туралы жаңа келісім-шарт жасалады, төлем мөлшері білім беру ұйымы ағымдағы оқу жылына бекіткен баға прейскурантында айқындалған мөлшерде белгіленеді;
4.8 Егер білім алушы білім беру гранты негізінде оқудан келісім-шарт жасасу арқылы ақылы негізде оқуға ауысса, онда оқу үшін келісім-шарт жасасу кезінде белгіленген талаптарға сәйкес ақы алынады;
4.9 Академиялық демалыс берілген жағдайда келісім-шарттың мерзімі ұзартылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |