Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет65/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   107
Байланысты:
full

Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. – 
Алматы, 1957. ІІ т. 22-б.
362
 Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының толық жинағы. – Алматы, 
1948. 25-б.
363
 Сонда, 88-б.


195
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
жайланған соң, Абайға келіп едім: «Өлең Көкшенің басынан асайын 
деген ғой», – деді. Мен: «Асса, баста мен қалап алған нəрсе емес еді, 
енді өзіңіз ретін тауып қайта алыңыз», – деп қалжыңдадым. Сөйтсе, 
сол күні «Жазды күні шілде болғанданы» жазған екен. Оқып берді»
364

– дейді.
Жазды күн шілде болғанда,
Көкорай шалғын бəйшешек.
Ұзарып өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда...
Қыз-келіншек үй тігер
Бұрала басып былқылдап,
Ақ білегін сыбанып
Əзілдесіп сылқылдап
365
, –
деген жолдар бір ауыл емес, сол кездегі сан ауылдың ерекшеліктерін 
көрсетеді. Шығарма, əсіресе, өзінің халықтық белгілерімен көзге 
түседі. Қазақ өмірін терең түсінген ақын жазғандығын аңғартады.
Кейде өзін-өзі сынай отыратын Абай «мінім жоқ», – деп даңқын 
асырудан қашады, өз пендешілігін өзі көргісі келеді. Жұрт ісімнің 
бəрін мақұлдап, айтқаныма шұлғып тұрса деп орынсыз асқақтық 
білдірмейді.
Қайтып қызық көремін,
Əуре-сарсаң күнімнен?
Қайырылып қарап байқасам,
Ат шаба алмас мінімнен
366
.
Абай ұлғайған кезінің өзінде, ел ісіне тікелей араласудан 
тоқырап қалмады, қол қусырып жатпады. Оразбай сияқты адуындар 
былай да жабығып жүрген жұртты жүдетіп жіберуін жақсы түсінген 
Абай беделін бетке ұстап, бұқараның қамы үшін басын аямай, 
жуандардың қолына жұртты бермей, талаптың бір жағына өзі жүруді 
де ойлайды. Жұрт тыныштығы үшін Абай 1890 жылдары ашылған 
топ кезінде бір қауіпті істі лажсыз өзі көтерді. Ежелден келе жатқан 
ескі егес, кекшілдік, күншілдік, арызшылдық асқындап тұрады. Егес-
ке түсушілердің бір жағына мұрындық болып, Абайды мұқатпақ 
364
ҚазССР ҒА архивы, п. 599. 34-б.
365
 Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. – 
Алматы, 1957. І т. 49-б.
366
 Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының толық жинағы. – Алматы, 
1948. 130-б.


196
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
болғандардың бірі – Оразбай өшпенділігін күшейте түседі, ретін тау-
ып Абайға соқтықпақ. Ол Абайдың інісі Оспанның оны арба артына 
байлап қорлағаны үшін де Абайды күйдірмек. 
Абай жəбірленгендерге ара түсіп, зорлықшылардың жолына 
бөгет болады. Кейбір Құнанбай туыстарының дөрекі істеріне де Абай-
ды кінəлап, олар Абайды арқаланып бейбастақтықтарын асырды деп 
те кіжінушілер аз болмаған. Құнанбайлардың Жігітектермен көптен 
келе жатқан араздықтары бар, сондықтан ол жақтан қолайлы адамдар 
тауып, өз тобына қосып та күшті молайта түсу керек. Оразбай, міне, 
осыларды түгел есепке алады. Абайды ақсатар кез іздейді. Оразбай-
лар Абайдың топқа келуін аңдиды, олардың ойлап тапқаны: Абайға 
таңба салу. Абайға қастандық етуге əдейі жіберілген адамдардың ісі 
жөнінде Тұрағұл: «Əкеме таңба түспей қалыпты, – бұл қорғап қалған 
кісі Сопының інісі Аппас, бірақ таяқ тиді не, тимеді не, əйтеуір Абай-
ды ұрды деген атын көтеріп, мұратына жетеді»
367
, – дегенді айтады.
Керей, Найман ішінен де Оразбайдың кінəлі ісін алдына 
келтіреміз, өрескелдікке жол бермейміз дегендер болады. Абай 
қазақтың, Орта жүздің Абайы еді. Оразбайдай əулекіленген, баста-
рына желін қап киген тобықтыларды жөнге саламыз. Абайдың сағын 
сындырып, сүйекке таңба салмақ болған іс кешілмейді, – деген сөздер 
тарап кетеді. Оразбайды шауып алмақ болғандар да аз болмайды. 
Оразбайды жұртқа тентек қылып көрсеткен осынау сөздер Серікбай, 
Бегеш тағы көптеген билерді Абай алдына алып келеді, сол кездің бір 
салты бойынша билік айтып Оразбайға айып кеседі.
Əріп ақынның Абайдан арасын үзген кезі. Базаралыны айдатып 
жібергенін сөз еткен Əріп Құнанбайлар өз ағайынына зəбірлік етті 
деген. 1898 жылдан 1913 жылға дейін пəлен рет басылып шыққан 
«Біржан–Сара» нұсқаларына жəне онда кездесетін уақиға мен сөздер 
ыңғайына, кісі аттарына, архив мағлұматтарына қарағанда да, əсіресе 
«Зайсан нұсқасына» қарағанда айтыс кездесе кеткен екі ақынның 
импровизаторлық өнеріне сай, сол күйінде қолма қол пайда болған деу 
қиын. Айтыстың алдына кіріспе ретінде арнайы айтылған сөздерді, 
сол шығарманың стильдік өзгешеліктерін аңғартып тұратындығы еске 
алынса, айтысты ойдан шығарып, бір ізге салып, қалыпқа келтірген 
шығарманың кіріспе сөзін жазған ақын екені күмəндардырмайды.
Біржан мен Сараның аузынан шықпаған, уақиғаға қатысқан басқа 
адамдар айтқан сөздер, шығарманың композициялық құрылысы 
да, екі ақынның əдейі кездесіп сөз таластыратын дəстүрлі айтысы-
367


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет