Заман талабына сай



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата14.02.2017
өлшемі10,09 Mb.
#4098
1   2   3   4   5   6

Ясмин ИМАРОВА.

Весна


Пускай сугробы во дворе, 

И снег почти не тает, 

Теплее стало на душе, 

И сердце моё тает.  

Настала теплая пора, 

Которую мы ждали, 

Холодная зима ушла

И солнце засияло. 

К нам весна шагает, быстрыми шагами 

Трава растет, и почки на деревьях 

                                                   набухают, 

Стали птицы песни петь звонкими 

                                                    голосами. 

Зимние дни миновали, ночи 

                                        короткими стали. 

Пришла пора весенних дождей, 

Блеск молний и раскаты грома, 

И весело смотря на все живое

Душа сияет счастьем и любовью!

Мадина БАРАТОВА,

 студентка 3 курса.

Вся страна в ожидании самого 

светлого и доброго праздника - На-

урыза! Люди ходят в гости к своим 

друзьям, просят друг у друга про-

щения, желают удачного и плодот-

ворного года, готовят вкуснейшие 

блюда и накрывают богатый да-

стархан. 

Наурыз  еще  раз  показывает  нам,  на-

сколько гостеприимный и дружелюбный ка-

захский народ. В эти дни будут устраивать 

различные  национальные  игры,  празднич-

ные гуляния, играть на самых разных наци-

ональных  инструментах,  петь  и  танцевать. 

В этот день вся страна прощается с зимой 

и встречает весну. В день весеннего равно-

денствия  все  загадывают  желания,  просят 

хорошего урожая и прибыли. Главное блю-

до, состоящее из семи заветных элементов, 

Наурыз-коже - гвоздь всей программы. От-

ведав его, каждый чувствует, что стал силь-

нее, мужественнее, здоровее и лучше. 

Не зря, мы часто слышим о том, что Ка-

захстан  -  это  многонациональное  государ-

ство, в котором в дружбе и согласии живут 

сотни  разных  этносов.  А  замечали  ли  вы, 

насколько  близки  и  похожи  традиции  и 

культуры  разных  национальностей?  Вот, 

например, славянские народы точно так же 

провожают  зиму  и  встречают  долгождан-

ную весну. Песни, пляски, веселье и игры, 

множество  народа  собирает  вокруг  себя 

Масленица. Люди так же просят друг у друга 

прощение, чтобы забыв все старые обиды, 

начать новый год с чистого листа, ходят в 

гости, угощают вкуснейшими блинчиками и 

другими вкусностями. Конечно же, в нашей 

прекрасной,  дружной  стране  ни  один  рус-

ский праздник не проходит без бауырсаков, 

бешпармака и других блюд, а на Наурыз, в 

свою очередь можно отведать и блинчиков 

с творогом и пирогов и многое другое. Так 

пусть  же  царит  в  нашем  мирном  государ-

стве дружба и согласие. 

Пусть этот год принесет всем больших по-

бед и достижений, пусть все будут здоровы 

и счастливы! Со светлым праздником, вас 

друзья! 

Олеся ТАДЖИЕВА, 

студентка 3 курса.

Слияние двух культур



ТАҒЫЛЫМ

бейсенбі, 17 наурыз, 

2016 жыл

10

Жетісу 


университеті

Қазақ халқы ерте заман-

нан қоныстанған және билік 

жүргізген өңірде сақтардан, 

ғұндардан, түріктерден, 

тағы басқа рулық ұлыстық 

елдерден қалған аса 

құнды мұралардың және 

ескерткіштердің табылғаны 

жұртқа аян. Солтүстік және 

Батыс Шыңжаң өңірінен, 

Қазақстаннан, Моңғол 

Халық Республикасына 

қарасты Орхон, Тамыр, Тұла 

өзендері аңғарларынан та-

былып жатқан мұралар мен 

тарихи ескерткіштер жұртты 

қызықтырып отыр. 

Gazeta.zhgu@mail.ru

МҰРА


Жеті ата жєне жеті ±рпа° атауы

Әлем халықтарының салт-дәстүрімен салыстырғанда 

ұлттық салтымызда ерекше атап айтылатын қасиетті 

дәстүріміздің артықшылығы баршылық. Соның бірі де  

бірегейі ата – бабамыздан қалыптасып, жалғасқан, бүгінгі 

медицинаның дәлелдеуінен өткен, жеті аталық ұстаным. 

Тарихы терең – қазақ елі

АТАТЕК


Осы  ұлан-ғайыр  кең  далада  қазақ 

шежіресі    бойынша  қазақтың  үш  жүзінің 

құрамын  толықтырған,  тіпті  қазірге  дейін 

байырғы  атын  өз  қалпында  сақтаған  тай-

палар және ұлыстар жасаған. Үйсін, қаңлы, 

түрік,  түркеш,  оғыз,  қарлық,  керей,  най-

ман,  жалайыр,  қоңырат,  меркіт,  уақтар 

сияқты  өз  заманындағы  рулық,  ұлыстық 

атаулар қазірге дейін қазақ тайпалары ара-

сында  сақталып  отырғаны  даусыз.  Олар 

қоныстанған  және  өмір  сүрген  өңірді  ХIII-

ғасырдың басында араб, парсы тарихшыла-

ры «Дешті Қыпшақ» деп атаған. Ал, ғасырдан 

кейінгі  тарихшылар  мен  этнографтардың 

«Қазақ даласы» деп атағаны жұртқа аян. 

Қазақ хандығы ХIII ғасырдың басынан ХV 

ғасырдың ортасына дейін (қазақтар біртұтас 

халық болып қалыптасқанға дейін) Шыңғыс 

хан  мен  оның  ұрпақтарының  қол  астын-

да  болған  көшпелі  түркі  тайпалар  «Алаш» 

қауымынан  бастап  біртіндеп  бірлесіп  екі 

ғасырдан астам уақыт «қазақ» атты халық 

болып  қалыптасу  барысын  бастан  кешірді. 

Екінші  сөзбен  айтқанда,  алғашқы  «Алтын 

орда»  хандығы,  одан  кейінгі  «Ақ  орда» 

хандығы  мен    Өзбек  хандығы  дәуірі,  міне, 

осылайша  біртұтас  «қазақ»  халқы  болып 

қалыптасуына алғышарт-жағдай әзірлеген.

Әбілқайыр  хандығы  ыдырағаннан  кейін 

нақ  сол  қалыптасқан  халықта,  нақ  сол 

этникалық аумақта, нақ сол  шаруашылық-

экономикалық  жағдайларда  билеуші  әулет 

қана  алмасып,    Жошы    ұрпақтарының 

бұрынғы  тармағының  билігі  қалпына 

келтірілді.  Ақ  Орда  мемлекетін,  Әбілқайыр 

хандығын,  Моғолстанның  солтүстік  бөлігін 

және  Ноғой  Ордасын  қазақ  халқының  ірі-

ірі  этникалық  топтары  мекендеді.  Қазақ 

хандығы  Ақ  Орда,  Әбілқайыр  хандығы 

мемлекеттігінің  және  жоғарыда  айтылған 

басқа да мемлекеттердің  тікелей жалғасы 

болды. Осы мемлекеттер шеңберінде қазақ 

халқы    қалыптасуының  ұзаққа  созылған 

процесі,  ал  Қазақ  хандығында  біртұтас 

халықтың  біржола  топтасуы  аяқталды. 

Қазақ  хандығының  қалай  құрылғаны, 

қандай дәуірлерді бастан кешіргені туралы 

тоқталудан  бұрын  алдымен  хандарының 

ақылшысы болған қоғам қайраткері, фило-

соф,  ойшыл  Асан  қайғы  жайлы  аңызға 

тоқталу  керек  болады.  Қазақтың  бұл  ірі 

аңыз кейіпкері халық қамын, ел болашағын 

ойлап,  үнемі  мұңға  батып  жүргендіктен,  за-

мандастары  оны    «Асан  қайғы»  деп  атап 

кеткен екен. Асан қайғы атамыз екі хандық 

аумағында яғни, Орта және Кіші жүз мекен-

деген қазақтардың да ортақ ойшылы, фило-

софы болды. Аңыз – деректерге сай «Тау-

арих  хамсада»  жазылуынша,  қазақтың  үш 

жүзге бөлген қазақтың тұңғыш хандары «Әз- 

Жәнібек»,  Керей,  Хақназар,Тәуекел  Есім, 

Жәңгір,  Тәуке  хандар  қазақ  хандығының 

құрылуы  мен нығаюы арқасында қазақтың 

әдет-ғұрып  заңдары  қалыптасты.  Бұл 

заңдар «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім  

ханның  ескі  жолы»,  Тәуке    ханның  «Жеті 

жарғы» заңдары дәлелдейді. Бұл заң ХVII- 

ғасырға жетіп, Есімнің кезінде «Есім ханның 

ескі  жолы»  деп  аталды.Сол  дәуірде  қазақ 

үш  жүзінің  атақты  үш  төбе  биі    Ұлы  жүз 

биі –Төле, Орта жүз биі – Қазыбек, Кіші жүз 

биі  –  Әйтеке  бұл  заңға  «жер  дауы»,  «құн 

дауы» деген екі тарау қосып толықтырады 

да,  ежелгі  әдет-  ғұрып  заңдары  ендігі 

жерде  «Жеті  жарғы»  деп  атала  бастады. 

«Жеті  жарғы»  заңын  бүкіл  қазақ  халқы 

атқаруға  тиісті  заң  болғандықтан,  ХIII-ХVIII 

ғасырларда  мәдениеттен  келе  көшпелі 

ел,  өзі  ортақ  мойындаған  заңдарын 

табиғи  түрде  өзі  бағынатын  жол-  жосынға 

айналдырған.

1465-1470 жылдар – хандықтың құрылған 

емес,  нығайған  уақыты,  халықтың  өз 

тәуелсіздігін  жариялаған  емес,  көрші 

жұрттарға 

біржола 


танылған  мезгілі.  Түптеп 

келгенде  мұның  бәрі 

қазақ  тарихының  баста-

уын  мүмкін  болғанынша 

кейіндету 

талабының 

бір  көрінісі  ғана.  Қазақ 

хандығының 

құрылуы 

жөнінде  бірден-бір  де-

рек  «Тарих-и  Рашиди» 

дерегіне сүйенетін болсақ, 

Қазақ  хандығының  негізін 

қалаушылар 

Керей 

мен  Жәнібек  хан    Ши-



бан  әулетінен  шыққан 

Әбілқайыр  ханмен  са-

яси  күрес,  жауласудан 

кейін  оның  билігінен  бас 

тартып,  соңына  ерген 

жұртымен  көтеріле  көшіп, 

Шу  өзінінің  бойындағы  Қозыбасы  дейтін 

қоныста  дербес  Қазақ  хандығының  туын 

көтереді.  Алғаш  туымыз  тігілген  Қозыбасы 

жері  XIV-XV  ғасыр  басында  өмір  сүрген 

Моғолстан  мемлекетінің  батыс  бөлігіндегі 

аумақ.  Қозыбасы  атауының  түп  мағынасы 

–  төңірегендегі  жоталардан  оқшау  тұрған 

қозының  басындай  ғана  жұмыр,  аласа 

шоқы-төбені білдірсе керек.

Қазақ Ордасы құрылғанда алдымен үлкен 

Керей  ақ  киізге  хан  көтеріліпті.  Керейдің 

нақты  қай  жылы  қайтыс  болғаны  белгісіз. 

Одан соң Жәнібек хан әмір жүргізеді. 

Қазақ  Ордасының  құдіретті  әміршілері, 

қазақ  халқының  ұлы  перзенттері:  Қасым 

хан,  Хақназар  хан;  Әз-Тәуке  хан,  Абы-

лай  хан,  ең  соңы  Қенесары  хан,  ұлы 

ғалымдарымыз  Шоқан,  Алаш  Орда  көсемі 

Әлихан Бөкейханов – барлығы да осы әулие 

Әз-Жәнібек ханның  тікелей ұрпақтары.

Түрік  жұртының  бұған  дейінгі  мың 

жылдық тарихында сыннан өткен жол-жора, 

қалыптасқан  жүйе  негізінде  соңғы  екі  жа-

рым  ғасыр  орайында  ер  халықтың,  мәрт 

халықтың жиын ортасынан жарып шыққан, 

бар  тілегі    туған  елінің    мұратымен  берік 

астасқан асыл тұқым – Шыңғыс хан – Жошы 

хан – Орыс хан – Әз-Жәнібек хан әулеті өз 

жұртын  тарихтың  барлық  қиын  өткелінен 

алып өтті. Әбілқайырдың 1731 жылы Ресей 

бодандығын  қабылдап,  сол  бодандықтың 

шырмауынан  шығу  үшін  Сырым  Датұлы, 

Кенесары  Қасымұлы,  Исатай  мен  Махам-

бет,  Есет  бастаған  күресімен,  1916  жылғы 

тар  жол  тайғақ  кешуді  бастан  өткерген, 

1930-1932 жылдардағы ашаршылық, 1936-

1938  жылдардағы  қуғын-сүргін,  1941-1945 

жылдардағы Ұлы Отан соғысы, 1986 жылғы 

қазақ  жастарының  қасқалдақтың  қанымен 

келген  бұл  Тәуелсіздік  бізге  оңайлықпен 

келмеді.

Отанды  сүю  –  бабалардан  мирас 

болған  ұлы  мұраны  қадірлеу,  оны  көздің 

қарашығындай  сақтау,  өз  үлесіңді  қосып, 

дамыту  және  кейінгі  ұрпаққа  аманат  етіп,  

табыстау 

деген 

сөз. 


Барша 

қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні 

–  осы!  «Мәңгілік  Ел»  идеясының  бастауы 

тым тереңде жатыр. Осыдан XIII ғасыр бұрын 

Тоныкөк  абыз  «Tүркі  жұртының  мұраты  – 

Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің 

жалпыұлттық  идеямыз  -  мемлекеттігіміздің 

тамыры  сияқты  көне  тарихтан  бастау  ала-

тынын  көрсетеді.  Жалпыұлттық  идеяны 

өміршең ететін – Елдің бірлігі. Тарихы, тілі, 

діні, салт-дәстүрі ғасырдан-ғасырға ұласып, 

ата-бабаларымыздың мұра етіп қалдырған 

жерін,  байлығын  бүгінгі  күні  «Мәңгілік    ел» 

болашақ  ұрпақтары  жалғастырады  және 

ұрпақтан  -  ұрпаққа  мұра  етіп  қалдырады  

деп кәміл сенеміз.



Айжан ЕРЖАНОВА,

жаратылыстану-техникалық 

факультетінің оқытушысы,

магистр. 

Бұл  ұстаным  бізде  жеті  атаға  толмай, 

ағайын  арасында  қыз  алыспайтын  үлкенге 

мәнге  ие  қазақи  қағидалы  ерекше  жүйе. 

Ол  қазақ  халқының  ата  тегінің  тазалығын, 

текті  ұрпақтың  жалғасуын  реттеп  отыра-

ды.  Ұлтымыздың  ар  алдында  асқақ  ру-

хани  құндылығын  паш  етіп  тұрған  ұлттық 

ерекшелік. Сондықтан да ежелден-ақ, қазақ 

халқында  ұрпақ  өзінің  жеті  атасын  білуі 

міндетті  саналған.  Әрбір  ата-ана  баласы-

на  жастайынан  жеті  атасын  талдап  айтып, 

ержете  келе  жеті  атаға  толмай  жастардың 

үйленбеуін  зердесіне  құйып  сіңдіріп  оты-

руы тиіс. Енді жеті атаға деген кімдер? Осы 

мәселені талдап көрелік. Арғы жетінші ата-

дан бері қарай тараған аталар, өзіңе шейін 

бір  атаның  балалары  болып  саналады. 

Олар былай жіктеледі: 

Жеті ата:                       Жеті ұрпақ:

1. Жеті ата                     Әке

2. Түп ата                       Бала

3. Тек ата                        Немере

4. Баба                            Шөбере

5. Арғы ата                     Шөпшек

6. Ата                               Немене

7. Әке                               Туажат

Қазақ  ұлттық  энциклопедиясында  бы-

лай  делінген:  «өз  ата-бабасын,  жеті  ата-

сына  дейін  білу  әрбір  қазақ  азаматы 

үшін  –  мүдделі  міндет».  Міне,  осы  сөздің 

өзі  қазақтардың  этно  ерекшеліктерін 

танытудағы ең басты құндылығын айғақтап 

тұр. 


«Қазақ  жеті  атасын  білмеген  –  жетесіз» 

деп  ол  адамға  үлкен  мін  таққан.  Мұндай 

шартты  бұзған  әдепсіз  табылса  өте  қатаң 

жазалап отырған. Бір қаннан тарағандардың 

некелесуінен  әлжуаз,  аурушаң,  ақыл  есі 

кеміс,  әдепсіз  ұрпақ  өмірге  келеді»,  -  деп 

жазады Д.Тасмағамбеткеліні  өз кітабында.

Осындай келеңсіз істің болғанын көне көз 

қариялардан естігеніміз де бар. Олар қатаң 

жазаланып, ең ақыры туған жерінен, елінен 

аластатылып,  қуып  жіберілген.  Дені  сау 

адам үшін мұнан ауыр масқара жаза бола 

ма?!  Осыдан  бес  ғасыр  бұрын  жазылған 

Өтей  Бойдақ  Тілеуқабылұлының  кітабында 

да  жеті  ата  туралы  орамды  ойлар  ортаға 

тасталады.  Автордың  өз  сөзімен  оқиық. 

«Жеті  атадан  асқаннан  кейінгі  аталардан 

қыз алыспақ керек. Жиенін алмақ – жиеніне 

бермек,  емшек  сүті  араласпаса  болды 

дейтіндерге:  қандық  аңғақтық  уылымдық 

бейім  көп  болмақ.  Аллалық,  шала 

жаралымдық,  туылымдық,  жаралыстық 

бітіс,  милаулық  туылғылар  көз  көргілігі 

бұған  дәлелімдік  саналығы  таппақ».  Бұл 

–  имансыздық  біздің  ұрпақтардың  басына 

келмесін. Ия, мұнда  кемеңгер тегі үйленетін 

жастарға  бір-бірінен  ата-тегінің  жөнін 

сұрауын, тіпті, іліс - шалыс құдандалығына 

шейін анықтап біліп алуын мирас етіп, ама-

наттап тұрғаны көрініп тұр.

Керей мен Жәнібек хан ірге тасын қалаған 

қазақ  хандығының  тұсында  ерекше  көңіл 

аударған  мәселе,  ол  да  -    ұлт  тазалығы 

болған.  Саналы  ұрпақ  салауатты  ұлт 

тәрбиелеуге айтарлықтай мән берілді. Жеті 

атаға  шейін  қыз  алыспау  дәстүрі  қатаң 

қалыптасты.

Мен  жасымнан  осы  тақырыпқа  көп  ден 

қойып,  зерделеп  тердім,  жаздым.  1980 

жылдары  жолым  түсіп  Семей,  Қарағанды, 

Алматы, Жамбыл, Шымкент облыстарының 

талай  аудандарында  болып,  сұрастыра 

тұрғылықты,  ауызы  дуалы,  құлағы  түрік 

қариялармен кездесіп, жеті ата – жеті ұрпақ 

туралы ойларын қағазға түсірдім.

Жеті ата жайлы газет-журнал беттерінде 

жазылып  та  жүр.  Әрине,  оны  құптаймыз. 

Бірақ,  біраз  «әттегенайы»  жоқ  емес. 

Олардың  көбі  жеті  атаны  іріктеуде  «әке, 

бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, ту-

ажаттан аспайды». Ағайындар-ау, бұл жеті 

ата емес, жеті ұрпағың емес пе? Ал, енді бірі 

жеті ұрпаққа туыстық атау жалғап Жүрежат, 

Туажат,  Жұғажат,  Жекжат,  Шамағайын  бо-

лып  кете  береді  деп  (интернет)  жазады. 

Бізге  жеті  ұрпақтан  артығының  қажеті  жоқ 

сияқты.  Бүгіндері  арамызда  жастарымыз 

тұрмақ,  кейбір  қарттарымызға  жеті  атаға 

кімдер  жатады  десеңіз  ойланбастан  өзінен 

төмен  қарай  туажатқа  шейін  шұбырта  ай-

тып  беретіні  жасырын  емес.  Міне,  осының 

бәрін  саралай  келгенде  шығар  қорытынды 

қазақ қашанда аталы сөзге тоқтаған халық. 

Олай  болса,  әңгіме  етіп  отырған  жеті  ата 

деген  сөз  –  анау  арғы,  ата  -  бабамыздан 

бастау  алатын  түп  ата  –  жеті  атамызды 

меңзеп тұрған жоқ па? Ал жеті ұрпақ деген 

сөз  өзіңнен  бастап  тарайтын  бала  –  неме-

ре  –  шөбере-шөпшек,  немене,  туажатыңа 

дейінге  ұрпағымыз  емес  пе?  Міне,  бұл 

жіктеуде «Әке» тең ортада тұр. Екі жаққа да 

бірдей.  Көп  еңбектерде  ұрпақтың  жіктелуі 

бірдей  көрсетілгенімен,  жеті  ата  атауы 

бәрінде бірдей емес, сәл ауытқушылық бар. 

Өз  басым,  «мынау  дұрыс,  мынау  бұрыс» 

деп баға беруден аулақпын. Дегенмен, зия-

лы қауым бұл мәселені терең зерттеп, ортақ 

бір  жүйеге  келтірсе,  нұр  үстіне  нұр  болар 

еді.  Тәуелсіз  елімізге  дені  сау  салауатты 

ұрпақ  тәрбиелеуде  ұлы  бабаларымыздың 

дәстүрін  бұлжытпай  орындау  баршамызға 

ортақ міндет – парыз деп санаймын.



Нұртас ШАЯХМЕТОВ, 

Қалымбек ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ (суретте).

Жетісу 

университеті



11

бейсенбі, 17 наурыз, 

2016 жыл

ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ

Gazeta.zhgu@mail.ru

Кезінде "Пәленшенің жейдесі - діндарлық, шекпені - тақуалық" деу арқылы 

адамның киім-киісі ар-ұятының, ішкі жандүниесінің келбеті екенін бейне-

леген. Тіпті, ата-бабамыз түс көргенде адам киімінің ұзын-қысқалығы, ар-

ұятының "ұзын-қысқалығының" көрінісі деп жорыған. Қазақтың бұрынғы 

киім-киісін дәл осы өлшеммен алар болсақ, әлбетте, сыннан сүрінбей өтері 

хақ... Заманауи сән сахнасына, күнделікті адамдардың киім-киісіне қарап, 

өткеніміз біржола келместің ауылына кетті-ау деп көңіл жүдеу тартқанда, 

киім-кешектерде ұлттық нақыштың белгілері қайта көрініп, көңіліміздегі 

үміт үдей түскендей. "Осы алған бағытты сақтап қана қоймай, қалайша 

әрі қарай дамытуға болады?" деген сауал мазалап жүргенде отандық сәнгер, 

имиджмейкер-стилист Бэлла-сәт-Мырзамен жолығып, сұхбаттасу сәті 

түскен еді. Сол әңгімені оқырман назарына ұсынамыз.

Cєнге ою-µрнектіњ оралуына

Dolce & Gabbana єсер еткен бе?!

-  Қазақтың  ұлттық  киімі  бұған  дейін 

көбіне үш бағытта ғана қарастырылатын: 

ғалым,  мұражай  қызметкерлерінің  зерт-

теу  объектісі  ретінде,  өнер,  мәдениет 

саласы  қызметкерлерінің  сахнадағы 

киім  киісі  ретінде  және  өзіңіз  сияқты 

сәнгерлердің шабыт алу құралы ретінде. 

Бүгін  күнделікті  тұрмысқа  ұлттық  киім 

бұрынғы  қалпында  оралмаса  да,  ұлт 

нақышы  әлсін-әлсін  бой  көрсетіп  келе 

жатқандай...

-  Шындығында  бұл  тегіннен  тегін  емес, 

атақты  «Dolce  &  Gabbana»  италияндық 

сән  үйі  2013/2014  жылдарға  арналған  топ-

тамасын  жұртшылыққа  паш  еткен  кезде, 

киімдері  қазақтың  "қошқар  мүйіз"  оюына 

ұқсас  өрнектермен  безендірілген  болатын. 

Содан  бері  Қытай,  Түркия,  Моңғолия,  өзге 

де  елдерде  мекендейтін  қандастарымыз, 

отандық  дизайнерлер  тек  сахналық  неме-

се  арнайы  шараларға  арналған  үлгілерде 

ғана  емес,  күнделікті  тұрмыста  киетін  киім 

үлгілерін  жасағанда  ою-өрнектерге  баса 

назар  аударатын  болды.  Шындығында 

қазір  осы  сән  толқынын  сезе  білген  әрбір 

отандық  он  дизайнердің  бесеуі  ұлттық 

ұстаным  тұрғысынан  жұмыс  жасай  ба-

стады.  Бұл  жаман  көрсеткіш  емес,  алай-

да  тиынның  екі  жағы  сияқты  мұнда  да 

екі  түрлі  сипат  орын  алуда:  бірі  -  өздері 

дайындаған  киім  үлгілеріне  ешбір  талда-

усыз,  тарихтың  тұңғиығына  бойламастан 

ұлттық  ою-өрнектерімізді  оңды-солды  пай-

далануда,  енді  бір  дизайнерлер  жасаған 

киімдерге  ою-өрнектерді  үлкен  талдау 

мен  биік  талғам  арқылы  үйлестіре  білуде. 

Яғни,  ою-өрнектерімізді  сән  сахнасында 

тарихқа сәкес сөйлете білу үлкен ізденіс пен 

қажырлы еңбекті талап етеді.

-  Сәнді  тек  бизнес  емес,  идеология 

құралы деп алатын болсақ, осы жағынан 

ұлттық  нақыштағы  киімнің  ұтымды 

тұстары  қандай  деп  ойлайсыз?  Бүгін 

оны қалай тиімді қолдануға болады?

-Түр-түске 

келер 

болсақ, 


бұрын 

киімдеріміз жасалғанда қызыл, алтын, күміс 

түстер  басымдылыққа  ие  болған.  Бүгінде 

де  бұл  түстерді  өзге  де  көп  түстермен 

үйлестіруге  болады.  Екіншіден,  қазақтың 

киіз  басу  өнерін  ерекше  атап  өтпеске 

болмас.  Қуанышымызға  орай,  бірқатар 

отандық  дизайнерлер  бүгінде  осыны  за-

манауи  өрнектермен  үйлестіріп,  кіріктіріп 

күнделікті  киім  үлгісін  жасағанда  қолдану 

арқылы  тек  еліміздегі  емес,  әлемдік  сән 

сахнасына  жаңашылдық  енгізу  жолында 

тер төгуде. Ұлттық мұрамыздың бұл түрінің 

қайта  жандануы  халқымыз  еңбектен  еш 

қорықпағанын, әсіресе, қазіргі жастарға еске 

салады  десек,  екіншіден,  адамзат  баласы 

жасанды, химиялық заттарға аса жақындап, 

зардабын  тарта  бастағанда,  экологиялық 

таза дүниемізді жандандырып, әсіресе ЭКС-

ПО-2017  қарсаңында  әлемге  ұлтымыздың 

тағы  бір  тарихи    құнылығын  паш  ету 

мүмкіндігіне ие болудамыз деп ойлаймын. 



-Елдегі қай саланы алмасақ та, биліктің 

қолдауы  болмайынша,  дамуы  екіталай. 

Қазақстанда  өзге  елдердегідей  сән 

апталығы ұйымдастырылып, жеке жоба 

ретінде  даму  жолында  2003-2004  жыл-

дардан бастап еліміздің бірқатар жігерлі 

дизайнерлері еңбек етуде. Билік өкілдері 

келіп,  "Ұлттық  нақышты,  ділімізді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет