Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет55/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   107
Байланысты:
full

 Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. – 
Алматы, 1957. ІІ т. 69-б.


174
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
бұрын бар үлгіге салып жаза, көп шығармаларын өзі ойлап тапқан 
шумақтар үлгісіне салып жазды. Бұрынғы қазақ ақындарының өлең 
жазу тəсілдерінен жақсы пайдалана отырып, өзі де көптеген ақындық 
тəсілдер тапты. Сөйтіп қазақ тілінде өлең жазудың өрісін ұзартып, 
келешегін молайту ісіне жол ашты. Түр үшін түр іздеп ақындық 
құрмақ болғандарға қосылмаған Абай: дана бол, күрделі ой, сезім 
тап, ойына қарай қисын, ұйқас ізде, ұйқасқа қарай ой іздеме. Өлең 
жазу үшін даналық керек деді. Ой таппасаң, терең сезім таппасаң, 
шынды айтпасаң, тапқан түрің түссіз болғаны деп түсіндірді.
Абай шығармаларының музыкалық, интонациялық қасиеттерін 
түсіне білу, əрине, игілікті іс. Оның шығармаларында білдірілген ой, 
сезім түрлерін аңғарып, шығармалардың ішкі сырын ұғу талабын жа-
сап, Абай айтқандарының қай жаққа жол сілтеп, неге бастайтынын 
байымдау, Абай қолданған ақындық тəсілдер туралы дəлді түсінік 
болу, əрине, өте керек. Абай шығармаларының өзгешеліктеріне көз 
салсақ, ол шығармалардың ойды тереңдетіп, көркем сезімді өсіру 
жөніндегі маңызы өте зор. Əсіресе қазақ тілінде өлең жазған ақындар 
үшін Абай жазғандарының ғибратты жақтары көп. Абай қазақ тілінде 
сезім, ой толқындарын сөзбен қалай сыртқа шығарудың тəсілдеріне 
үйретті, ойын сөз арқылы білдіруге шебер екенін танытты, сонымен 
бірге қазақ поэзиясының құнын асырды, қазақ тілінде терең сезімді 
айтып бере алғандығын көрсетті, көркемдігі мол қазақ прозасының 
өрісін кеңейте түскендей өнер көрсетті. Əсіресе жетпей жатқан 
бұрын айтылған ақындық ойды өресіне жеткізе айта білді, қалпына 
толық келіп үлгірмеген шумақ, ырғақ түрлеріне дəлділік, айқындық 
бере білді, сөйтіп қазақ поэзиясына зор үлес қосты.
Абай, əсіресе, тіл мен сөзге айрықша мəн береді:
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас.
Білгенге маржан,
Білмеске арзан,
Надандар баһра ала алмас
326
, –
деп жазды.
Тіл қадірін көтеріп, оның зор қасиетіне түсінбей жүрген «надан-
дар», ол тілден үлгі, ғибрат, «баһра» ала алмайды, ол тілді қолдана 
алмайды, сөз өрнегін сала алмайды, ойын да, сезімін де дұрыстап 
326
 Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. – 
Алматы, 1957. І т. 115-б.


175
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
білдіре алмайды, ондайларға қазақ тілі «маржан» болып көрінбей, бір 
«арзан» нəрсе болып көрінеді деп түсінеді. Қазақ тілінің көркемдігін, 
қадірін асыруды қашан да есінен шығармаған Абай: əсерлі сөз, жақсы 
тіл табу ісіне айрықша назар салады. Күрделі ой тауып барып, соған 
сай ұйқас интонация іздейді, ырғаққа бай шығармалар жазады.
Абай шығармаларының ырғағы, ескі өлеңдер ырғағынан басқаша 
келіп отырады.
Қара таудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Ағайыннан айрылған жаман екен,
Қара көзден мөлтілдеп жас келеді, –
деп оқыңыз да,
Ем таба алмай,
От жалындай,
Толды қайғы кеудеге.
Сырласа алмай,
Сөз аша алмай
Бендеге
327
, –
деп оқыңыз. Бұл өлеңдердің шумақтық, ырғақтық өзгешеліктерінен 
басқа интонациялық айырмасын көру қиын емес. Екі өлеңнің ин-
тонациясы екі басқа екені айқын сезіліп тұр. Абайдың бұл өлеңінің 
ырғағын тауып оқымасаңыз, шығарманың мазмұнын да əлсірету 
ғажап емес. Сондықтан Абай шығармаларының мазмұны, шумағы, 
ырғағы ерекшеліктерімен бірге, оның интонациялық қасиеттерімен 
есептесу шарт. Интонациясына түсініп, ырғағына келтіріп оқыған 
Абай шығармаларының əсерлілігі аса түсетіндігін ескерген жөн. 
Шығармаларына лайық интонация табу Абайдың ақындық өнерінің, 
бұл да бір елеулі жағы. Абайдың түрлі шығармаларының əртүрлі да-
уыс екпіндерін керексітіп тұратындығы ақынның жалықтырмайтын 
жақсы интонация табу талабына байланысты келеді. Абай 
шығармаларының ритмдік қасиеттерін арттырумен бірге оның 
интонациялық қасиеттерін де артырып отырған.
Ел қағынды,
Мал сабылды,
Ұрлық, өтірік гудегу.
Байы баспақ,
Биі саспақ,
Əулекі аспақ сыпыра қу
328
, –
327


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет