Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет70/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   107
 Наушабаев Н. Нұржан мен Сапарғалидың айтысы. – Қазан, 1903. 4-б.
391
 Наушабаев Н. Манзумат қазақия. – Қазан, 1903. 5-б.


206
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Н.Наушабаев діни түсініктеріне орай топшылаулар жасаса, оған 
өмірдің шындығы қайшы келіп, ондайда ақынның ойы тоқсан толқып 
жүйеге келмей, бір айтқаны екіншісіне үйлеспей жатады. Ол бір сөзінде:
Əуелде Лаухулмахфуз тақтасына,
Бұзылып өзгерілмес болған тағдыр
392
, –
дейді.
Билік алладан, тағдырдан болса, көнбеске көніп, талассыз, талап-
сыз жүре беру жөн болса, жамандық та алланың ісі болып, онда əділ 
тəңірінің өзі кім екендігін жете түсінбегендікті білдіреді. Сөйте тұра 
алла мен тағдырға сену талап пенен өмір шындығына сай келмейтінін 
де ескертеді.
Шарт жұмып, екі көзді жүргенменен
Көрінер қалайша адамдығы
393
, –
деп жазмышқа ден қойып, өмірдің тартысынан сырт қалып, қорлықта 
қалуды қостамайды, «жасалған зеңбірек болса да» қашпа, жұрт мұңын 
жоқтап, əділдік жолында қайрат ет.
Ер жігіт жалтақтамас жоқ болса да,
Сескенбес жанып тұрған шоқ болса да
394
.
Осылайша дұшпанға қарсы қайыспай ерлік ету керек деп те 
үгіттейді.
Догматикалық түсініктің шынды айтуға кесел келтіретіндігін 
сезген Н.Наушабаев əділетсіз өмірдің кінəлі жағына көз салады. 
Тұрпайы тұрмысына масаттанған, дүниеқор, надандығы асса да, 
«қалтам қалың болсынды» ойлаумен күн кешкен байларды ащы 
сөзбен аластайды:
Е, ғажап?! Кейбір дəулет насқа бітер,
Рақымсыз жібімейтін тасқа бітер...
Бір тиынды иманынан жақсы көріп,
Тұтамдап құйрығынан ұстап өтер
395
.
«Бұл күнде сөз өтірік, дұрыс тілек өрге аспайды, зорлыққа, 
бұзықтыққа жол ашық, тілмен айтып, қол менен тізіп болар емес, 
жігіттің не гүлдері жүр қорлықта, заманда түзіктік жоқ» деген 
қорытынды да жасайды.
Н.Наушабаев парақор қатал əкімдерді сынайды. Олардың елді 
езу үшін қойылған, өзінен жоғары ұлықтарды арқаланып, іс жүргізуге 
тақыстанған əкімдігін саудалағандар екенін көреді.
392
 Наушабаев Н. Манзумат қазақия. – Қазан, 1903. 5-б.
393
Сонда, 5-6-бб.
394
Сонда, 5-б.
395
Сонда.


207
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Не керек нəсілсізден қойған хакім,
Рақымсыз болар қатты қара тастан.
Сатады хакімдігін бес тиынға
Құнсыздық не болады мұнан асқан
396
.
Береке-бірлік бекісін, қастасу қалсын, пайдалы іске жол ашыл-
сын, əлді, əлсізді шеттетпесін, жұрт қамын ойлайық:
Жақсы емес адамшылық білгізбесе,
Қамын жеп жұртқа пайда тигізбесе
397
, –
дейді.
«Заманның қалпына айтылған сөздер» деген шығармасында 
Н.Наушабаев əлеуметтік наразылығын арттыра түседі. Заманның 
қалың бұқараға масыл болып тұрғанын көпке түсіндірмек. Адал арман 
қақас қалып, іске, еңбекке, адамшылыққа, адалдыққа қарай қоғамнан 
лайықты орын тимегендікті, ізгі талапқа сай келмеген заманның 
шатағынан ауыр тұрмысқа ұшырағандықты көрмек. Қиянатшыларға 
оңай жеткізсе де, адал адамдар қанша қуса да, бір шалдырмаған заман 
жайын баяндайды:
Қанат байлап қуса да,
Жеткізбеген заман-ай!
Һеш пенденің мұратын
Еткізбеген заман-ай!
398
Заманның жат ұсқынын байқап, көңілі суыған Н.Наушабаев адал 
адамдардың мерейі үстем болуын тілейді. «Қорлықтан құтылу үшін не 
істеу керек?» деген сұрауға жауап іздейді. Халық тілегіне қас озбырлар 
кетіп, қоғам ісіне көпшіліктің өзі араласуы қажет екенін түсіндірмек. 
Ошақтың үш бұтын күзетіп, «алма піс, аузыма түс» деп бейқам жүрген, 
адал мүддесін жөндеп түсінбегендерді талапқа, жігерге шақырмақ бо-
лады. Ыстыққа күймей, суыққа тоңбай, таласқа түспей, өмір іздегенді 
тегін бермейтіндігін, халық үшін қажырлы қайрат көрсетпей, адал 
азаматтың борышын ақтамайтындығын айтпақ.
Дұшпанға ерегіскен ар сақтама,
Жөніне қорқып жетіп, тайсақтама...
Не керек дулығалы болат найза,
Қызығын көрмеген соң, шаншып жауға...
Бір болар дəрежесі күн ілгері
Дүниеде фақыр, місін мырза бектің
399
.
396


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет