216
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Тілі жоқ мен сықылды мылқау болсаң,
Бір күнде мың мұратты табар едің
420
, –
дейді. Бұл сөздер бұлбұлды қынжылтады. «Сенше айтаққа еріп,
қан үшін жан алып, не қарғаға қосылып, жемтік іздеу жөн бе?»
деп қаршығаны кінəлайды. Екеуі екі арманды қостайтындар бо-
лып шығады. Қаршыға – заманына жағып, үндемей жүріп, өмірдің
кемшілігіне көз жұмып, зымияндықпен есебін тапқан қан құмар,
жемтікқор болса, бұлбұл – сайрауынан танбай халыққа жақсы үгіт
таратуын қоймайтындардың бірі. Бұлбұлдың ісін жақтаған ақын:
Құс болсаң, бозбалалар, бұлбұлдай бол,
Табылар іздегенге бір қызыл гүл
421
, –
дейді. Адал ісін ақтамақ болған Мəшһүр «Тірлікте көп жасағандықтан
көрген бір тамашамызда» озбырлығын өткізіп, халықты мезі еткен
əкімдерді əшкерелейді. «Басшымыз ел пайдасын сөйлемейді» іздегені
бүліншілік, дау-дамай бір таусылмайды, қазақ жұрты қоршылықта,
момындар «биге пара, байларға жем», əділдікке жол жоқ, шенеуніктер
«қасқырша ауыз салып жұтып жатыр, үйінде отыра алмай кедей
қашты», – дейді.
Көпеев бұқараның еңсесі көтерілмей қараңғылықта, қорлықта
жүргенін айтпақ:
Жалаңдап аждаһадай ауылнайлар,
Беліне ақ кигізген күйек байлар.
Сыпырып бес тиынның бес теңге деп,
Кедейдің хат білмеген соры қайнар.
Мойнына сары жезден қарғы салып
Алдына неше түрлі дау-шар барып,
Жиылып қара құстай билер отыр
Жемтігін өлексенің қоршап алып
422
.
Айта берсең, осындай өрескелдіктер көп, адамшылық көрсетіп,
дұрыс жолмен жүрушілер аз, обырлар қоршады, көрген қорлықты ай-
тып тауыса алмайсың:
Болса да дария сия, аспан қағаз
Мұң мен зар түгелденіп болмас тəмам
423
, – дейді.
Мəшһүр Сарыарқаның кімдікі екендігінде де ата мекенінен
сырылған шаруаларды сөз етеді. Қараоба, Сарыоба деген жерлерді
420
Достарыңызбен бөлісу: