Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет73/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   107
Көпеев М. Хал-ахуал. – Қазан, 1907. 17-б.
421
 Көпеев М. Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз. Қазан, 1907. 
17-б.
422
Сонда, 10-б.
423
Сонда, 7-б.


217
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Қарабай, Сарыбай жайлаған еді. «Сарыбайдың жалғыз қызы Баян 
сұлудың туған жері Баянауыл тауы. Бұл таудың аты Баянауыл болған 
себебі – Баян ауылы деп кеткен. Сол қыздың қарқарасы түсіп қалған 
жері – Қарқаралы-Қазылық атанған»
424
, Тоқырауын, Ақшатау, Өлеңті, 
Шідерті, Есіл, Нұра тағы сол сияқты жер-су аттары қазақтың ата-ба-
басы аттарымен қоса еске түседі. Біздер басқаның жеріне көз сүзіп 
отырғамыз жоқ, қоныстан тайдырмақ болып омыраулағандар қара 
құстай қаптап, əр жерден ұя салуда, бұл мекенді басқыншылардан 
қорғап қалған, «қара қазан, сар баланың қамын ойлаған» ерлеріміз 
болған. «Байқап қарасаң, қазақтың үшке бөлген бір есесі жоқ» – 
өйткені пайдалы жерлерді қала салу үшін бір алса, «бастықтардың 
уазифасы деп ағашты шабын ойлы жерді»
425
тағы алады. Мұның 
үстіне алым-шығын рабайсыз көбейді, əлсіз шаруалар ел аралаған 
шенеуніктердің «жалдап мінген аттарының майын төлей алмай» 
кедейліктен қаңғып шұбырып кетті. Бұхара, Ташкент, Петербург, 
Мəскеу, Үрбіт, Мəкержі барсаң, жалданған қазақ малайларын көресің 
деп те қынжылады.
Сарыарқаның алуан байлығын көп сөйлеген Мəшһүрдің мұңы 
арта түседі:
Салтанатты Сарыарқа,
Сəулеленген Сарыарқа.
Сəнді едің Сарыарқа,
Кең қойының кең Арқа.
Суық шекер бал Арқа,
Қора-қора қой Арқа.
Маңырап тұрған мал Арқа
Дəл осы менің тұсымда
Сəнің кетті кең Арқа
426
, –
дейді. 1906 жылы он бесінші мартта жазған өлеңдерінде, «он жетінші 
Октябрь манифесі баянды болмады», аты бар өзі жоқ:
Түңілді естіген жұрт мұнан таза,
Дəнеңе жоқ білмегенге білген аза.
Манифест бар деушілер тұтқын болып,
Кесілді һеш себепсіз оған таза
427
.
Өңмеңдеуін тоқтатпаған зорлықшылар мен ұласқан ұлықтарға 
көніп, бейқам қалмайық, талаптанып «хуриет» мəселесін шындап 
424
 Көпеев М. Сарыарқаның кімдікі екендігі. – Қазан, 1907. 3-б.
425
Сонда, 9-б.
426
Көпеев М. Қазақтың осы күнгі əңгімесі. – Қазан, 1907. 13-б.
427
Сонда, 16-б.


218
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
қолға алайық, медресе ашайық, бостандық көздейік, бұқараның 
мерейі үстем болсын деген сияқты тілектер қояды.
Мəшһүр Жүсіп Көпеев «хуриет» іздегендерді қостап, оларды 
жазалаушылар тобына наразы болса, оның ойынша, бұлар халықтың 
қас дұшпанымен алысқандар. Сондықтан царизмнің алуан алапаты-
нан жұртты аман алып қалуды арман еткен соларды жігерлендірмек.
Көпеев шаруалар царизм қыспағынан құтылса екен, салтымыз, 
тіліміз сақталса екен, айдалып жатқандардың да көмегі тиер деген 
ой білдіреді де, бірақ ол тілектері дəлді қандай жолдармен, талас-
тартыстың нендей түрлері арқылы орындалмақ, бұл жерде Мəшһүрді 
күңгірт ой, артық қиял билеп кеткені байқалады.
Көпеев көптеген шығармаларында қазақ халқының ауыр 
жағдайын сөз етеді. Қазіргі өмірдің өткен өмірден əділетсіздігі мен 
озбырлығы басым деп те қынжылады. Царизмнің алуан уəкілдерін 
əшкерелеу, оларды халыққа жат етіп көрсету ісімен шұғылданады.
Көпеевтің шыншылдығы жəне оның царизмнің нұқсанды 
жақтарын көрсете білгендігі есепке алынбаса, ақынның тек қателеріне 
сүйеніп қорытынды жасау, оны дұрыс бағаламақ болған ниетті 
ақтамайды. Қалайда, талай дүдəмал ойдан өткен Көпеев, ескі тəртіпті 
əшкерелеп, жұрттың мұңын айту жөнінде өз кезіндегі қазақ ақындары 
ішінен сыйлы орын алғандай.
Көпеев көптеген наразылық білдірген шығармаларының бірі 
– «Сарыарқаның кімдікі екендігін» нендей мақсатпен жазғандығы 
туралы: «1906 жылында, он бесінші мартта Николай заманындағы 
көрген қысымшылық, қорлық ой толқытып Мəшһүр Жүсіп Көпеевтің 
«Қазақтың осы күнгі əңгімесі» деп сөйлеп, «Сарыарқа» деп ат қойып, 
баспаға бастырып, сол сөз Хұсайынов баспаханасынан сотқа алынған, 
сонда Сарыарқаның кімдікі екендігін əйгілеу үшін жазылған»
428
, – 
дейді.
Мəшһүр Жүсіп Көпеевтің наразылық айтып, қоғамның алуан 
өрескелдіктерін жұртқа паш ету үшін жазған көрнекті шығармасының 
бірі – «Шайтанның саудасы». Шығармада ақын көптеген ойын ащы 
сөзбен ашына айтады. Жақсылыққа бастамай жүрген адамдарды 
көріп, олардың халыққа деген арам ындынын ашады, кім дос, кім қас 
екенін ескертпек:
Ежелден болып өстім байға өш-қас,
Қожа, молда, ишандар бəрібір бас
429
, – дейді.
428
Қазақ ССР ҒА архивы, Көпеев қолжазбалары, п. 1177. 14-б.
429
Сонда, п. 1173. 303-б.


219
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Он қашар, бес есекке жүк тиеп базарға шыққан Шайтанға кездес-
кен Ғайсаның: не саудамен келесің? – деген сұрағына жауап берген 
Шайтан: есектерге артқаным жала мен өтірік, күншілдік, озбырлық, 
мекерлік, тəкаппарлық, бұларды байлар, алыпсатарлар, молдалар, ке-
дейге күн көрсетпей жүрген ұлықтар талап əкетеді, олар:
Көтере ме өтірікті менен алған,
Бар күшінше олар да сөйлер жалған.
Кім болса, бұл заманда сол əпкетер,
Қор болып қашан өтірік жерде қалған
430
, –
деп жауап береді. Бұл сөздерге Ғайса алғашқыда сенбейді. Ақыры 
Шайтанның айтқаны орындалып, ол өтірік сатып, қарық олжаға бата-
ды, есекке артқандарын түгел өткізеді. Қашарларға тиеген жүктерін: 
пірге қоя берген пірадарлар, елден мал жинап қажы барғандар, ишан-
дар, қожа, молдалар сатып алады. Шайтанның бұл сауда достары бе-
реке ойламай, əрекет ойлағандар болып көзге түседі. Өйткені олар 
– Шайтанның əлдеқандай ежелгі мəселектестері. Сөйтіп қоғамнан 
бедел тауып, орын алған осындай адамдар тобы бар, əсіресе, кедей-
кепшік пен момын шаруалар бағы жанбай, сұм-сұрқиялардың алда-
уына түсіп, еңсесі түсуде деген қорытынды жасайды.
Діни ұғымдарды үгіттеп баққандардың айтуы бойынша, 
шайтанның сөзіне сенуден безер болатын Ғайсаның өзін де шайтан 
жеңеді, сөзіне сендіреді:
Ғайса айтты: тоқта малғұн болды дейді,
Айтқан сөз бəрі орынға келді дейді.
Бұл күнде тіліңді алған жас пен кəрі,
Азған жұртқа болып тұрсын бір ем дейді
431
.
Бұл жерде көрсетілген Ғайса өзінің пайғамбарлық санатынан 
мүлде түскен, əлдеқандай бос қиялдың иесі, ол сөз сенімін ақтай алмай, 
ақыры шайтан сөзінің шындығына нанады. Шайтан сол кездегі өмірдің 
байқалған символы ретінде сипатталса, Ғайса пайғамбар дерексіз миф 
болып көрінеді. Мəшһүр Жүсіп Көпеев осындай бір қорытынды жасау 
үшін заманына жанасымды, өтімді уақиға, сюжет таба білу арқылы ойын 
шебер айта алғандығын аңғартады. Шайтанның сауда достарына деген 
ащы сөзін аямаған Мəшһүр кедей-кепшік момын шаруаларға іш тартып, 
ол кездің қадірлі деп санаған ұлығы, бай, молда сияқтыларды лағынды 
қостаушылар етіп сипаттайды, өмір оңдалу үшін аналардан құтылу ке-
рек екені түсіндіріледі. «Түрлі өрескелдіктер жайында айтқаным үшін 
430
Қазақ ССР ҒА архивы, Көпеев қолжазбалары, п. 1177. 309-б.
431
Сонда, 207-б.


220
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
«жынды» дейді, «туралықта тұрамын» деп қудаланып, жақпай жүрмін, 
лағынға ергендердің ортасында жүріп арманым қалай орындалмақ» – 
өмірдің өктемшіл уəкілдерінен мархабат, əділдік күтпейді. Бұл қоғамның 
билеушілеріне жат көрінсем де, əлде кейінгілер еңбегіңді ескерер бір 
шақ болар:
Демейсің тесілген тас жерде қалар,
Шамшырақ хақ жандырған саулап жанар.
Асыл жасық екенін білмесең де,
Шелекке тағу үшін біреу алар
432
, –
дейді.
Көпеев 1931 жылы жазған бір шығармасында конфискация 
кезінде қазақ халқының көп малы шығынға да ұшырады-ау деген 
сияқты қынжылу білдірумен қатар малдан жұрдай болып, қашып-
пысқан байларға жан тартпағанын да ескертпек болады. Конфискацияға 
ілінгендерді «құдай ұрып», бай біткеннің бəрі кетті, жинаған дүниесі 
түбіне жетті, мал-мүліктері дария болып өздерін ғарық қылды:
Ей, Мəшһүр, туа қастас болдың баймен,
Бай көрінсе, қашумен, құлат саймен
433
, –
дейді. 
Мəшһүр алпыстан асқан жасында жазған бір шығармасында 
жаңа өмірге үміт артқандығын, ескі өмірді тілемейтіндігін ескертпек, 
екінші, қатесін айтпақ:
Ат шауып айнала алмас біздің міннен,
Тышқанша жан сақтадық шықпай іннен.
Замана баса -көктеп билеп кетіп,
Кетіппіз кəпір болып шығып діннен
434
.
Көпеев революциядан кейінгі қазақ халқының жаңа тұрмысын 
өзінше қошеметпен қарсы алмақ: жуандар, ұлықтар, байлар-
ды еңбекшілер орнынан тайдырып, беделін жойып, қоғамнан 
сырғандығына ырзалық білдірмек:
Бай кедейге көрді ме мойын бұрып,
Өмір бойы жүн қылды қанын сорып.
Бұл күнде есіктегі жалшылары
Төре айтты өздеріне төрде отырып
435
.
432
Қазақ ССР ҒА архивы. Көпеев қолжазбалары, п. 1173. 321-б.
433
Сонда.
434
Сонда, 352-б.
435
Сонда, 253-б.


221
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Өткен өмір еңсені көтермей, ырқына көндіріп илеп, билеп еді, 
енді кедейлер, əйелдер, жастар, жолдарың оңалды, өмір сендердікі 
деп, үміт білдіру Мəшһүр арманының жеткен шегін аңғартқандай.
Жынысы əйел мен жас, кедей тобы
Алып тұрсын еркіндеп бостандықты
436
, –
деген ақын ғасырлар бойы айықпаған қара тұманның серпілгенін 
көрмек.
Экономикалық, идеологиялық, моральдық, мəдениеттік өрлеу 
өте шамалы, қалың бұқараның рухани тынысы тарылып булыққан 
кезде, əлеуметтік қайрат көрсеткен Көпеев халыққа деген ниетін адал 
ұстады. Царизм тарапынан байқалған өрескелдік пен əділетсіздікті 
сынаумен болады. Өктемшіл ұласқан ұлықтарды, қажы, молда, ишан-
дарды ащы сөзбен əшкереледі.
* * *
Мақыш Қалтаев ақындыққа берілген кезінен бастап қоғамдық 
мəселеге бет бұрады. Жуандар, жалақорлар, қожа-молдалар, ұлықтар, 
байлардың халық игілігіне жат ындынын көріп сынады. Бұқара үшін 
еңбек етуді арман етеді. Оның ойы қалыптасуына ол кездегі тарихи 
жағдай, халық басындағы ауыр хал əсер етеді. Бұқараға қамқорлық 
етпек болған Мақыш діннен, патшадан қайыр күту кедергі екенін 
жөнді түсінбей, екі ұшты пікір білдіреді. Тек үгіттің өзімен де жұрт 
түзелер, жағдай өзгерер деп те бұлдыр ойға жол береді.
М.Қалтаевты өзге ақындармен бір сапқа қоюға болмайды. 
Ақындардың өзара үндестігі, ұқсастығы, тақырыптастығымен қатар, 
олардың өздеріне тəн əлеуметтік, ақындық өзгешеліктері бар. Міне 
осыны дұрыс ұқыптамағандық салдарынан дəлді қорытынды беруден 
гөрі жалпы топшылауларға жол берілмек.
Демократтар əр түрлі. Шын демократ кім? Демократ деп, демо-
кратияны қостаушы табанды идеологты айтқан жөн. Демократтық 
өре де əр түрлі: буржуазиялық, социалистік демократия бар, тіпті со-
нау құлдық, феодализм дəуірінде демократиядан еш нысан болмаған 
дерсіз бе? Сондықтан демократ деген ұғымды жалпы түрде қолдану екі 
ұшты ой туғызады. Əрине, Мақыш шығармаларынан демократиялық 
ой тіпті сезілмейді емес. Ол көптеген дұрыс ойларын ортаға салды. 
Байлардан безінді, жуандар молдалар кінəсін көрді, сахараның мо-
мын шаруалары теңдік алып, мерейі үстем болуын жақтайды. Ұждан 
жұмысына шақырды.
436
Қазақ ССР ҒА архивы. Көпеев қолжазбалары, п. 1173. 253-б.


222
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Мақыш Қалтаев қазақ əдебиетіне 1909–1913 жылдары шыққан 
кітаптарымен мəлім. Олардың Мақыш ақындығын, ой-өрісін 
танытқандары – «Айна», «Қалтай ұлының қазақ ахуалын бəйіт еткен 
мəнзумасы», «Бар уақиға», «Қазақтың айнасы», «Тұғры жол», «На-
сихат қазақия».
Октябрь революциясынан бұрын ойы қалыптасып, заманына 
қарай ақындық өреге жеткендіктен де шығар Қалтаевтың айтқандары 
бүгінгі заманның талап-тілегіне үнемі сай келе бермейді. Тегі бұл 
ретте, кінəнің салмағын ақынға арта беруден дұрыс қорытынды шыға 
бермейтінін, оның сана-сезіміне кір жұқтырып, көлеңкесін түсірген 
тарихи жағдай, Қалтаев шығармаларының объективтік, субъективтік 
жақтарын ескерген жөн. Қалтаев жазғандарының қазақ əдебиеті 
процесін аңғартарлық жағын екшеу əдебиет тарихы қажетіне жарамақ.
Н.Наушабаев, Мəшһүр Жүсіп Көпеев, Мақыш Қалтаев сияқты 
ақындар өткен кездегі өмірдің нұқсанды жақтарын көп жөннен дұрыс 
санады десек те, олар көп мəселелер туралы өзара үнемі үндес кел-
меген, ақындық, тілдік, көзқарастық, өзгешеліктері жағынан да бір 
сапта емес. Көпеев «Хал-ахуалда» Қалтаев «Қазақтың айнасында» 
кейбір əлеуметтік мəселелер жайында тым алшақ кетпесе де, кей 
мəселелер жөнінде бір-біріне ұқсамайды.
Қазақ халқының мəдениеті, əдебиеті жайында ой білдірген 
Мақыш халықтың рухани қазынасын шамалай білген өре көрсетпейді. 
Ол «Шораны», «Қыз Жібекті» мансұқ етпек те болады.
Мақтаулы жыр Қыз Жібек –Төлегені,
Өтірік қияли сөз сөйлегені.
Асылсыз бір уақиға, өңшең жалған
Жазушы бұл қиялды қайдан алған
437
, –
деп ол жырды қазақтардың талай заман бекер оқып келгендігін, пайдасыз 
бос сөз, жай ертегі екенін айтпақ болған Мақыш Жібекке арнап ауыр-
ауыр, өрескел сөздер де қолданады. Мүмкін оған Жібектің еркімен 
ер таңдауы, Қорен ханның зорлығына көнбей, Сансызбаймен кетуі 
ұнамаған шығар. Болмаса Жібекке берген уəдесін бұзбай, адал ма-
хаббатын ақтамақ болып келе жатқан жолында Бекежанның қолынан 
жазықсыз қаза тапқан Төлегенді кінəлап, Базарбайды қостамақ па? 
Не жырдың көркемдігіне көңілі толмай ма? Бұл жөнде тиянақты 
ой білдірген Қалтаев жоқ. Ол жырда қиял дүниесі көп, сондықтан 
берекесіз деп түсінеді. Қиял, фантазия араласқан шығармаға сонша 
қарсы Қалтаевтың өзі қисынсыз қиялға, ертегіге толы «Сақ уа сұқ 
437


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет