Зарипова К. Т. дКял-101в тобы 9-билетке жауап



бет2/2
Дата31.10.2022
өлшемі31,18 Kb.
#46573
1   2
Байланысты:
Жалпы тіл білімі. 9-билетке жауап. Зарипова К.Т.

Тіл білімі терминдері, лингвистикалық терминология — тіл білімі саласындағы арнайы ұғымдар мен өзіне ғана тән объектілерді білдіру үшін жұмсалатын сөздер мен сөз тіркестерінің жиынтық атауы. Тіл білімі терминдері — лингвистикадан кейінгі екінші қатардағы тіл, басқаша айтқанда метатілдің құрамдас бір белігі. Оны зерттеуде едәуір қиындықтар да кездеседі. Өйткені, сырттай қарағанда, объект — тіл мен метатіл (екінші тіл) бір-бірімен сәйкес келіп жатады. Яғни тіл тұтастығын байқатады, яғни тіл тутастығын байқатады. Тіл білімі терминдері сондықтан: 1) объект тілде мүлде қолданылмайтын немесе сол объект тілден енген айрықша мәні бар сөздер, езіндік терминдерді; 2) күрделі терминдер құрамын тигізуге септігін тигізетін ерекше сөз тіркестерін қамтиды. Тіл білімі терминдері тілдің басқа құрамына енетін номенклатурадан ара жігін айырып түсіну керек. "Аттлютинация", "флекция", "фонема", "грамматика", "фонетика", "морфология", "синтаксис" десек, таза лингвистикалық терминдер жүйесін танимыз. Ал араб тіліндегі "ғаин" т. б. әрігі таңбалары номенклатуралық белгілер болып саналады. Бұлардың саны едәуір. Терминдер мен номенклатуралық бірліктердің (единицалардың) шеқарасы шектеулі емес, жылжымалы. Негізінде мағыналық шеңбері шектеулі болып келетін номенклатуралық таңбалар қолданыста біртіндеп жалпылық мазмұнға ие болған жағасырдайда тиісті ғылым ұғымды білдіретін терминге айнапуы әбден мүмкін. Яғни сонда термин нағыз тілдік обьектіні зерттеудің шешуші кезеңі болып табылады. Тіл білімі терминдері және кез келген басқа ғылым салаларының терминологиясы — терминдердің әншейін тізбегі ғана емес, сонымен бірге белгілі бір ғылым көзқарасты, дүниетанымды білдіретін ұғымдар жүйесі. Жалпы терминология ғылымның қалыптасқан, дамудың жоғарғы деңгейіне көтерілген тусында пайда болады. Терминді басқа лексикалық қабаттардан айырып тану оның нақты ғыл. анықтамалық сипатына байланысты. Тіл білімі терминдері терминологиялық жүйенің бір тармағы және соның бір үйірі мен түріне жатады. Терминдерге негізінен бір мағыналы, дәл, нақты бір құрамды болу керек деп талап қойылғанмен, ол синонимдік қатардан, көп мағыналылықтан, дублеттерден, варианттардан ада-күде арыла алмайды. О. С. Ахманова езінің "Словарь лингвистических терминов" деп аталатын еңбегінде "фразеологиялық единица" терминінің 23 синонимін келтіреді, сондай жағасырдайды "Лингвистикалық терминдер" деп аталатын (Кеңесбаев І., Жанұзақов Т.) сөздіктен де байқауға болады. Мысалы, "мағына", "тубір", "фраза" терминдерінің бірнеше мағынапары қатар өмір сүріп келеді. Бұл — бір тілдік объектінің өзін әр қырынан алып қарастыруға болады деген сөз. Осыдан кейін тіл білімінде термин реттеудің талассыз мәселесі туындайды, яғни Тіл білімі терминдері семиотикалық тұрғыдан мінсіз қалыптасқан жүйе болып саналмайды. Сондықтан термин реттеу проблемасы үнемі күн тәртібінен түспейді. Зерттеушілер табиғи тілдерге тән таңбалау заңдылығын бұзбау жайын қадағалап, тілді таза сақтауды қуаттаса, екіншілер жаңа терминологияны жасау тұрғысында ғылымның дамуын еш тоқтатуға болмайтындықтан термин реттеу тәртібін ұсынады:

  1. Лингвистикалық сөз қолданыстың қазіргі күйін зерттеу;

  2. Терминологияны іріктеп, оларды лингвистикалық терминдер сөздігінде беру,

  3. Екі және көп тілді терминол., ұлттық терминология жүйені салыстыра беру.

Мұндай іріктеу, сапыстыру барысында термин ретіндегі дәл осы ұғым, құбылыс табиғатын барыншадәл бере алатын сөздер мен сөз тіркестерін іріктей білу керек. Тіл білімі терминдері тұмшапаулы объект емес, оның қатары үнемі жаңа терминдермен толығып отырады. Сондықтан негізінен уәжді (мотивированный) терминдерге, яғни мағыналық құрылымы айқын терминдерге кеңірек жол ашылған мақұл. Кез келген терминология жүйенің еміршеңдігі оның ғылым тұрғыдан реттеліп саралануына байланысты. Осы талапқа жауап бере алатын терминол. жүйе езін дүниеге келтірген ғыл. бағыттан да өміршең болуы әбден мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет