Зар заман поэзиясы. Зар заман поэзиясының зерттелуі



бет2/4
Дата29.03.2023
өлшемі51,04 Kb.
#77298
1   2   3   4
Байланысты:
Оразалы Айбике ҚТӘ202

Азулыға бар заман,
Азусызға тар заман...
Мұның өзі зар заман...
Зар,зар заман, зар заман ...
Зарлап өткен бір заман ...
Зар заманның аяғы –
Заманың кетті баяғы..., деп Шортанбай нақтылай түседі. Қазақ әдебиеті тарихындағы ағым, бағыттарды саралау, бекіту жайы, сарындарын жіліктеп-жіктеу жайы ХІХ ғасырдың соңынан бері сөз болып келе жатыр, ғылыми жүйеге біртіндеп түсуде. Сөз етіп отырған зар заман әдебиеті, зар заман бағыты, зар заман ағымы, зар заман сарыны деп санамызға әбден қалыптасып, сіңіп кеткен ұғымдардың ғылыми-теориялық негіздері тұтастай аяғына дейін сараланып болмағанын дәлелдеу. Жалпы, қазақ әдебиетіндегі бағыт, ағым атаулының ажыратылып айта бастауы ХІХ ғасырға жатқанымен, ғылыми негізде қарастырылуының өзі зар заман әдебиетінің негізін қалап, әдебиеттегі ағымды айғақтаушымен бірге ғана басталған, жазба әдебиетінің пайда болуымен тығыз байланысты. Ендеше, бағыт, ағымдардың айқындалуы, әдеби өмірге енуінің шартының бірі - әдебиеттің жазбаға көшуі. Зар заман- қазақ әдебиетінің «кезең асқан дәуірі». Ағым, бағыттар онымен бірге туды. Ендеше, зар заман ағымы- қазақ әдебиетіндегі бар ағым атаулының, бұрын –соңды байқалып, бекіген ағымның басы. Академик Зейнолла Қабдолов ағым, бағыт ұғымдарын жан-жақты негіздейді. Әдеби ағым- идеялық-көркемдік бірлік, әрбір әдеби ағым-әр дәуірдегі идеологиялық күрестің әдебиеттегі көрінісі, әдеби ағым – тарихи категория: белгілі бір қоғамдық жүйенің бөлімі кезеңдегі, белгілі саяси әлеуметтік сипатына сәйкес туады да, сонымен бірге дамып, бірге жоғалып отырады. Зар заман ақындарының кейбірінікі дін, кейбірінікі таза адамшылдық, тағы бірінікі шала күйде айтатын оқу өнер. Бұлардың сөз қылған жайлары басқа-басқа сияқты болып, атаған елдері әр түрлі болғанымен, барлығының басын қосқан ортақ жері бар. Ол ортақ жері: заман көлінің қайсысынан туатын өкініш, зар өткендей ойлап, күрсініп, сағынып, қазірден қажып, торығу, алдыңғыдан шошып, қорқу, сондықтан ыңыранып, зарығу, жылауына зорлау. Зар заманның пісіп жеткен кезіндегі толық шыны осы. Соңғы заман өлеңдеріне зар заман деген атау қойдық. Бұл атаудың иесі Шортанбай ақын «Зар заман» деген өлеңінде өзі көріп тұрған қазақ өмірінің барлық суретін айтады. Сол суреттер бойынша Шортанбай өмір сүрген заманның хал-жайы қалай пішінделеді, соны көрелік. Шортанбай әуелі бұрыннан көп айтылып келе жатқан «Заманға» қай заман екенін атап, ат қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет