5.1 Өзінің осы Келісім-шартта көзделген міндеттерін орындамағаны, не тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді;
5.2 Осы білім беру қызметтерін көрсету келісім-шартының 2.4-тармағының 2.4.11, 2.4.12, 2.4.13, 2.4.14, 2.4.15, 2.4.16, 2.4.17, 2.4.18, 2.4.19, 2.4.20, 2.4.21, 2.4.22, 2.4.23, 2.4.24, 2.4.25-тармақшаларын орындамағаны үшін білім алушы оқуға байланысты республикалық бюджет шығындарын өтеуге міндетті;
5.4 Оқытуға байланысты бюджет қаражаты есебінен жұмсаған шығыстарын өтемей-ақ, жұмыс істеу бойынша міндеттеме тоқтатылады:
1) жұмысты өтеу жөніндегі міндетін орындауға байланысты;
2) тиісті құжаттармен расталатын білім алушының (жас маманның) қайтыс болуына байланысты;
3) жұмыс істеу мерзімі ішінде I және II топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда;
4) осы Келісім-шарттың 6-тармағында көзделген жағдайларда жұмысты өтеу жөніндегі міндетінен босатылуына байланысты тоқтатылады.
6. Өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру
Жұмыс істеу жөніндегі міндеттен босату Жас мамандарды дербес бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен мынадай санаттарға:
1) жұбайының (зайыбының) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызмет өткеретін жері бойынша елді мекенде бос орындар болмаған жағдайда;
2) I және II топтағы мүгедектерге;
3) әрі қарай магистратураға, резидентураға, докторантураға оқуға түскен тұлғаларға;
4) жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар, сонымен қатар үш жасқа дейінгі баланы (балаларды) өз бетінше тәрбиелеп отырған тұлғаларға беріледі.
7. Дауларды шешу тәртібі
7.1 Осы Келісім-шартты орындау процесінде туындайтын келіспеушіліктер мен дауларды өзара қолайлы шешімдер әзірлеу мақсатында тікелей Тараптар шешеді;
7.2 Тараптар арасында келіссөздер, өзара қолайлы шешімдер әзірлеу арқылы шешілмеген даулы мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа аудандық сотында шешіледі.
8. Форс-мажор
8.1 Су тасқыны, өрт, басқа табиғи апаттар, соғыс немесе әскери іс-қимыл сияқты форс-мажор жағдайында, сондай-ақ Тараптардың ақылға қонымды бақылауынан тыс және Келісім жасалғаннан кейін туындаған кез-келген басқа жағдайларда Тараптар жауап бермейді. Алайда, бұл ереже форс-мажор жағдайына душар болған Тарап дәлелдемелер ұсынған және бұл туралы екінші Тарапқа форс-мажор басталғаннан кейін үш күннен кешіктірмей хабарлаған жағдайда ғана жарамды;
8.2 сондай-ақ Тараптардың бақылауына тәуелді емес мән-жайлар ретінде билік және басқару органдарының осы Келісім-шарт бойынша міндеттемелерді Тараптардың ең болмағанда біреуінің орындауына мүмкіндік бермейтін актілер шығаруы болып табылады;
8.3 Тараптардың міндеттемелерді орындауы форс-мажорлық жағдайлар мен олардың салдары кезінде пропорционалды түрде кейінге қалдырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |