Зар заман өкілдерінің идеологиялық құндылықтары «Зар заман» поэзиялық ағымы қалыптасуының алғышарттары


Ұлы дала тұрғындарының қонақжайлылық қасиеті



бет14/35
Дата05.06.2023
өлшемі362,36 Kb.
#98788
түріРеферат
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35
Байланысты:
Реферат

Ұлы дала тұрғындарының қонақжайлылық қасиеті. Ұлы дала тұрғындарына дәстүрлі қонақжайлылық қасиет ежелден тән. Олардың бұл қасиеті көптеген ғасырлар барысында қалыптасқан.
Қорқыт Ата өсиеттерінің қай заманда болмасын ескірмейтін асыл мұра болып табылатын сөздерінде қонақжайлылық дәстүрін берік ұстануға нұсқау берілген: «Қонағы жоқ қараша үйден құлазыған түз артық». Қазақ халқы дәулеттің арқасында қонаққа тегін дастарқан жайып, қонақжайлылығымен әлемді мойындатқан жұрт. Қонақасы – қазақтың бөлінбеген еншісі. Қарапайым қонақты тіпті күшті билеушілер де ренжітпей күтіп, қамқорлық білдіретін.
ХІХ ғасырдың аяқ кезінде Ресей зерттеушісі Виктор фон Герн былай деп жазған болатын: «Жалпы алғанда, қазақтар осы уақытқа дейін жылы жүзділігімен, қайырымды ақкөңілділігімен және қонақжайлылық қасиетімен таңғалдырады. Мұның өзі олардың сүйегіне ежелден сіңіп кеткен керемет асыл қасиет».
Үйге келген қонақ әрқашан үй иесінің қамқорлығы мен қорғауында болады. ХІХ ғасырдағы неміс зерттеушілерінің бірі Ф. фон Хелльвальд та былай деп жазады: «Қырғыз қайсақтар (қазақтар – авт.) барынша қонақжай мейірімді келеді. Олардың киіз үйіне кіріп жайғасқан кез келген жатжерлік адамның өзімді біреулер тонап немесе өлтіріп кетеді-ау деп қауіптенбей, алаңсыз ұйықтай беруіне әбден болады». Қазақ халқының қонақжайлылық қасиеті мен дәстүрі қазақ даласында болған шетелдік саяхатшылар, ғалымдар және қызмет бабымен келген адамдарды таңғалдырған. Француз зерттеушісі Ш.Е. Ужвальд де Мезе-Ковезд Ұлы дала тұрғындарының тамаша қасиеті туралы былай деп жазады: «Адамгершілік қасиеттері бойынша қазақ көңілді, ашық, ақылды, адал және қонақжай болып келеді. Олар шетелдіктерді керемет қонақжайлылықпен күтеді». ХІХ ғасырдың соңында ағылшын кен кәсіпорындарының акционерлік қоғамында қызмет еткен американдық инженер Э. Нельсон-Фелл қазақтардың қонақжайлылығы туралы жылы сезіммен баяндайды: «Бұл тамаша заң, оны барлығы ұстанады. Басқа заңдар мен әдет-ғұрып бұзылса да, бұл заң бұзылмайды».
Қазақ «Қырықтың бірі – Қыдыр» дейді. Қонақпен бірге еріп құт-береке кіреді. Далалықтарда үйіне келген адамға міндетті түрде тегін қонақасын беру, оған жайлы төсек-орын салып, қондырып жіберу әдет-ғұрпы ежелден орын алған. Күтпеген жерден келіп түсетін қонақты қазақ Құдайы қонақ деп оған айрықша құрмет көрсеткен. Егер үй иесі қонаққа ондай құрмет көрсетудің дәстүрлі әдет-ғұрпынан бас тартса, әлгі бейтаныс жолаушы үй иесінің үстінен биге барып, шағым айтуға құқылы болған. Ал би қонақжайлылық әдет-ғұрпын бұзған үй иесіне ат-тон айып (ат-тон немесе шапан көлемінде салынатын айып түрі – авт.) салатын. Әдетте, мұндай келеңсіз оқиға қазақ арасында өте сирек ұшырасқан. Мұндай айып төлеу түрі туралы А. Гейнс те жазады: «Әрбір жолаушыны мүмкіндігінше күтеді. Үй ішіне кіргізбеген және қонақасын бермеген үй иесі ат және шапан түрінде айып төлеуі тиіс». Үйіне келген қонаққа қонақасын бермеген адамды айналасындағы ел-жұрт та сыйламайтын болған.
Қазақтарда ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптың бірі – дәм ауыз тию. Үйге бас сұққан кез келген адамды дәмнен ауыз тигізбейінше, батасын алмай жібермейтін. Қазақ даласына жер аударылған поляк жазушысы А. Янушкевичтің қазақтардың қонақжайлылығы туралы: «Егер экватор сызығын бойлап ылғи қазақ ауылдары қонып отырған болса, мен Жер шарын бір тиын ақша жұмсамай айналып шыққан болар едім» деген сөзі өте дәл айтылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет