Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет47/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   107
Байланысты:
full

 Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. – 
Алматы, 1957. ІІ т. 142-б.
299
Сонда, 143-б.


156
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Абайдың есек туралы шығармасы Салтыковтың «Бір 
мұжықтың екі генералды қалай асырағандығы туралы əңгіме» де-
ген шығармасымен үндес келген. Екі шығармада да дандайсытқанға 
сүйеніп, өрескелдіктерін асырғандар əшкереленеді. Щедрин 
əңгімесінде жайы баяндалған генералдарда, өз басының құны жоқ, 
тек берілген атақтың дүмпуіне салынып, өзгелерге өктемдік көрсетіп, 
өрескелдік жасап жүрген жандар болып көрсетілген. Генералдардың 
өрескелдіктері адамды теуіп тістеген есектің өрескелдіктерін еске са-
лып тұрады.
Екі генерал ел жоқ, жұрт жоқ бір аралдың үстінде, бір көрпенің 
астында жатқанын бір-ақ біледі. Тек ертегіде боларлық бір ғажайып 
жағдайға тап болады. Үйсіз-күйсіз қалған генералдар ұйқыларынан оя-
нып, қарындары ашып, тамақ іздеуге кіріседі. Оларға бұрынғыдай даяр 
асты алдарына əкеліп қоятын күтушілердің бірі жоқ. Тегін ішіп, тегін 
жеп үйренген шонжарлар енді қатты сынады. Аштан өлмеудің қамына 
кіріседі. Бірі күнбатысқа, бірі күншығысқа бет алып, екі айырыла жүріп 
кетеді. Аштықтан бүгілген генералдарды сықақтаған Щедрин: «Вдруг 
оба генерала взглянули друг на друга: в глазах их светился зловещий 
огонь, зубы стучали, из груди вылетало глухое рычание»
300
, – дейді. 
Генералдар жоғарыда салбырап тұрған алмаларды көреді, бірақ қалай 
алып жеудің амалын білмейді. Генералдар балықты да, шілді де, құрды 
да, қоянды да көреді, бірақ бұлардың ешқайсысын керегіне жарата 
білмейді. Өз беттерімен күн көруге дəрменсіз, тек алдындағыға бапан-
дай арам тамақтар, тұрмысқа жат, өмірден ештеңе өндіре алмайтын 
орашолақ жандар екенін білдіреді. Генералдарды ажуалаған Салтыков: 
«Да, – отвечал другой генерал, – признаться, и я до сих пор думал, что 
булки в том самом виде родятся, как их утром к кофею подают!»
301

– дейді. Генералдардың өрескел түсінігін баяндаған жазушы, олардың 
өзгелер еңбегімен күн көрген, сөйтіп өзіне жайлы өмір орнатқан жан-
дар екенін əдейі ескертеді. Жазушы генералдардың мəнерсіз сөздерін 
мысалға келтіру арқылы олардың өмірге, қоғамға керексіз адамдар 
екенін сықақтай түсіндіреді.
Аралда қалып сасқан генералдар өз беттерімен күн көре ал-
майтындарына əбден түсінеді де, ойлап-ойлап ақырында бір «тама-
ша» ақыл табады, қалайда болса іздеп жүріп, бір мұжық тауып алу 
керек деген қорытынды жасайды. Мұжық осы араның өзінде, сізге 
булка да тауып берер еді, балықтарды да, шілдерді де ұстап берер 
300
 Салтыков-Щедрин М.Е. Эстонское государст. изд., 1951. 5-б.
301
Сонда, 4-б.


157
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
еді деседі. Айтқандары мұң екен, бір мұжыққа кездесе кетеді. Енді 
олар генералдың қоқайноқтысына салып, мұжықты ырқына көндіріп 
алады, бұдан былай оларды мұжық асырайтын болады. Алдына ас, 
үстіне киім салып отырған мұжықтан айырылып қалмауды ойлап, 
зауқатта қашып кетсе, күніміз не болар деп қауіптенген генералдар, 
əуелі мұжықтың өзіне жіп естіріп, сол жіппен оны ағашқа байлап 
қояды. Генералдардың осындай толып жатқан өрескелдіктері айты-
лады, олардың мұжықтың мойнына асылған ауыр жүк – өмірге ма-
сыл адамдар екені түсіндіріледі. Салтыков сатиралық мəні өте зор 
бұл шығармасында генералдардың, не генерал сияқты дандайсыту 
үшін берілген атаққа мастанғандардың, не Абай шығармасында жайы 
баяндалған, үстіндегі алтын жүгіне мастанған есектердің, өз қолынан 
ештеме келмейтін құнсыз құныстардың бет пердесін ашып, қатал 
сынайды. Ондайлардың қадірсіз бояма адамдар екенін сықақтайды, 
зорлықшылықтың уəкілі екендігін айтады.
Келтірілген мысалға қарағанда, Абай да, Салтыков та рес-
ми жағдай дандайсытқандарды сықақ етеді. Бірі есектердің 
өрескелдіктерін көрсе, екіншісі генералдардың өрескелдіктерін 
көреді. Бұлар: белгілі заманның жағдайы туғызған, содырлы сөлекет 
адамдары еді. Есек «Жаббарқұл» атанып, атты теуіп, адамды тістеп, 
бейбастақтық жасаса, генералдығын арқаланып өрескелдік жасаған 
генералдар жазықсыз мұжықты ағашқа таңып қояды. Сөйтіп бұл жер-
де есектер мен генералдар бір-бірінен қалыспайды. Салтыковтың са-
тирасы орыс жағдайында болған арамтамақтарды əшкерелесе, Абай 
қазақ жағдайында болған арамтамақтарды əшкерелейді.
Сөйтіп Абай: екіжүзді болыстарды, намазын дұрыстап оқи алмай 
молдасыған «құржаң-құржаң» еткен «абыралыларды», өсек айтып 
досын досына жамандап жүрген «көжектерді», тымағының құлағы 
салтақ-салтақ «Қу шалбар қулығына болған айғақ» пысықсымақтарды, 
алтын арын саудалап жұрт құтыртқанда, біреу, «қу» деп ат қойса, 
соны мəртебе көретіндерді, «малмен бастың дұшпаны» арыз қор, 
жалақорларды, ресми өмір берген атағынан айырылса, үстіндегі ал-
тыны алынса, қадірі жоқ, өз басы құнсыз есектерді т.т. ащы сөзбен 
жеріне жете əшкерелейді.
* * *
Абай шығармаларынан түрлі кейіпкерлермен танысасыз. Абай 
солардың толық бейнесін берерліктей уақиғаларды түгендеп айтып 
отырмаса да, сөз еткен адамдардың қоғамдық ерекшеліктерін аз 


158
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
сөзбен айқын көрсетеді. Заманының адамдары жайын жетік түсінген 
Абай ел ішіндегі істес, мінездес жандардың ерекшеліктеріне көп 
үңілген: ауыл арасының қарапайым адамдарды, адамды парасатқа 
қарай бағалап үйренбеген жеңіл ойлы жанды еркіне берік өр қыз, 
«салақ, олақ, керім-кербездер», тағы тағыларды көресіз.
Ақынның бір шығармасында хан қолында тұрып, байлық пен 
атаққа қолы жете тұра, бірақ ар-намысына күйіп, адамшылығын 
аттамаған, теңдік іздеген, махаббатын саудаламаған, бостандық, 
еркіндік үшін құрбан болған, трагедияға ұшырап, арманына жете ал-
май, өмірі өкініште өткен қыз жайы айтылады. Шығармада Абай адам 
баласына керекті-ау деген бір қасиетті əдейі ескертпек. Əділдік үшін 
жан қиған мұндай жанның қайғылы уақиғасы ақынды тебіренткендей. 
Арманы үшін аянбай қарыса білген, өзгелердің зорлығына жасып, ізгі 
ниетінен қайтпаған қажырлы жанның лажсыздыққа ұшырағаны сөз 
болады. Ерлікке, еркіндікке, адамшылыққа үндеген бұл шығарманың 
ар саудалағандарды аластап, заманының əділ жанды адамдарының 
ізгі ойын оятуға арналғаны байқалады. Басына күн түссе, күнін 
күйттеп, жасып-жабығып, қолжаулыққа айналып кететін пасық жан 
емес, асыл жанның ісін тамашалаған ақын:
Етімді шал сипаған құрт жесін деп,
Жартастан қыз құлапты терең суға
302
, –
дейді.
Абай əйелдер туралы көптеген терең мағыналы пікірлер айта-
ды. Оларды толқынды ой, нəзік сезім, əділдік, қайраттылық үлгісі 
ретінде суреттейді, жақсы ниетін аямайды, сонымен қатар кейбір 
əйелдердің ұнамсыз əдеттерін көріп қынжылады да, мұндайда ащы сөз 
қолданып, оларды өнегесіздіктен, жағымсыз мінездерден тыймақ бола-
ды. Сəнділікке салынып, сыланып-сипалануды ұнатқан, кейбір «ақша 
жүз, алқызыл бет, үлбіреген тамағын кір шалмайтын» шырайым бар-
да қызметіңді кім атқармас деп, олақ ойды місе тұтқан, тек сұлулығын 
бетіне ұстап, соны ғана мəртебе көретін, ақыл, сана, сезім, адамшылығын 
өсіруге наразы, орашолақ, сезімі есеймеген, қарапайым өмірдің торы-
на шырмалған: моральдық, адамдық қасиетін жарыққа шығара алмай 
қор болған, сұрықсыз тұрмыс туғызған жандарды көресіз: олар – топас 
өмірдің құрбаны болған, өмірі өксігендер болып көзге түседі.
«Қиыстырып мақтайсызда» таңданғанын тап баспақ «тап бер-
геннен таймайтын, ақылына сөзі сай, теңі кездессе» қайтып басты 
302


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет