Зар заман өкілдерінің идеологиялық құндылықтары «Зар заман» поэзиялық ағымы қалыптасуының алғышарттары


Әдептілік пен сыпайылық әдет-ғұрпы



бет15/35
Дата05.06.2023
өлшемі362,36 Kb.
#98788
түріРеферат
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35
Байланысты:
Реферат

Әдептілік пен сыпайылық әдет-ғұрпы. Дала тұрғындарына тән әдептілік пен сыпайылық отбасы тәрбиесінен бастау алады. Бұл қасиеттер адам баласының бойында сарқылатын болса, ол қоғамның рухани тоқырауына әкеледі. Отан отбасынан басталатындығын дана халқымыз терең ұғынып, әрқашан жадында ұстап келген. Бұл атам заманнан халқымыздың сүйегіне сіңген қадір-қасиеттерінің бірі болып табылады.
Қазақ дәстүрінде үлкеннің атын атамайды. Жасы кіші үлкендерді немесе бөтен танымайтын кісіге «Сіз» деп құрметтеп «аға», «ағатай», «ата», «апа», «көке», «жеңге» деп атаған. Кіші үлкенді сыйласа, үлкен өз тарапынан кішінің кішілігін сыйлауы – халқымыздың қанына сіңген абзал әдет.
Жас келіндер ер-азаматты ерекше құрметтеудің белгісі ретінде күйеуінің жақын туысының атын атамаған. Күйеуінің әкесі мен шешесін ата, ене деп құрметтеген. Күйеуінің іні-қарындастарын шырақ, жарық, айнам, гүлім, бауырым деп еркелете ат қоятын, өзге туысқандарына да жаңа әрі жарасымды ат ойлап табатын.
Қазақтар екіқабат әйел мен жасы үлкен адамның алдын кесіп өтуді әдепсіздік санаған. Келіндер атасының, қайын ағаларының көзіне түспеуге тырысқан. Отағасы үйде жоқ кезде ересек ер адамның жақын туыс-бауыры болмаса, үйге түсуіне рұқсат етілмеген. Қазақтар үйге кірер алдында қару-жарағын әрқашан тыста қалдыратын. Ханның алдына қамшы ұстап кіруге де болмайтын.
Ауыл ақсақалдары тамақ үстінде үлкен табақтан жасы кішілерге асату жасайтын.
Дала тұрғындарында бір-біріне қуанышты хабарды «Сүйінші!» деп жеткізу әдет-ғұрпы болған. Қуанышты хабарды жеткізген адамға жылы сөздерін айтып, сыйлық жасаған. «Сүйінші» деп сәби дүниеге келгенде, ұл бала әскерден аман-есен оралғанда, тағы да басқа елеулі қуанышты хабарды айтады.
«Батырдан – сауға, аңшыдан – сыралғы», – дейді қазақ. Сауға деп жауға шапқан батырдың жорық олжасынан алынатын затты айтады. Мысалы, қазақ-жоңғар соғыстарында алыс әскери жорықтардан олжалы келген батырлар туған-туыстарына сауға ретінде мал, әшекей бұйымдарын т.б. беретін болған. Олжалы келе жатқан аңшыдан сыралғы сұраған. Аңшылар сыралғы сөзін жерге тастамайды, қалаған нәрсесін берген.
Осы әдет-ғұрыптардың бәрі Қазақстан халқының тұтастығын сақтауға мүмкіндік беріп, жылы қарым-қатынас орнатты, қоғамдағы моральдық-психологиялық ахуалды айтарлықтай жақсартты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет