Психология 1-ші тақырып
Заманауи жеке тұлғаның қалыптасуындағы және қоғамдық сананың дамуындағы психология мен психологиялық білімдердің мәні?
Тұлға қалыптасуының алғашқы кезеңі мектепке дейінгі жас. Тұлғаның əлеуметтену процесі адам өмірінің алғашқы сағаттарынан басталады. Бірақ алғашқы үш жыл өмірдің тарих алды, яғни оның дамуына қажетті жағдай туғызу кезеңі болып табылады. Элькониннің жіктемесі бойынша бұл нəрестелік кезең делінеді. Мектепке дейінгі кезең – (3-7 жас) алғашқы этикалық нормалар қабылданатын кезең. Баланың негізгі қызмет түрі рөлдік ойын. Осы кезеңде бала идентификация арқылы ережелерді, нормаларды, критерийлерді қабылдайды. Бұл процесс дəнекер үлкен адам арқылы жəне құрбысы арқылы жүзеге асады. Балалардың жүріс-тұрысына үлкен адамдар, олардың қимыл- Жасөспірімдік кезең (10-11, 13-14 жас). Бұл жастағы балалардың негізгі қызметі айналасына айрықша назар аудару. Сонымен қатар, бұл жаста араласудың ерекше нысаны – құштарлық (интимдік) қатынас пайда болады.
Жасөспірімдік шақтың алғашқы кезеңінде құрбыларға деген бағдарда бұрылыс болады. Құрбылармен сөйлесу жəне мұндай қатынастардағы жақсылық жасөспірім үшін үлкен құндылық. Кольбергтің жіктемесі бойынша, бұл кездегі құндылықтың қалыптасуындағы негізгі рөл эмоцияға беріледі. Оның ойынша, дəл осы жасөспірімдік кезде эмоция дамуының психологиялық сатысы басталады.
Жастық кезде (15-18 жас) тұлғаның негізгі компоненттері қалыптасады. Олар мінез, жалпы жəне арнайы қабілеттер. Тұлғаны қалыптастыратын қиын компоненттер үлкен өмір табалдырығын аттаудың алғышарттары болып табылады. Бұл кезеңнің негізгі ерекшелігі, өзіндік рефлексияның күшеюі, яғни өзінің тұлғасын тану, өз қабілеттерін бағалау. Осы кезде венгр философы П. Хайдудың айтуынша білім алу кезінде эмоционалдық бағалау мен уайымдау болмаса, индивидтер позитивтік құндылықтарды тек сөз жүзінде вербалды деңгейде ғана қабылдайтын болады. Сонымен əлеуметтік нормалар мен жалпы қабылданған принциптерді рационалды бағалау, саналы ішкі қабылдаудың негізгі жағдайы болып табылады.
Жоғары оқу орындарында кəсіби дайындыққа оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері, ұстаздар мен топтағы қарым-қатынас ерекшеліктері, оқу-тəрбие шаралары т.б. жағдайлар əсер етеді. Бұл ықпалдарды көптеген зерттеушілер жұмысынан байқауға болады. Б.С. Круглов, А.В. Петровскийлердің айтуларынша, оқытуды ұйымдастыру кезіндегі дəстүрлі емес нысандар құндылықтық бағдарлардың қалыптасуына əсер етеді. Сонымен, бұдан көрініп тұрғандай белгілі бір құндылықтың пайда болуы кəсіпке бейімделуге септігін тигізеді. Оқыту процесі кезінде, кəсіптік оқыту кезінде студенттердің бойында құндылықтық бағдарларды қалыптастыруға үлкен əсер тигізетін тұлға ұстаз болып табылады. Ол ұстаздың оқыту процесін ұйымдастыруына жəне оның мазмұнына байланысты.
Мәдениет тану 1-ші тақырып
маманды кәсіби дайындау жүйесіндегі саясаттану Маманды кәсіби дайындау жүйесіндегі саясаттану саясаттану сөзі («политология») грекше политика» деген ұғымды білдіретін, саясат туралы үылым.Саясаттанудағы парадигма – бұл саяси шындықты бейнелейтін, қоғамдық құбылыстарды теориялық тұрғыдан түсіндірудің моделін белгілейтін қағидалар мен әдістер жиынтығы.Парадигма – бұл шындықты қабылдау мен түсіндіру жолдарын анықтайтын нақты логикалық, ақыл-ой моделі. Ол саясатты зерттеуге, фактілерді іріктеуге және қорытуға, нақты мәселелерді шешуге, оқиғаларды болжауға бағытталған. Саясаттанудың негізгі парадигмалары – теологиялық, натуралистік, биосаяси, әлеуметтік және психологиялық.Енді барлығына тоқталып,қарастырайық. Теологиялық парадигма.Ол әлеуметтік, саяси байланыстар мен адамдардың мінез-құлқы негізінен адам өмірінің құдайдан пайда болуы туралы ілім шеңберінде түсіндірілді. Әрине, саясаттың табиғатын осылай түсіндіруді ғылыми деп айту қиын.Саяси құбылыстарды түсіндірудің бұл формасы бірнеше ғасырлар бойы болғанын ұмытпаған жөн.Сондықтан оны жоққа шығаруға да болмайды.Ортағасырлық ойшыл Аквинский теологиялық көзқарасты басқаша түсіндіруді ұсынған болатын. Ол биліктің 3 элементін бөліп көрсетті:принцип ,әдіс және тіршілік ету.Әуелгісі Құдайдан,кейінгі екеуі адамның қалауымен орын алады.Сонда билік және биліктің субъектілері тек қана табиғаттың тыс күштерімен ғана емес, сонымен қоса адамның еркімен де анықталады. Биліктің күші Құдайдан келеді, ал мұндағы адамның рөлі жоспарларды өзінің мінез- құлқына сай дәл және толық бейнелеу қажеттілігінен тұрады.Сонымен теологиялық парадигманың ғылыми білімге емес, сенім қағидаларына негізделгендігін байқау қиын емес.Бірқатар ғалымдар бұл тәсіл ғылыми білімді дамытудың, әлемнің құрылымы туралы жаңа деректерді жинақтаудың келесі кезеңдерінде өзін таныта алады деп санайды. Натуралистік парадигма.Натуралистік көзқарас саясатты табиғи сипаттағы факторларға сүйене отырып түсіндіруге тырысады. Оларға мыналар жатады: географиялық орта, адамдардың биологиялық және психикалық қасиеттері, климаттық жағдайлар, адамның нәсілдік ерекшеліктері және т.с.с. Натурализм ежелгі дәуірден бастау алады. Географиялық ортаның саясатқа әсерін Гиппократ, Платон, Аристотель және басқа да бірқатар ежелгі ойшылдар атап өтті. Геосаясаттың негізін қалаушы, климаттың адам мінез-құлқына әсері туралы тұжырымдама жасаған француз ойшылы Дж.Боден деп саналады. Кейіннен бұл тұжырымдаманы К.Монтескье саясаттағы геосаяси бағыттың негізгі қағидаларын құрайтын Заңдар рухы туралы эссесінде әрі қарай дамытты. Монтескьенің ойынша, географиялық ортада ең алдымен климат халықтың рухын, басқару нысаны мен әлеуметтік жағдайының сипатын анықтайды.Ал кейін Джон Маккиндер геосаясат идеяларын дамытты. Олардың тұжырымдамасы бойынша географиялық ортаға саяси күштердің орналасуы маңызды болып табылады.Ол әлемді құрлық және теңіз күштеріне бөлді. Бүгінгі таңда геосаяси факторларды ескеру кез келген мемлекеттің саяси бағытын қалыптастырудың ажырамас бөлігі болып табылады. Биосаяси парадигма.Саясаттың биологиялық негізін, адамдардың саясат саласындағы мінез-құлқын эмпирикалық зерттеуге бағытталған. Биосаяси парадигма өзінің қазіргі түрінде физиология, генетика, мінез-құлық биологиясы, экология және эволюциялық философияның синтезіне негізделген саналы түрде құрылған теория болып табылады.Маркс және оның ізбасарлары биологиялық принцип саяси процестерге кез- келген әсерді тек әлеуметтік деңгейде өзгертілген жойылған түрінде көрсете алады деп сенді. Отандық гуманитарлық білім үшін мұндай теориялық қатынастарды қабылдау, олардың ұтымды принциптерін түсіну өте қиын.