Ізтілеуов Т. Рүстем дастан. – Алматы, 1961. 9-б.
35
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Шешесі бəйек болып, баласын қанша аяп қорғаштаса да, əкесі
көнбейді, «бұл менен туған бала емес, əлдеқандай жын-шайтан
əкеп тастаған жат бала» деп тіксінеді, нəрестені адам аяғы баспаған
айдалаға апарып тастайды. Залды жолбарыс емізеді, ол самұрық
құстың ұясында өседі, оның ұяда отырып лақтырған гауһар тастарды
жинап алған керуендер қарқ олжаға батады. Ержеткен Зал кейін абы-
ройы асып, əкесін табады.
1901 жылы Қазанда шыққан «Қисса Рүстемде» өз баласы
Шаһрапты білмей өлтіргеніне көп жылдар өкініп, қайғыдан арыла ал-
май зар шеккені сөз болады.
Əке мен бала жекпе-жекке шығады. Басына қалқан ұстаған
Шаһрапты Рүстем үш рет күрзімен ұрса да, Шаһрапқа еш зақым
келтіре алмайды. Қоян-қолтық алысқанда Рүстем Шаһраптан
жығылады, күші жетпеген Рүстем Шаһрапты қанжар салып өлтіреді.
Рүстем бір уақытта «аф» деп алды,
Көтеріп кеудесіне алып барды.
Жығылғаннан ашудың үстінде еді,
Ішіне қанжарменен салып қалды
47
.
Еркіне енді қоймай құшақтады,
Көтеріп ұрайын деп сол бойында
Сасқанда салды семсер бүйірінен,
Есіл ер есі ауып құлап кетті,
Демігіп, демін алып иінінен
48
.
Рүстем уақиғасына арналған нұсқалар тілдік, композициялық
жақтарынан үйлесе бермейді. Бір нұсқада Сурраптың аты – Зорап
(Жуковский, М. Сералин нұсқалары) делінсе, бір нұсқада – Сахраб
(Дияконов), енді бір нұсқада – Шаһрап («Қисса Рүстем»).
«Қисса Рүстемнің» өн бойынан кездесетін «Жау келді түрік сын-
ды», «афзалы еді қытай, қыпшақ», «Самарқанд», «Рум, русия, татар,
қызылбас, монғол», «Адайлар қырылып қырғын тапты» деген сияқты
сөздер арнайы зерттеуді керек ететін тарихи жағдай өзгешелігіне
мегзейтін сөздер.
«Қисса Рүстемде» Рүстемнің батыр балалары – Шаһраб (Сур-
рап), Жиһангер, Фармаз жəне Рүстемнің сенімді серігі Рахыш
тұлпар жайы баяндалады. Рүстем – шынжыр балақ шұбартөстер
əулетінен, оның арғы аталары – Шамсуар, Нариман, Жəмшит, Сам.
47
Қисса Рүстем. – Қазан, 1901. 19-б.
48
Ізтілеуов Т. Рүстем дастан. – Алматы, 1961. 153-б.
36
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Зал оны анасының ішінен жарып алады, қырқынан шықпаған Рүстем
пілдің етін, қабанның жүрегін жейді, «сегіз жасында күрзімен філ
өлтіреді».
Тұранның патшасы Афрасияның ойын орындау үшін, Иранның
патшасы Кейқауыстың басын алмақ болып, Самарқандтан шыққан
Шаһраб батырды Рүстемнің айламен өлтіргені, оның «түріктерге
ақыр заман орнатпақ болғаны, мұнарадай диюды жеңгені, аузынан
от шашқан айдаһарларды аспанға атып жібергені, мұрындары үш
құлаш пілдермен алысып, оларды бір-біріне соғып қырғаны» айтыла-
ды. Рүстем бірде серіктеріне қадірлі, айлалы батыр болып суреттелсе,
бірде мейірімсіз қанішер болып сурттеледі.
Қызыл қан сахарадан судай ақты,
Адайлар қырылып қырғын тапты.
Жер толды сайларынан аққан қанға,
Мұны қарап тұрғандар қалды таңға, –
делінеді.
Иран, Тұран арасында болған қантөгіс екі елді күйзеліске
ұшыратады, жұртты бейбіт өмірге жұмылдыру, шаруашылық қамын
ойлау, өмірді ондау ісінен қақас қалдыру ісіне жол беру ниһаятсыз
зиян екені ескертілгендей. Егескендер арасына тоқтау сала білген
адамдар болғаны ауызға алынады.
Екі жұрт ұрыспастан тұра қалды,
Зал патша Кейқауысқа хабар салды.
Иран, Тұран арасы тиыш алып,
Жүргізді сауда кірді тарту қылып.
Ө.Мұхамедғали «Шаһ Ғаббас – Иран Ғайып» уақиғасын
белгілі бір нұсқадан алғандығын айтады. Шығармада əділеттілер,
əділетсіздер, жақсылыққа жамандық істегендер, қиыншылыққа төзе
білгендер жайы сөз болады.
Бір өзіне он мың шаһар қараған Шаһ Ғаббас патша қаласындағы
елінің бейбіт өмір сүруін тілейді. Шаһ Ғаббас қаланың ішінен жолау-
шыны қонақ ететін үй табылмағанын байқап, қайран қалады. Қала
адамдарының мейірімсіздігі оны ойландырады. Тек қала шетінде
бой жеткен қызымен тұратын сиыршы шал ғана қонақ қабылдайды.
Патша шалдың үйінде біраз тұрып, жүкті болған əйелімен қоштасып,
қаражат беріп, жүріп кетеді.
Сиыршының қызы ұл табады, патшаның тапсыруы бойынша
оның атын Иран-Ғайып қояды. Бала неше алуан өнерге үйренеді:
«ою оймақ», сызу сызбақ, оқ атып, құс салмақ, қылыш шаппақ» бəрін
37
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
біледі. Ат үстінде бір қол, бір аяғымен ұршықтай айналады.
Тағы білді өнерді бəйт айтпақ,
Адамның ішкі сырын оймен таппақ.
Данышпан, ғаділ зерек болды ғалым,
Өнері һəр тарапқа болды мағлұм.
Əкесін іздеп шыққан жолында Иран-Ғайып көп азап шегеді.
Өң мен түс арасындай уақиғаға кездеседі. Иран-Ғайып тақта отыр.
Сайрағанда үнімен дүниені теңселткен екі құс тұғырда отыр. Бір кез-
де жібек пердені ашып, ысылдаған айдаһар шыға келді, шошып кетті,
құстар сайрап жіберіп еді, əлгі айдаһар сымтас болып құлап түсті.
Перде тағы ашылды, ақыра ұмтылған арыстан шыға келді, құстар
сайрап жібереді, арыстан тас болып қатып қалды, перде үшінші рет
ашылғанда көздерінен от шашып, жарқылдаған, темір киген, қылыш
асынған, құмырсқадай қайнаған əскер тобы шыға келді, Иран-Ғайып
талып кетті, бір уақытта есін жиып қараса, қасында ғашығы Шəмше-
Бану отыр.
Иран-Ғайып кемеге мініп, су үстінде қиыншылық көреді:
Қап-қара дария жүзін боран басты,
Толқыны аспан көкке араласты.
Қап-қара күндіз, күн-түндей болып,
Адамзат түсі қашып, күлдей болды.
Кеменің іші-тысын толқын соғып,
Бірін-бірі көрместей күндер болды.
Таудай толқын кемені соқты жəне
Сол жерден кеме болды пəре-пəре.
Иран-Ғайып талқан болған кеменің ұшып түскен тақтасы
үстінде күндер-түндер ағып, бір қала шетіне ілінеді, əбден қалжырап,
жығыла-сүріне келіп, оқшау тұрған моланың ішіне кіріп ұйықтап
қалады. Таң ата айналасына қараса, жерден шеті шыққан сандық
көреді, сандықтың бетін ашса, өне бойы қызыл қанға боялған шала
жансар қыз жатыр. Қыз Шəмше-Бану екен. Оны өлтірдік деп молаға
тастап кеткендер: дəрежесін көтеріп, абыройын асырып, тоқсан екі
күй үйреткізіп, құйқылжыған тамаша үндерімен көңілден шығып,
жүрген жерлерінде əділдік айтыңдар, зиянды істерден аулақ болыңдар
деп сеніп жүрген құстары екені, олар сайрауды білгенмен, жақсылық
етуге шалағай, мейірімсіз күншілдер екен.
Шаһ Ғаббас қала ішінде бұзықтар жоқ па екен деп аралап
жүрсе, өзінің бас уəзірінің қызы Ғазизаның сайран салып жүргенін,
бейбастақтық істейтіндер бар екенін көреді, кінəлілердің бірі есебінде
38
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Иран-Ғайып жазаға кіріптар болады. Дəл дарға асылар алдында Иран-
Ғайып əкесін іздеп, азап көргенін баян етеді.
Патша Иран-Ғайыптың баяғы іште қалған сиыршы шалдың
қызынан туған баласы екенін біледі. Салтанатпен келген Шəмше-
Бану Иран-Ғайыпты қарсы алады.
Басына Иран-Ғайып тəж киілді,
Қырық күн той қылғызып, елін жиды.
«Каштасиптың Арумға барып, Қайсар қызы Катаюнды алғаны»
атты қиссада Иран патшасы Лəһрасиптің жүзге келгенше тақтан
түспей, орнын үлкен баласы Каштасипке қимағаны, əкесінің
мансапқорлығына наразы болған Каштасиптің Арум жаққа кетіп
қалғаны сөз болады.
Қайсар патша ығай мен сығайлар, қасқа-жайсаңдар, төре-қаралар
тобын жинап, қызына күйеу таңдатады. Катаюн шаршы топты аралап
шығып, өзіне лайық ешкімді таппайды, патша тағы бір той шақырады,
қыз осы жолы бір елеусіз жігітке көз салып, соны ұнатады.
Катаюн бір күн жатып түс көреді...
Сол топта өзіне жар таңдай жүріп
Кездесіп Каштасипті құп көреді.
Ханзадалардың, мырзалардың бірде-бірін ілтипатқа алмағандығы
үшін, əлде қандай кірме, қаңғыған Каштасипті таңдағаны үшін хан
қызын өлтірмек болады, елден қуып жібереді. Катаюнның ақылды,
ұстамды, арын жоғары ұстайтын, сөзіне берік асыл адам екені,
Каштасиптің адамшылығы мол, асқан палуан екендігі айтылады.
Темірді төске салып, соғып көр деп,
Қолына əкеп үлкен балға берді.
Темірді төске салды, оттан алып,
Балғаны қолына алды күшін жиып,
Көтеріп балғаменен ұрған шақта,
Төсдөңбек кіріп кетті жерді жарып.
Салтанаты мол, бір өзі бір шаһарды билеген Жирун Қайсар
патшаның ортаншы қызын алмақ. Қайсар: «жұртты үрейлендіріп
тұрған айдаһар бар, соны өлтірсең қызымды берем», – дейді. Жи-
рун сұрастыра келе, айдаһарды өлтіру тек Каштасиптің қолынан
келетінін біледі. Əдейі іздеп келген жұмысының жайын айтып, жа-
лынып, аяғына бас ұрады. Құйрығымен жер сабалап, қаратүнек шаң
боратқан» айдаһарды Каштасип өлтіреді. «Айдаһарды өзім өлтірдім»
деп өтірік айтқан Жирун патшаның қызын алады.
Каштасиптің ерліктерін көрсетуге арналған уақиғалар үстемелей
түседі. Қайсардың кіші қызын алған Аһран да Каштасиптен аз
39
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
жақсылық көрмейді. Күйеулерінің күшіне сенген Қайсар Ілияс патшаға
елші жібереді. Бұдан былай алым-салық бермейтінін мəлімдейді.
Ілиястың жазған хатын есіткен соң,
Аһран, Жирун түре келді ашуланып,
Жай жатқан Ілиясқа тидің неге
Əуелде ақылдаспай би мен бекке.
Каштасип зорлықшы Ілиястың ісіне көнбейтінін, Ілияспен күш
сынасатынын, Жирундар құсап өбектемейтінін, жаудан қорқып,
жабықпайтынын, жатып жан сақтамай, жағаласып жан сақтайтынын
білдіреді. Майдан. Жекпе-жек.
Қылышпен Ілиясты қағып қалды,
Онан бұрын басына салып қалды.
Ілияс аттан құлап, талып қалды.
Осылай Ілиясты байлап алып, Қайсар патшаның алдына əкеледі.
Елді ерлігімен жаудан аман алып қалған Каштасип құрметке бөленеді.
Баласының даңқын естіген Иран патшасы кінəсін мойнына алып,
Каштасипке тағын береді.
Жүсіпбек Шайхысыламұлы жайын баяндаған Гүлшаһра Каша-
мир шаһары патшасының жалғыз қызы. Қыздың кейбір ерсі істері, ет-
кен паңдығы, көп михнаттан кейін шаһзадамен табысқаны сөз бола-
ды. Айттыра келгендерді ұнатпаған Гүлшаһра: «Ақыл, көркі, мінезі,
сұлулығы өзімнен артық адамға ғана тием», – дейді.
Қасына қырық қыз ертіп, қос-қос ат жеккізіп, гауһармен түймелеген
алтын күймеге отырып, басына тəжін киіп топқа келсе, Бағдат шаһзадасы
алдынан шықпайды. Арада жүрген кемпірдің айтуы бойынша Гүлшаһра
əкесінен рұқсат алса ғана шаһзада дидарласпақ екен.
Мен мұндай ақылсыздың теңі емеспін,
Əуелі ақыл керек жарлы байға.
Ғалымға патшалыққа ақыл керек, –
деген сөздерін айтып, өзіне ғашық жігітті сыртқа тепкеніне шыдай
алмай, құсадан өлген шаһзаданы күмбезге қояды. Өз ісіне өкініп,
дегбірі кеткен Гүлшаһра азап шегеді. Молаға келсе, шаһзада шала-
жансар жатыр екен.
Арқалап шаһзаданы келе жатыр,
Гүлшаһра жүрген менен шаршамайды.
Аулақ үйге екеуі келгеннен соң,
Екеуі көріседі, құшақтасып.
«Жиһанша–Тамуз шаһ» – сан алуан фантазияға толы қиссалардың
бірі. Жиһан шаһ киік қуып келе жатып, теңізге тіреліп тоқтап қалады.
40
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Кемеге мініп, теңіздің ар жағына шықса, əлгі киік өліп жатыр екен.
Киікті алып қайта жүзгенде толқынға ұшырап, жағаға азар шығады,
иен жерге келеді.
Екі жарты адам тұр осы жерде,
Сөйлесем деп жүр еді жақын келді.
Қашады осылардан «ыз-ыз» етіп,
Еш жақын қастарына келтірмейді.
Бір сəтте қолдарына жарты тас ұстаған ызылдаған жарты адам-
дар қаптап кетеді. Қамап алады. Жиһаншаһ бірнеше жолдастарынан
айрылып, азар құтылады.
Бір қауіптен құтылып, жол шеккен Жиһаншаһ бос тұрған тақ
көреді, таққа барып отырған кезде «адамнан азған, ит мінген маймыл-
дар» қоршап алып, құрмет көрсетеді, тақ ұсынады. Маймылдарға пат-
ша болудан жалығып, қашып келе жатқанда адам жейтін құмырсқалар
қаптайды:
Үлкені құмырсқаның тазы иттей,
Көптігі ашық жер жоқ, сірə, титтей.
Олардың арасынан патша қашты.
Жиһаншаһ талайды алдап, жəлептік істеуге салынған алаяқ бір
қожаның кесіріне ұшырайды, құс патшасына кездеседі. Аспаннан ұшып
келіп, көлге қонып шомылған пері патшасының қыздарын көреді.
Үшеуі келді, сілкінді,
Үш қыз болып құлпырды.
Нұр дидарын көргенде,
Шомылып, суға кіргенде,
Он төрінде көрінген
Толған айдай сықылды.
Пері қызы Шамса-Бануға ғашық болған Жиһаншаһ арманына
жету жолында сан-сапалақ уақиғаларға душар болады. Шамса-Бану
жасырып қойған құс көйлегін тауып алып, əкесін көруге кетіп қалады.
Жиһаншаһ Шамса-Бануды іздеу жолында басы жылан, кеудесі адам
бір алуан жандарға, айдаһарларға кездеседі, от шашып жатқан тау-
лардан асады, дүниенің төрт бұрышын шарлап, Шамса-Бану тұрған
қалаға азар жетеді. «Ұшбу шаһар қызыл жақұт өзінің мың беті, жүз
бұрышы бар, айналасындағы үш айлық жерді жарық етіп тұратын
күмістен, алтыннан жасалған екен».
Сөзі бар сөйлегенде шекер, балдай,
Алма мойын, ақ жүзді қиғаш қабақ.
Еті бар қарап тұрсаң жауған қардай.
41
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Шамса-Бану Жиһаншаһпен табысады. «Екі ғашық қосылды,
олардың михнаты рахат болды» делінеді.
Шығыс əдебиет үлгілерін ел арасына тарату ісімен шұғылданған
ақындар ішінде Абай, Жүсіпбек Шайхысыламұлы, Ақылбек бин
Сабал, Шəді Жəңгіров, Кашафуддин, Мəулекей, Жанұзақ жəне
тағы-тағы көптеген ақындар бар. Бұл ақындардың еңбегінің сөзсіз
құндылығы – олар қазақ əдебиетінің тақырыптық, сюжеттік арна-
сын кеңейтіп, фантазиялық, көркемдік өрісін өсіріп, оны шығыс
əдебиетінің үлгілерімен толықтыру ісіне көмегін тигізді.
Шығыс əдебиетінен келген əңгіме-өлең, поэма-дастандар
«қисса» деген атпен басылып, ел арасында «қисса» аталып кетті.
Аңыз-əңгімелер «хикая» деп аталып жүрді. Бірақ бұл терминдердің
жанрлық қатынасында нақтылық болған жоқ, бір кезде өлең кітаптың
қайсысы болсын «қисса» деп аталды. Мысалы, ХІХ ғасырдың аяқ
кезінде қазақтың «Алпамыс», «Ер Тарғын» секілді белгілі эпикалық
жырлары да, Шортанбай ақынның жыр-толғаулары да, Біржан мен
Сараның айтысы да «қисса» деген атпен басылып жүрді. Асылында,
қисса, хикаялардың өздерінің қалыптасқан белгілі ерекшеліктері бар,
оларды көркем шығармалардың басқа түрлерінен бөлек алып, өз ал-
дына қарастырған жөн.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде
Петербург, Қазан, Уфа, Омбы қалаларында көптеген қисса, хикаялар
кітап болып басылып шықты. «Қисса Абулхарис», «Қисса Баһрам»,
«Қисса Бозжігіт», «Қисса Таһир–Зуһра», «Хикаят дастан Хатымтай»,
«Мұңлық–Зарлық», «Шаһмаран», «Шəкір–Шəкірат», «Жүсіп–Зыли-
ха» т.б.
Қазақ əдебиетіне осы кезде шығыстан келген шығармалар
əдеттегі мағынадағы аударма емес, белгілі бір сюжетті өлең ғып,
жыр айту дəстүріне байланысты туған, əр ақын өңдеп, өзінше айтқан
шығармалар. Қиссашыл ақындар түрлі сюжеттерді өлең қылып айтып,
ел арасына таратып жүрген. Ел ішіне жайылған нұсқаларды да ақындар
өңдеп, жаңғыртып, жаңалап айтқан. Шығыс əдебиетінде үлкен орын
алған белгілі сюжетті поэма, дастан ету, жаңадан өлеңменен айтып
шығу дəстүрі (назира) қазақ ақындары арасында да əдетке айналды.
Сондықтан Ақылбек, Жүсіпбек, Көпеев, Мəулекей сияқты ақындар
бірде – бар сюжетті өлең ғып айтушы, шығарушы болса, енді бірде –
ел арасына тараған үлгілерді жинаушы, бастырушының рөлін атқарған.
Мұны кейбір белгілі қисса, хикаялардың ел арасында бірнеше варианты
болғандығынан, ал кейбірінің авторы белгісіз болуынан-ақ көруге бола-
42
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
ды. Тегінде, қисса шығарған, əдебиет нұсқаларын жинап бастырған бұл
ақындар авторлық мəселесін өзінше, осы күнгіден басқаша түсінген. Ол
кезге дейін əдебиет шығармалары ауызша тарап жайылғандықтан, көп
жағдайда авторы мен айтушысын айырмаған. Тіпті жинап бастырған,
өзінше өңдеген халықтық шығармаларын да (олардың вариантын)
кейбір ақындар өзімдікі деп санаған. Қисса-өлеңдерінің ішіне кейде
қазақтың батырлар жырларынан кесек-кесек үзінді алып кіргізіп, бол-
маса екінші бір ақынның сөздерін пайдалана берген.
Авторлық правоның бір жөнін түсінген ақындардың
бірінде бар жолдардың екіншісінде ұшырай беруі мүмкін.
Ж.Шайхысыламұлының «Ахметкəрімге арнап жазған осы өлеңім»
деп басталатын шығармасының алғашқы он жолдан былайғы жолда-
рында Абайдан алынған сөз оралымдары бар. Шығарма 1898 жылы
жарияланса да, тегі Жүсіпбек Абай қолжазбаларымен бұрыннан та-
ныс көрінеді.
«Ахметкəрімге арнап жазған осы өлеңімдегі»:
Біздерге өлең арзан, күлкі қымбат.
Нəрсе ғой екі түрлі сыр мен сымбат.
Шын көңілмен сүйсе екен кімді сүйсе,
Бір мінезбен тұрса екен жанса, күйсе
49
, –
деген жолдар, 1909 жылы шыққан «Сұлу қыздағы»:
Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын,
Ақша бет ал қызыл бет тіл байлайды.
Сөйлесе сөзі əдемі бек мəнлі
Күлкісі бейне бұлбұл құс сайрайды
50
, –
деген өлең шумағы, не 1911 жылы жарияланған «Мағшұғнамадағы»:
Көргенде дидарыңды іш қайнайды,
Екі алма кеудеңізде қисаймайды,
Бетіңе бір жалт етіп қарағанда
Аласыз қара көзі нұр жайнайды
51
, –
деген шумақ – барлығы да Абай шығармаларынан алынған.
Кейде тақырыбы екі басқа шығарманың көп жері бірінен-
бірі айырғысыз, ұқсас болып келуі де ғажап емес. Мысалы, осы
тұрғыдан «Нұрбатыр» мен «Қаһарманды» салыстырып көрелік. Дию-
лар Нұрбатыр атты асқан күшті адам дүниеге келіп, оның бұларға
қаһарлы жау болып тиісетінін алдын ала «оқумен» біліп, үрейленеді.
49
Достарыңызбен бөлісу: |