28
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
неге асады» деп күндеп, Ибраһимді
өлтіреді, жалғыз қызы Зəйраның
ғашығы Жебірейілдің қанын жүктейді. Жарынан айрылып, күйікке
шыдамай, өлім алдында жатқан Зəйраның соңғы қоштасуын естіп,
көзіне жас толған Жүсіп ауыр қайғы үстіндегі қалын:
Өткен істің қасіреті ойға түсіп,
Келді-ау деп əлгі кемпір қылған зары.
Екі көзден жас ыршып, атып кеткен,
Тоқтамай сорағытып əжім беттен.
Жуан қара білектей бурыл мұртқа
Домалап ұлы жасы барып жеткен
38
, –
деп суреттейді.
Жүсіп бұл атырапта менен асқан атқыш болуы мүмкін емес деп
дандайсиды. Ол атып жыға алмаған арқар
тау басына бір-ақ шыққан
кезде Ибраһим ойқастаған арқарды бір оқпен құлатады.
Қайта атарлық, ей мырза, сен емеспін,
Тағы арқарың бар болса, көрсет маған
39
, –
деп қалжыңдайды.
Долы Жүсіп қапысыз тұрған Ибраһимге қанжар салады, өлтіреді.
«Жалғызымды жазықсыз өлтіргенді ат, Алла! Оның тұқымын құрт
құдай!» – деп зарлаған қарт ана баласының
жетісіне азар жетіп қайтыс
болады.
Жүсіптің ұлдары мен қызы толықсып ер жетеді. Ол баяғы
кемпірдің қарғысын ұмытқандай. Бірақ Жүсіп жазасын тартпай
кетпейді. Оның ер жеткен екі ұлы соғыста өлсе, күйіктен айығып
үлгермеген Жүсіптің тағы бір екі ұлы тасқын судан ажал таба-
ды. Жүсіптің қайғысы мұнымен де аяқталмақ емес. Өзіне тартқан
қанжаршыл баласы Рақым «қарындасымды қалыңдыққа қалай
батылың барып сұрайсың» деп өзеурейді.
Көнбеймін əкем көнсе,
осы сөзге,
Азғырған бір кедейдің тіліне ерсе.
Əкемнің де құлы көп сен секілді,
Атылып өлмеймін бе саған берсе
40
, –
деп Жебірейілмен қанжарласып қайтыс болады.
Жебірейіл Рақымды өлтіргенін Зəйрадан жасырмайды. Рақымның
өз жазасынан өлгенін білген Зəйра Жебірейілдің кінəсін кешіп, оны
қамқор жарым деп білетіндігін айтады. Бірақ Жүсіп қалайда кек ал-
38
Ақылбай. Қисса Дағыстан Жүсіп. Қазақ ССР ҒА архиві. П. 1915. 189-б.
39
Сонда, 191-б.
40
Сонда, 197-б.
29
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
май тынбақ емес. Ол қасындағы құлдарымен жабылып, Зəйраның ал-
дында Жебірейілді қанға бояйды. Мұны көріп, «дірілдеп есі шығып»
əкесіне келген Зəйра:
Құрыттың тұқымыңды меніменен,
Өлтірдің
ішімдегі баламды да
41
, –
деп Жүсіптің айыбын бетіне басады.
Сөйтіп Жүсіп өркөкіректігі, күншілдігі, долылығы сазайын
тартқан, баянсыз кекшілдікке салынып, жазықсыз жандардың сан рет
қанын төккен, қарғысқа ұшыраған, атырапқа «əй, кəпір» атанған жан
ретінде де бейнеленеді.
«Көрұғлының» қазақ арасына тараған түрлі нұсқалары бар,
оның таза қазақ тілінде жазылған нұсқаларының бірі – М.Ж.Көпеев
қолжазбасында сақталған. Бұл хикаяның баспа бетін көрген бір үлгісі
1894 жылы шықты.
Мұнда Көрұғлы айлалы, жауына қатал, досына
мейірімді, балажан батыр ретінде бейнеленеді. Оның асырап алған
ұлдары – Хасенхан, Ғозхан тумаса да туғандай ұл бола білгендер.
Көрұғлымен жорыққа аттанған тəжіктен келген Бөлек жау қарасын
көріп: «Он бір ала қазым, төрт қоразым, мал-мүлкім, əйелім
қалып ба-
рады» деп байбалам салып, үрейленеді, ұрысқа кіруден бас тартады.
Хонхар ханның қатал əміріне ұшырап, баласының дарға асылғалы
жатқаны, Ғозхан, сен төре нəсілді емессің, Көрұғлының асыранды
ұлысың, теңім емессің деп тəкаппарланған Ботакөзайым жайы сөз
болады. Түрлі уақиғаға толы бұл хикая таза қазақ тілінде жазылмаған
десек те, оның тарихтық, эпостық қасиетін көрмеуге болмайды. Онда
Хорезм, Эсфəһəн, Көржастан,
Жамбыл деген қала аттары, қызылбас,
өзбек, тəжік, түрікмен деген халық аттары кездесіп отырады.
Жамбыл қаласына сұлтан болған Көрұғлы жүз жиырма жыл
жасап, батырлықпен даңқы асады. «Ол екі зағифадан» бір перзент
көрмей, «орнымды басар балам жоқ, ел-жұртым иесіз қалды-ау»,
– деп шерленеді. Қырық жігітін жинап алып: «кимегенді кидіңдер,
ішпегенді іштіңдер, мəртебеге жеттіңдер, үстеріңде
ақ сауыт,
белдеріңде қылыш, Хасенханымыз бар, енді армандарың бар ма?»
деп сұрайды. Жігіттер: «Хонхар ханның елінде хор сипатты сұлу бала
бар, соған оң тізеңді бастырсаңыз, армансыз болар едік», – деседі.
Көрұғлы Ғозханды алып қашады. Артынан кеткен Хонхар ханның
қуғыншыларымен соғысып, баланы бермей кетеді.
Бір күні Көрұғлы: «мені өлгенде қалай жоқтайтындарыңды осы
тірі күнімде айтыңдар», – дейді. Оны өлеңге қосқандар: «Ғозхан мен
41
Достарыңызбен бөлісу: