Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет49/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   107
Байланысты:
full

Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. – 
Алматы, 1957. І т. 103-б.
306
 Сонда, 103-б.
307
Сонда, 262-б.


161
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Абай мұндай шығармаларында ғашықтық сезімнің ерекше бір 
түріне үңілген. Ақын ойын тым алысқа меңзеп, шарықтата, асыра ай-
тады. Саған менен артық жар табылса да, дүниеде енді маған сендей 
жар жоқ деген жігіт, əлде қандай ой, мұңын арманын жан тəнімен үзіле 
өкси сөйлейді. Бұл жердегі жігіт бір ғана мəңгі ғашықтық көксегендікті 
білдіреді. Абай көрсеткен бұл сезім сонау кездегі қазақ жастары 
ғашықтығының бір алуан оқшаулау түрі болып көрінуі де ғажап емес. 
Мұның махаббат жөніндегі түсінігі: «Қиыстырып мақтайсызда» жайы 
баяндалған «Сенсіз маған жат төсек көрмен тең» деп егіле сөйлейтін 
қыз түсінігімен сарындас жатады. Қыз тарапынан да, жігіт тарапынан 
да өте күйректік, ерекше сезімталдық байқалады. Екеуі де ерекше ма-
хаббат іздеген үлбіреген нəзік жандар. Балдырған жастардың, əлі де 
болса кемелденбеген, піспеген, лепірген романтикалық ойы, олардың 
өмірге терең қарамай, тек сезіммен, қиялмен қарап, өмір ісіне қанығы 
түрде түсінуге өрелері жетпей жатқаны көрінеді.
Абай бір шығармасында:
Қызарып, сұрланып,
Лүпілдеп жүрегі.
Өзгеден ұрланып
Өзді өзі керегі
308
, –
деп бірін-бірі аңсаған жандардың ғашықтығына арналған ойын ай-
тады. Олардың оңашада кездесіп, өзара білдірген ыстық сезімін 
көрсетеді. Осындай кездескен кезде, араларына шырақ жанып, нұр 
құйылған, махаббаттары айқындала түсетін, дəл бір шағын айтпақ 
болған ақын:
Жүрекке құйылып,
Жан рахат бір сəуле, – 
дейді.
Бұлар тұрпайы сезім билеп кездеспейді, нəзік түсінісе білетін таза 
жанды адамдар, бір-бірін барлық жан дүниесі қуатын сарқа ұғысады.
Сыбдырын, тықырын
Көңілмен тыңдасып
309
.
Сөз айтыспай, дем алыстарының өзінен аңғарысады. 
«Шаһбаздыққа қызыққан, болмаса «ақша жүз, алқызыл бет» ғашығым 
деп өлердегісін айтып егілген жігіт те көрінбейді. Олардың табиғи 
қалпына сай өзді-өзі келісіп, еріктерімен табысқан жандар.
308
 Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. – 
Алматы, 1957. І т. 135-б.
309
Сонда.


162
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
«Көзімнің қарасын» алатын болсақ, мұнда жан қия сөйлеп, мəңгі 
ғашықпын деушілік жоқ. Ұнатқан қыздың ерекшелігін аңғартпақ 
болған жігіт:
Тереңдеп қарайсың,
Телміріп тұрмайсың.
Бихабар жүргенсіп
Бек қатты сыйлайсың
310
, –
дейді.
Арадағы адал сертке ақылмен, адамшылықпен келуді қостайды, 
махаббат теңдігін іздейтіндігін сездіреді. Өмірге өкси қарап, сенен 
айрылсам, өле-өлгенше зарлап кеткенім деп жалбарынып та жатқысы 
келмейді, тең көрсең теңмін:
Шын ғашық сый болмас,
Сый болса, сыр болмас.
Арызымды айтайын
Құй болар, құй болмас
311
, –
дейді.
Сөйтіп бұл шығармада ғашықтық сезімнің басқа бір сары-
ны көрінеді. Көзден «ыстық жас» ағызып жүріп, күйігіме күйгізіп, 
махаббатыңды өзіме аударсам місе көру ісіне екі ойлы қарайтын, 
мəселені реалдық түрде түсінгісі келген жігітті көресіз. «Қара көз имек 
қас», «кең маңдай қолаң шаш», «Қыр мұрын қыпша бел» қызға жал-
барынып жатуды бұл жігіт жөн көрмейтін секілді. Екі жаққа бірдей 
теңдік, татулық іздеп, мен «сұңқар, шаһбаз» сендейлер есігімде «жүр 
мұқтаж» деген сөздерді құптамақ емес.
Абайдың сүйіспеншілік ісіне арналған шығармасының бірі 
«Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат». Мұнда Абай əсіресе, татулық, ар, 
ұят мəселелеріне мəн бере сөйлейді. Шын достық пен махаббат – теңдік 
бар жерде, уəдеден шығыспай қалтқысыз сенісіп, өмірге бірдей ортақ 
болысып, жақсылық-жамандыққа бірдей төзіп, көңілге кір сақтаспаған 
жерде ғана болады; су тисе үсті-басты былғайтын «оңғақ бұлдай болсаң, 
не сөзде, не істе пəтуа болмаса, махаббатта, татулық та жоқ» деп түсінеді. 
Əйелін өзімен тең ұстамай жүрген «сасық ми» адамдарды сынға алады. 
Əйелін «сені сүйсе, сен де оны сүй» деп, ерлі-зайыпты адамдардың бір 
міндетін есіне салады. Заманындағы адамдардың əлеуметтік қалпын, та-
рихи жағдайын, түрлі əрекеттерін, қоғамдық ерекшеліктерін, ой-сезімі 
түрлерін, салтын тағы тағыларды ескере келіп:
310


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет