Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет58/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   107
 Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. – 
Алматы, 1957. І т. 114-б.
332
 Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының толық жинағы. – Алматы, 
1948. 329-б.
333
 Сонда, 368-б.


180
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Жерге қонбай ұша алмай,
Көк еркесі қыран да.
Түсі суық, у тілі,
Қарға адым жер, боп мұңы
Өнімдеп жалап топырақ,
Бұта көрсе тоқырап,
Қыс болса, қатып, сіресіп,
Жаз өмірмен күресіп,
Аяғы жоқ еңбектеп
Күн етіп жүр жылан да
334
, –
дейді. Қыран мен жыланды салыстыра келіп, у тілді еңбектеген жы-
ландай жандардан түңілтіп, қыранды, ерлікті айрықша бағалап, «көк 
еркесі» қырандай болуды арман етеді.
Дулат, Абай ерлік ісіне шақырса, жылан мен қыран ісіне мəн 
бере сөйлесе, қыран мен жылан мəселесін М.Горькийдің де сөз еткені 
мəлім.
«Сұңқар жыры» атты шығармасында Горький Қырымның қарт 
шабанымен қалай əңгімелескенін айтады. Тастың жарығына тығылып, 
сыз жерге жатып күн көріп үйренген, сол өмірін місе көрген жылан, 
бір күн шоқтай боп иіріліп жатып, жоғарыдан дарияға көз жібереді. 
Сол сəтте жыланның дəл қасына қанаты қан-қан болып, төсі қатты 
жараланған сұңқар аспаннан құлап түседі.
Жылан сұңқардың жанына келіп: «Немене өлгенің ғой» деп 
сұрайды. Сұңқар тынысын тарылта бір дем алып: «Өлгелі жатыр-
мын, дүниенің қызығын көрдім. Бақыттың не екенін білдім. Ұрыста 
ерлік көрсеттім... Мен аспанды көрдім... Сен аспанға жақын бара 
алмайсың, оны көре алмайсың. Сен бишарасың!» деп бақытты май-
даннан, ерліктен іздегенін айтады.
Сұңқардың аспанда көрсеткен ерлігін сонша мадақтап айтқан 
сөздері жыланды ойландырады. Оның аспанды арман еткеніне 
қарағанда, тегі онда жақсы шығар деп ойлайды. Сүйретіліп жорғалау 
үшін жаралғандардың аспанға көтеріле алмайтындығы есінен 
шығып, мен де бақытымды сынайыншы деп, аспанға көтерілмек бо-
лады, бірақ шоршып қайта құлайды, сұңқардың айтқандарына енді 
сенбейтіндігін білдіріп, үйренген сыз тастың арасында күнелтіп жүре 
беруін мақұл көреді. Сұңқардың ісін ессіздік деп түсінеді. Жыланның 
ісін сынап, оның күн көрісінен түңілтпек болып, ерлікпен қаза тапқан 
қыран ісін мадақтаған Горький: «Безумству храбрых поем мы славу! 
334
ТƏИ архивы. Дулат Бабатайұлы шығармалары. 130-131-бб.


181
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Безумство храбрых – вот мудрость жизни! О смелый Сокол! В бою 
с врагами истек ты кровью... Но будет время – и капли крови твоей 
горячей, как искры, вспыхнут во мраке жизни и много смелых сер-
дец зажгут безумной жаждой свободы, света! Пускай ты умер!.. Но в 
песне смелых и сильных духом всегда ты будешь живым примером, 
призывом гордым к свободе, к свету! Безумству храбрых поем мы 
песню»
335
, – дейді.
Абай халықтың жақсы тұрмысқа жетуін аңсады. Өмірдің 
жағымсыз жақтарын аямай сынап, бұқараға ақыл айтып, дұрыс жол 
сілтемек болды. Күйкі өмірдің күңгірт жағын көруге шебер қырағы 
ақын өмір қиыншылығы басынан асып, кейде мұңайды да. Берекесіз 
жағдайдың түпсіз тереңге айналып, ұшығына жеткізбей созылып бара 
жатқаны ақынның ойына күдіктер туғызса да, Абай жарық күннің 
келуін күтіп, ерліктен, келешектен зор үміт күтеді. Дүние өзгермек 
деп түсінді, қиыншылықтан шошынып, жасып, күрестен ерліктен 
бас тартуды шегіншектік, қайратсыздық деп түсінді. «Жамандықты 
кім көрмейді. Үміт үзбек қайратсыздық, дүниеде еш нəрседе баян 
жоқ екені рас: жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің? Қары 
қалың қатты қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жақсы жаз 
келмеуші ме еді»
336
. Ауыр күндер үнемі созыла бермес «үміт үзбек» 
қайратсыздық деп білді. Ерлікке, оптимистикке шақырды, ауыр 
өмірдің, жамандықтың баяндап қалмайтынын ескертеді. Ақын догма-
тизмге, фанатизмге қарсы келіп, өмірдің өзгеретіндігіне сеніп, дүние 
құбылыстарына тарихи көзқараспен келе білгендігін аңғартады, 
ғибратты терең пікірлер айтты.
Абай оқыса, білсе, үйренсе, сауатын ашса, тек соның өзімен 
ғана халықтың қолын есеге жеткізуге болады, жарық дүние 
көреміз деп, басқа тілек қоймаған ақынға ұқсамайды. Зорлық жа-
сап отырғандардан құтылмай, ұлы қайрат көрсетіп қарсыласпай, 
тек ағартушылық жұмысы арқылы теңдікке, бостандыққа жетіп, ер 
еркіндейді деп отырған Абайды көру қиын. Ұятың мен арың оянсын, 
ерлігің, намысың күшейсін, халықтың қамы үшін, ерлікті, елдікті 
алып, күйзелтіп отырғандармен, аямаған үкіметпен күресе біл демек. 
Өмір өзгерісін тек хат-қара танушылық жұмысымен болудан ғана 
күтпей, əлеуметтік системаның тікелей өзгеруінен де күтті. Өзгеріске 
ерлік арқылы, халық тəуелділігін жойып отырғандарды аластату 
арқылы жетесің деп түсінгендікті көресіз.
335


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет