Тақырыбы: «Ата бәйтерек, бала-жапырақ» Мақсаты



Дата21.04.2023
өлшемі23,39 Kb.
#85352


Тақырыбы: «Ата - бәйтерек , бала-жапырақ »
Мақсаты:отбасындағы әке мен ананың, баланың рөлін айқындау, ата-ананы сыйлауға, қадірлеуге, татулыққа тәрбиелеу.
Мұғалім: Отбасы – шағын мемлекет. Ол – тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейрімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгенне кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді.Отбасы алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері, ұрпақ жалғасы балалар болып табылады. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата-анадан алады. Олай болса баланың бас ұстазы – ата-ана. Ұлы Абай бұл туралы
« Ата-анаға көз қуаныш –
Алдына алған еркесі.
Көкірегіне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой өлкесі» деп жыр еткен.
Әке мен ана – шаңырақтың тірегі. Ата-ананың отбасы тәрбиесіндегі негізгі міндетін айқындайтын нақыл сөздерді де көп кездестіруге болады. Дана халқымыз «Әке – асқар тау, ана – бұлақ, бала – жағасында өскен құрақ», «Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі» деген екен.

Енді осы тақырыптағы мақал-мәтелдерге кезек берейік.


1-оқушы: Бала тәрбиесі бесіктен.
2-оқушы:Баланың жақсысы – қызық, Жаманы күйік.
3-оқушы: Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер.
4-оқушы: Бала-көңілдің гүлі, көздің нұры.
5-оқушы: Құс балапаны үшін тозаққа түседі, Адам баласы үшін азапқа түседі.
6-оқушы: Ата-бәйтерек, бала –жапырақ.
7-оқушы: Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.
8-оқушы: Жақсы әке – жаман балаға қырық жылдық ризық.
9-оқушы: Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін.
10-оқушы: Әкесін сыйламаған кісіні баласы сыйламайды.
11-оқушы: Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада.
12-оқушы: Ағайын – алтау, ана – біреу.
13-оқушы: Ағайынның алтын сарайынан, Ананың жыртық лашығы артық.
14-оқушы: Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да қарызынан құтыла алмайсың.
Мұғалім: Отбасы тәрбиесі туралы түркі ойшылы Жүсіп Баласұғын былай дейді:
«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.
Бала нені білсе жастан ұядан –
Өле-өлгенше соны таныр қиядан.
Өнер-білім берем десең басынан,
Бер оқуға балалрды жасынан.
Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,
Жақсы, жаман болса, бала- солардан».
Ән: «Ана туралы жыр» тыңдау
Мұғалім : Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шеешсіне қарап бой түзейді. Ата-ана балалрына үлгі-өнеге көрсете алмаса, онда тәрбиелі бала өсіруі екіталай. Өйткені бала ерсектерге, әсіресе ата-анасына, тәрбиешілерге өте еліктегіш келеді. Жақсыны да, жаманды да солардың үйренеді, көргені қайталайды. Қазақтың дауылпаз ақыны Ілияс Жансүгірұлы «Жаста берілген, басқа сіңген тәлімің өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас» деп бүлдіршінге жастайынан берілген тәрбиенің жемісті екенін айтады. Жас балаға өз ата-анасы - асқа– тау. Әке-шешенің ауызынан шыққан сөз бала үшін заң болып есептеледі.
Мұғалім: «Тәрбие тал бесіктен» дейді атам қазақ. Сол тал бесіктен жер бесікке дейін баланың өсіп жетілуінің негізі отбасында жатыр. Отбасы – адам тәрбиесі үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы – белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі – бала тәрбиелеу.
Мұғалім : Ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды. Сол себепті олардың бар тілеуі балаға бағышталған. Оның амандығын, үрім-бұтақты, бай бақытты, атақ-абыройлы болуын тілейді, өздері әл-қуаты кетіп, ауру-сырқаулы болып қартайғанда сол баланың қайырын көріп, мерейіміз өссе екен деп армандайды. Ақырғы, ең қастерлі тілектері: «Бала-шағаның алдында дүние салып, солардан топырақ бұйырса». Осындай ата-ананы сыйлау, сәби шағындаөзінді олар қалай бағып-қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялап күту – қандай ғанибет!
Қара шаңырақ ұрпақтар өрбіген құтты ұя саналады. Кең мағынада бүкіл ұлт тұтас ірге жайған жер де Қара шаңырақ. Соныдқтан қазақ баоласы Қара шаңырақ иесі – Қазақ атасының үйін ардақтайды, яғни Қазақ атасы көтерген Қара шаңырақты аялай қастерлеп, оның қасиетін өзінің ар-намысындай сезінеді.Ата-аналар мен балалардың, аға-інілер мен әпке-қарыңдастардың және туған-туыстардың ортасын құрайтын отбасы қоғамның ең маңызды ұйытқысы болып табылады. Өйткенгі адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап осында ержетіп, отбасының тәрбиесін алады. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет.


Отбасына қатысты мақалдардың жалғасын табу.
1. Ағадан – ақыл, ………….Атадан – нақыл.
2. Ер бала ата-анаға таяу,…………….Қыз бала үйге жаққан бояу.
3. Апам үйі – ………………ақ жайлау.
4. Інісі бардың тынысы бар……………Ағасы бардың жағасы бар.
5. Өз үйім – ……………………….өлең төсегім.
6. Жалғыз ағаш үй болмас,……………………..Жалғыз жігіт би болмас.
7. Балапан ұяда не көрсе,…………………….Ұшқанда соны іледі.
8. Атасыз үй – батасыз,………………..Анасыз үй – панасыз.
9. Жақсы ата – орман,…………………Жақсы бала қорған.
10. Өсер жастың алдын кеспе,…………..Өсер ағаштың басын кесп


Мұғалім: Отбасы – ұрпақтар сабақтастығын жалғастырушы, адам бойындағы асыл қасиеттерді қалыптастыруды рухани-адамгершілік бастауы.
Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады.
Отбасында әуелі сенім мен сезім, сүйіспеншілік пен сыйластық болса, қандай жағдайда болсын өмірдің ащысы мен тұщысын, суығы мен ыстығын, қайғысы мен қуанышын бірге бөлісіп бақытқа жете алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет