Записка, шаблон презентации с сайта presentation-creation ru



бет3/4
Дата27.11.2023
өлшемі4,18 Mb.
#129795
1   2   3   4

Жерасты сулары жер бетіндегі өзендер мен көлдер суының молаюына әсер етеді. Жер бедерінің өзгеруіне де ықпалы бар. Жерасты суларының әсерінен үңгірлер мен сырғымалар пайда болады. Жерасты суы кейбір заттарды еріте отырып, шайып, жер астында түрлі үңгірлерді қалыптастырады. Осындай үңгірлердің бірі – Аппалач тауларының батыс беткейінен табылған, дүниежүзіндегі ең ірі Мамонт үңгірі. Жерасты суы – Жер шарындағы тұщы суқорының негізгі көзі.

Жер асты суының кең орны

Жер асты суының кең орны


Жер асты суының кен орны – жауын-шашынның, өзен суларының Жерге сіңуінен пайдаболатын жер асты суларының шоғырланған орны. Судың сапасына, химиялық құрамына,температурасына қарай тұщы, ашқылтым,термальді, шипалы (минералды), өндірістікқазба байлықты су кен орны болып бөлінеді. Ал қалыптасу жағдайларына қарай өзенарналарының грунт сулары, тау жыныстарының жарықшаларының, карст қуыстарыныңгрунт сулары, артезиан алаптарындағы арынды сулар, тектоникалық жарықтардағы сулар,тау етегіндегі ысырынды конус сулары, құм массивтерінің грунт сулары, т.б. болыпбөлінеді. Ең ірі жер асты суының кен орындары таулы аудандарға жанасаорналасқан қиыршыққұм, шағылқұм, малтатастардан құралғанысырынды моллас кешендерінде, өзен арналарының аллювиальдік шөгінділерінде, іріартезиан алаптарында кездеседі. Жер бетіне таяу (10 – 30 м) жатқан жер асты суының кенорындары өзен арналарындағы аллювиальдік шөгінділерде орналасқан. Термальді су кенорындары, негізінен, тереңде жатқан артезиан сулы қабаттарда, кейбір таулыаудандардың тектоникалық жарықтарында таралған. Температурасы 100°С-тан асатынтұщы термальді су кен орындары Жаркент (Алматы облысы) артезиан алабында 4000 –4500 м тереңдіктен табылған. Бұл бүкіл Жер шарындағы тұщы сулардың ең тереңге сіңгендеңгейі. Басқа жерлерде мұндай тұщы сулар 2000 м тереңдіктен аспайды. Қазақстанда 623жер асты суының кен орындары зерттеліп, қоры анықталған. Жер асты суының кенорындары елді мекендерді, қалаларды, ірі өндірісорындарын, санаторий, профилакторийлерді ауыз сумен, емдік қасиеті бар минералдысулармен қамтамасыз етуге пайдаланылуда.
Жер асты суын қорғау – жер асты суын жинауға арналған құрылыстардыпайдалану тәртібі оның қорларының сарқылуын болдырмауға тиістілігінқадағалау. Газ, мұнай, көмір және басқа да кен байлықтарды іздестіруге, барлауғажәне пайдалануға байланысты жұмыстарды жүргізген кезде ашылған жерастындағы су шығатын қабаттар олардың ластануын болдырмайтын сенімдіоқшаулаумен қамтамасыз етілуге тиіс. Суы өздігінен құйылып жатқан ұңғымалар,сондай-ақ пайдалануға жарамсыз немесе пайдалануы доғарылған реттегішқұрылғыларымен жабдықталуға, тоқтатып қоюға немесе жойылуғажатады. Өнеркәсіптік пайдаланылған ақаба суды төгуге арналған сіңіргішұңғымаларды бұрғылауға бұл ұңғымалар ауыз сумен және тұрмыстық суменжабдықтау үшін жарамды немесе пайдаланылып отырған су шығатын қабаттыластаудың көзі болып табылуы мүмкін реттерде тыйым салынады. Cіңіргішұңғымаларды бұрғылауға бұл ұңғымаларды бұрғылау ауданында арнайызерттеулер жүргізілгеннен кейін берілген табиғатты қорғайтын, су ресурстарынбасқаратын, геология және жер қойнауын қорғайтын, кен және санитарлыққадағалау жасайтын мемлекеттік органдардың оң қорытындылары болған кездежол беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет