201
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Жад етіп, һəр
уақыт жазам ғазал,
Дертімді іште жатқан қозғалдырып.
Һер кімдер оқып, ғибрат алмақ үшін
Кетемін жүрген жерге сөз қалдырып
373
, –
деп жырлаған Нұржан Наушабаев қазақ əдебиетіне «Манзумат қазақия»
(1903), «Жұмбақ», «Нұржан мен Сапарғалидың жұмбақ айтысы» (1903)
деген кітаптарымен мəлім. Ол мұсылманша оқығандығын еске алып,
«ғылымның дариясынан іштім қанып» десе де, шынында ғылым-білім
үйренерлік ғалым алдын көрмеген. Бұл арада Нұржан Құран, Мұқтасар
сияқты кітаптарды тамамдағанын айтқан болар. Оның:
Ұйқыңды аш, оян, Нұржан, көтер басың,
Ғафыл
боп мұнша өзіңе барма қасың
374
, –
деген сөздерінен сана-сезімі көп уақыт көмескіленгендігі байқалады.
Қазақ ССР Ғылым академиясының архивы мағлұматтары жəне
Н.Наушабаевты білетін таныстары, жерлестері, əйелі Бибізараның
айтуынша, Нұржан 63-те қайтыс болған, оның туып-өскен жері –
Қостанай қаласының маңы, руы – Қыпшақ. Заманының сауықшыл сері
ақыны Нұржан қасына жыршылар, ақындар,
домбырашылар жинай-
ды, талай өнерпаздармен қадірлес болады, кəрі құлақ даналар, шешен-
дер сөзін құмарта тыңдайды. Файзолла Сатыбалдыұлының айтуынша:
«Жазы-қысы Нұржанның думаны тарқамайтын кісі. Ойын-сауық соның
үйінде болатын. Ержан, Есмағамбет, Күліке, Дегембай, Жүніс сияқты
ақындары мен нөкерлері қасынан тараған емес»
375
.
Наушабаев өмірінің
осындай бір кезі оның шығармасынан да аңғарылғандай.
Жігіт болдық бір кезде,
Бар қызықты қолға ұстап.
Бедеу мініп бүгілтіп,
Жал құйрығын сүзілтіп...
Неше буын əн шырқап,
Сайрады ғой тіл деген
376
.
Н.Наушабаевтың шығармаларын қолжазба күйінде тапсырғандар
ішінде: Сегізбай Тұрғанбаев, Доскей Жасақұлы, Ахмет, Бүркітбай,
Қали ақын, Нұржанның тəрбиесінде болған немере ағасының қызы
Зурə, тағысын тағылар бар. Қолжазбалардан «Бозаман» (бітпеген
дастан), «Тойбастар», «Жігіттің 13 түрі», «Нұржан мен Сырғаның
373
Достарыңызбен бөлісу: