176
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
деген
шумақты оқып көріңіз, шығармаға лайықты интонация қара
өлең, қайым өлеңге керекті интонацияға еш келмейді, шығарманың
тек өзіне лайық бір алуан интонация сезіледі.
Абай шығармаларының ырғақтық, интонациялық ерекшелік-
теріне қарай декламациялық қасиеті де арта түседі. Бір шумақтан
кездесетін «толды қайғы кеудеге» деген тармақта екі бунақ бол-
са, оған ұйқасқан «пендеге» деген тармақта үш-ақ буын бар. 1, 2, 4,
5-ші тармақтар ұйқас
жақтарынан бірдей болғанмен, өзара ұйқасқан
3-ші, 6-шы тармақтарда біркелкілік жоқ. Ақынның шумаққа осын-
дай құрылыс беруі шығарманың декламациялық қасиетін асырып
тұрғаны сезіледі. Бұл шығарма декламациялық мəн бере оқуды
тілейді. Бұған қарағанда Абай шығармаларын тек іштей оқу емес,
ол шығармаларды үндеп оқығанда құлаққа қалай естілетіндігімен,
əрбір сөздердің үні қалай əсер ететіндігімен де есептескен көрінеді.
Абайдың мұндай шығармаларының əр сөзінің керекті үнін та-
уып, олардың декламациялық ерекшеліктеріне назар сала оқу жөн,
өйтпеген күнде шығарма сөздері əсерсіз
солғын сөздер болып қалуы
мүмкін. Абай, əсіресе, осындай шығармаларында, эпитет, теңеу
сияқтыларды көп қолданбайды, ақын, көбінесе, əр сөздің естілу,
декламациялық жақтарына айрықша мəн берген.
Шын жүрек – бір жүрек,
Қайта толқып,
Жолдан қорқып,
Айнымас,
Шегінісіп,
Қайтпас
Өлсе бір сөзбен, не керек
329
, –
деп жазады Абай. Бұл шумақтың əр тармағы,
бунағы сөздеріне
лайықты үн бар. Өлеңнің түрліше келгені ішкі құрылысы, шығарманың
декламациялық жағын да өзгертіп тұр. Бұл шумақтың декламациялық
ерекшелігімен есептесек, басқа ақындар шығармаларының ырғағына
салып оқу былай тұрсын, ол шумақты ақынның өзі жазған өзге
шығармаларының
ырғағына салып оқудың өзі қиын, сондықтан
бұл шумақтың өзіне арнаулы декламациялық ерекшелігі бар. Ал
Абай шығармаларынан өзіне арнаулы декламациялық өзгешелігі
бар шумақтарды аз кездестіреміз. Сөйтіп Абай қазақ поэзиясы-
на декламациялық үндер де қосқан ақын екендігін көрсетеді. Абай
қазақ өлеңінің үнділігін арттыру, өркендету жөнінде де күрделі еңбек
сіңірген.
329
Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының толық жинағы. – Алматы,
1948. 81-б.
177
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Абай жазғандарына лайықты əндер де шығарды. Сөздерінің
мəнін: ырғақтық,
интонациялық, декламациялық ерекшеліктерімен
бір түсіндірмек болса, əн арқылы да ойын, сезімін аңғартуды ескертеді.
Ақынның əндеріне сай, шумақтық, ырғақтық, ұйқастық өзгешеліктері
əрқилы болып келген. «Көзімнің қарасы», «Алыстан сермеп», «Қор
болды жаным», «Бойы бұлғаң» сияқты шығармалардың ырғақтары
да, əндері да бөлек-бөлек. Бұл шығармалар: əнмен айтуға да,
жай да-
уыс толқынына салып оқуға да қолайлы болып жазылған, олардың
əрқайсысына керекті əндік қасиеті сезіледі. Абай əуен, əн шығарып,
соған арнап шығарма жазсын, не əндеріне арнап өлең жазсын, қалайда
өлеңнің ырғағын жақсы келтіріп əнге қолайлы болуын да ескере оты-
рады. Сондықтан ақынның көптеген шығармалары əнге де, жай оқып
өтуге де ыңғайлы болып тұрады.
Абай
шығармаларының шумақ, ырғақ, интонация, əндік
өзгешеліктері, сол кездегі қазақ өмірі мен əдебиеті жəне ақынның
өмірді қалай түсінуі, тұрмыстың толқынына батып «толғауы тоқсан
қызыл тіл» іздеуі сияқты зор талаптарына байланысты келген. Зама-
ны туғызған Абай шығармасының бір шумағын алайық:
Жазу жаздық,
Хат таныдық,
Болдық азат молдадан.
Шала оқудан
Не жарыдық,
Қалғаннан соң құр надан.
Бағасыз жастық,
Боз бастық,
Адастық
330
.
Шумақтың тармақтары біркелкі емес, ұзынды, қысқалы
«Адастық», «болдық азат молдадан» деген тармақтар əр түрлі да-
уыс екпініне арналған. «Адастық» деген бір сөз бір тармақтың ор-
нын алып тұр жəне сол сөзге интонациялық салмақ көбірек түсіп
тұрғандығы сезіледі.
Молдадан оқып жарымай, ақырында «адастық»
деген ой аңғартылып, шумақта айтылған ойдың салмағы да, əсіресе,
«адастық» деген сөзге түскені байқалады, сол сөзге екпін (интонация)
берілген жəне сол бір сөздің өзі бірнеше сөздерден құралған тармаққа
(«Болдық азат молдадан» не «Қалғаннан соң құр надан») төтеп беріп
тұр. Тармақтардың біркелкілігі ескерілсе, қысқа тармақтарға тағы да
сөздер қосылса, онда шығарма мағына
жағынан онша ұтпай ырғақтық,
330
Достарыңызбен бөлісу: