Қазіргі кезеңде білім беру деңгейлік ұйымдастырылумен, өздігінен дамитын тұтас жүйе ретінде сипатталады; білім беруді зерттеудің пәнаралық сипаты мойындалады; педагогикалық үдеріс адам дамуының әртүрлі мүмкіндіктерін жүзеге асыру ретінде синергетикалық деп түсіндіріледі; білім беру философиясының негізгі мәселелері күрделі жүйені зерттеу үшін қолданылатын интегративтік тұғырдың көмегімен жасалады.
Жүйелілік тұғырзерттеу объектісін жүйе түрінде қарастыруға негізделген зерттеудің әдіснамалық бағдарын көрсетеді, яғни өзара
әрекеттесу арқылы байланысқан элементтердің жиынтығы, сонымен бірге бірегей тұтастық ретінде қатысады. Білім беру жүйесі жүйелік сипатқа ие.
Кәсіптік білім берудің заманауи жүйесі әдіснамасының жалпығылыми деңгейінің негізінде жүйелілік және синергетикалық тұғыр (тәсілдеме) бөліп көрсетіледі. Синергетикалық тұғыр (тәсілдеме) заманауи маманның үлгісін әзірлеуге бағдарлайды. Бұл ретте болашақ мамандардың тұлғасын қалыптастыру жүйесі өзін-өзі ұйымдастыратын және өзін-өзі дамытатын әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылады.
Ақпараттық-синергетикалық тұғыр(тәсілдеме). Тәсілдің мәні екі ережемен ашып көрсетіледі: ақпарат көп сатылы және уақыт бойынша қайтымсыз үрдіс; ақпараттық үрдістер күрделі жүйелердің өзін-өзі ұйымдастыру механизмдері болып табылады. Бұл тәсілдеме ақпараттық ағындардың өсуінің қазіргі заманғы болмысын және олардың социумға, көп жағдайда оның даму жолын алдын ала анықтайтын ақпараттарға тәуелді білім беру жүйесіне әсерін бейнелейді.
Мәдени тәсілдеме – бұл тұлғаны жалпыадамзаттық мәдениетке тарту. Мәдениеттанушылық тәсіл болашақ мамандардың эстетикалық дамуына, гуманитарлық мәдениетін қалыптастыруға үлкен әсер етеді. Тұлғалық – іс-әрекеттік тәсілдеме тұлғаны педагогикалық үдеріс орталығына қоюға мүмкіндік беретін білім берудің жетекші стратегиясы.
Аксиологиялық тәсілдеметыңдаушылардың жалпыадамзаттық, ұлттық және кәсіби құндылықтарға бағдарлануын және коммуникативтік сипаттағы құндылықтарды, шығармашылық даралықты дамытуға бағытталған құндылықтарды, болашақ кәсіби педагогикалық қызметте тұлғаның шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі танытуын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құндылықтарды қамтиды.