Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет57/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   107
Байланысты:
full

 Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. – 
Алматы, 1957. І т. 129-б.


178
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
интонациялық жағы əлсірер еді. Сондықтан ақын тармақтардың бунақ 
буындарының бірдей келуін үнемі құнттап отыру бұзылмайтын ереже 
деп түсінбеген. Өзінің жаңашыл (новатор) ақын екендігін көрсетіп, 
өлең шумағының жаңа түрін жасайды, не келте, не созылыңқырап, 
не баяулау, əйтеуір түрліше жақсы естілетін ырғақтар жасап, өлеңнің 
интонациялық жағына назар салады.
Сөйтіп Абай қазақ тілінде өлең жазудың түрлерін көбейтіп, 
үнділігін, көркемдігін асырып, өлеңнің құрылысын оңдап, шығармаға 
неше алуан ритмдік қасиет бере білумен бірге, шығармаларының зор 
маңызын музыка тілі арқылы да халыққа түсіндірді.
Абай қазақ поэзиясына елеулі жаңалықтар кіргізді; халық 
ақындығына өз ақындығын қосып, тамаша шығармалар жаз-
ды; өзінің күрделі ой терең сезімін бұқараның игілігіне жұмсады; 
əлеуметшіл, жаңашыл ақын екенін танытты. Ақын шумақ, тармақ, 
бунақ, ұйқастардың құрылысын ретке келтіру жөнінде зор еңбек 
сіңірді; неше алуан ақындық тəсілдер қолданып, өлеңнің ырғақтық, 
декламациялық қасиетін арттырды, əсерлі, татымды, талғамды, терең 
мағыналы көркем шығармалар үлгісін жасады; шығармаларына сай 
əндер шығарды. Қазақ тілінің шебері Абай өзінен бұрынғы поэзиядан 
пайдалана білді, тіл ұстарту ісіне айрықша назар салды; ойына сай 
өлеңдер түрін жасап, қазақ тілінің қасиетін көтерді, қазақ поэзиясын 
өсірді, өркендетті, тілді ұстартты, түзетті.
* * *
Абай халықтың құтын қашырғандар көбейіп, ерлік, бірлік кеміп, 
закүншіліктер, мансапқор, шенқұмарлар, пысықтар өрекпіп билік ет-
кен кезді көрді. Бұқараның қалғып-мүлгіп, келешегін ойлауды жөнді 
білмей, дүниеден мақрұм қалып жүргендер Абайдың ақындық халін 
өте ауырлатқан-тын. Халық басына мұң түскен ол заман Абайды 
қынжылтты.
Халық қамын ойлаған ақындар, береке, елдік іздеген азаматтар 
– халықтың жылы денесін мұздатқан аяздың үдей бастағанын көре 
бастайды. Лажсыздықта жүрген елге игілік іздеу, еркіншілікті аңсау, 
келешек үшін, азаптан құтылу үшін не істеу керек? Халыққа дұрыс 
жол табу – ұлы арман болып есептеледі.
Елдікті, ерлікті арман еткен Абай берекеңнен айырылсаң 
келешегің не болмақ, қайда бет бұрмақсың? Халықтың халі не болмақ 
деген сұрақтар қояды.


179
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Кетті бірлік,
Сəнді ерлік
Енді кімге беттемек?
331

дейді.
Заманның ауыр жағдайы Абай ойларына, сезіміне өзінің 
таңбасын салған. Зор тілек, зор қайраттың ақыны Абай қараңғылығы 
мол, зəлімдігі, əділетсіздігі, зорлығы көп тар заман ұсқынын көреді. 
«Бұларды жөндеймін деуге, жөнделер, үйренер деген үмітім де жоқ» 
деп, ақылына көнбегендерге назаланып, күйінеді: «Мен өзім тірі бол-
сам да, анық тірі де емеспін, əншейін осылардың ызасынан ба? Өзіме 
өзім ыза болғаннан ба? Яки бөтен бір себептен бе? Еш білмеймін, 
сыртым сау болса да ішім өліп қалыпты»
332
дейді. Ақынның ұлы 
тілегі, оптимистік ойларына кейде сұрықсыз өмірдің керексіз кірі 
жұққандығын көреміз. Əйтсе де Абайдың күдікті, мұңды ойлары, 
оның ақындық тұлғасын жасамайды. Оның уайымы: «уайым ер 
қорғаны» деген ретте айтылған, əлдеқандай сезім ұшқындары сияқты.
Абай жыланша еңбектеп жүріп, мансапқа, атаққа жеткендерді 
сынайды. Қыранша қырағылықпен, қайратпен, мəртебеге жеткен-
дер болады. «Биік мансап – биік жартас, ерінбей еңбектеп жылан да 
шығады, екпіндеп ұшып қыран да шығады»
333
– жылан мен қыранның 
жолдары, ісі бір емес деп түсінді.
Ол қыран мен жыланды сөз еткенде, əсіресе, ерлік мəселесіне 
айрықша мəн береді. Білім ал, шенділерге еліктеме, халыққа адал 
қызмет қыл, қайратың қазіргі тап өмірді өзгерту ісіне арналсын, 
«үкімет, зорлық, құрысын» деп күреске шақырған терең ойларын 
ескертіп, ерлікке шақырды.
Ерлік ісін мадақтаған Дулат та «көк еркесі» қыран бол, 
жорғалаған жылан болма?! Есеге, ерлік, қырандық жеткізеді деп 
те түсінді. Зымияндыққа салып, тек күнкөрісіне мəз болғандарды 
еңбектеген жылан деп біледі.
Мекен қып құздың қиясын,
Бұлтқа салған ұясын,
Айнадай көрген аймағын,
Түйінін шешкен айланың.
331


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет