Зар заман өкілдерінің идеологиялық құндылықтары «Зар заман» поэзиялық ағымы қалыптасуының алғышарттары


Қазақстан тұрғындарының ашықтығы мен жарқын мінезі



бет13/35
Дата05.06.2023
өлшемі362,36 Kb.
#98788
түріРеферат
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
Байланысты:
Реферат

Қазақстан тұрғындарының ашықтығы мен жарқын мінезі. Мейірімділік, адамгершілік, жанашырлық, ашықтық, төзімділік сияқты қасиеттер Ұлы даланы мекен еткен қазақ халқының ұлттық болмысында ерекше танылған. Қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтаған дәстүрі мен мәдени құндылықтары бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға мүмкіндік беріп отыр. Ш. Уәлиханов: «Қазақтар – дүниежүзіндегі ең мейірімді халық», – деп жазады. Қазақтардың арғы ата-бабалары – ежелгі сақ, үйсін, қаңлы, ғұндар, ортағасырлық түркілер мейірімділік, рақымшылық, адамгершілік қасиеттерімен ерекшеленді. Сақтар досқа адал, дұшпанға қатал болған. Ғұндардың мықты да қуатты болуы себептерінің бірі олардың төзімділігі тіпті басқа дін мен бағыныштыларына жұмсақ мінез танытып отырды.
Ұлтымыздың мінезіндегі ғасырлар бойы қалыптасқан үлкенді сыйлау, сөзге беріктік, әйелді құрметтеу сияқты қасиеттер құндылықтарымыздың берік тұғыры саналады.
Әртүрлі ұлт өкілдері қазақ жеріне түрлі жағдаймен қоныс аудару барысында орналасты. Басқа ұлт өкілдері қазақтармен етене араласып, қазақ тілі мен мәдениетін меңгеруге ұмтылды. Тәуелсіздік жылдары өз елдеріне көшіп кеткен неміс, орыс, украин ұлттарының өкілдері арасынан өз отанына айналған Қазақстан жеріне қайта оралуы да орын алды.
Жасы үлкендерге құрмет көрсету. Дәстүрлi қазақ қоғамында жасы үлкен адамдарды құрметтеу рәсiмi ежелден бар болатын. Ондай құрмет жасы үлкен кiсiнiң қай рудан, қай жүзден, қай ұлттан екендiгiне қарамай көрсетiлетiн. Олар барлық мерекелерде, жиын-тойларда құрметтi орындарға, төрге шығарылды. Жиналыстарда елеулi рөл атқарды. Жастар олардың айтқан сөзiн жерге тастамай, мүлтiксiз орындайтын. Жас жiгiт үшiн үлкен табақтан ақсақалдың өз қолынан ет асау ең жоғары марапаттың белгiсi саналатын. Кiшi iнi үлкен ағаның рұқсатынсыз дастарқан басына өз бетiнше ешқашан отырмайтын.
Жас адамның үлкен кiсiнiң алдын кесiп өтуi көргенсiздiк саналатын. Жасы кiшiлердiң үлкендерге дауыс көтеруiне барып тұрған әдепсiздiк ретiнде үзiлдi-кесiлдi тыйым салынатын. Әңгiме үстiнде жасы үлкен кiсiнiң сөзiн бөлуге ешқашан рұқсат етiлмейтiн.
Жастар үлкендердің жолын кесіп өтпеген. Екі қазақ кездесе қалғанда жасы кішісі үлкеніне бірінші болып сәлем береді. Ақсақалдардың атын байлау тікелей жастардың міндеті саналды. Жастар алыс жолға аттанарда не үй болып, шаңырақ көтерерде жасы үлкен ақсақалдардың алдынан өтіп, ақ батасын алатын.
Жер дауы, жесір дауы, ру арасындағы болып тұратын күрделі дау-жанжалдарды шешуге ауыл ақсақалдары немесе рудың, ауылдың абыройлы азаматтары араласты. Үлкендерді құрметтеу барлық жағдайда орын алған. Саят құру кезінде жас аңшы бағалы олжасын өзімен бірге аңға шыққан адамдардан жасы үлкен ақсақалдың қанжығасына байлайтын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет