Заседание баяндамалар / доклады



Pdf көрінісі
Дата03.01.2017
өлшемі433,31 Kb.
#1059
түріЗаседание

 

МАЗМҰНЫ / СОДЕРЖАНИЕ



 

 

ПЛЕНАРЛЫҚ

 

МӘЖІЛІС

 / 

ПЛЕНАРНОЕ

 

ЗАСЕДАНИЕ

 

БАЯНДАМАЛАР

 / 

ДОКЛАДЫ

 

Таймагамбетов Ж.К., Алипова С.Б. Қазақстан палеолит ескерткіштерізерттелуініңжаңакезеңі 



(1991-2011 

жж.). . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3 

Толеубаев А.Т. Некоторые историко-культурные выводы и культурогенетические 

параллели по геродотовым рассказам о скифах . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .10 

Шабашов А. В. К вопросу об этнических связях гагаузов со средневековыми тюркскими 

народами Восточной Европы (по материалам языка и культуры) . . .17 

Омарбеков Т. Үлкенсақордасы (массагеттер) . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  24 

Жумагулов К.Т. Об этногенезе германцев по данным современной антропологии. . . 28 

Худяков Ю.С. Торговые и культурные контакты населения Южной Сибири и Средней Азии в 

хунно-сяньбийскую эпоху и средневековье. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .32 

Квилинкова Е. Н. К вопросу об изображении образа волка в геральдике тюркских народов.. 36 

Елеуов М. Шу-Талас ӛңірлері мен Қаратаудыңсолтүстікбеткейіндегіортағасырлық 

қалаларыныңқорғанысжүйесінің 1984-2012 жылдардағызерттелутарихы. . . .44 

Қалыш А.Б., Касымова Д.Б. Проблемы культурной адаптации репатриантов. . . . . . . . . . . . . . 50 



АРХЕОЛОГИЯДАҒЫ МӘДЕНИЕТТЕР САБАҚТАСТЫҒЫ МӘСЕЛЕСІ

 

ПРОБЛЕМА ПРЕЕМСТВЕННОСТИ КУЛЬТУР В АРХЕОЛОГИИ

 

Нурмуханбетов Б., Тулегенов Т.Ж., Джасыбаев Е.А. Музеефицированный курган 



раннежелезного века из некрополя Иссык. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .67 

Тӛлеубаев Ә.Т., Талеев Д.Ә., Жуматаев Р.С., Шағырбаев М.С. Асусайқалашығында 

2013 жылыжүргізілгенқазбажұмыстары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 73 

Султанов Э.К. Исследования памятников эпохи бронзы Кыргызстана в 30 – 80-е гг. ХХ в... 80 

Подобед В.А., Усачук А.Н., Цимиданов В.В. Углы жилищ как медиативные локусы 

(Поселения эпохи бронзы Центральной Азии и Сибири) . . . . . . . . . . . . . . . . . . .87 

Нуржанов А.А., Терновая Г.А. Двухступенчатый алтарь в помещении архитектурного 

комплекса VIII–IX вв. на городище Кастек-1. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .94 

Байгунаков Д.С. Кӛшпелілердіңтарихын, археологиясын, этнографиясын, мәдениеті мен 

ӛнерінзерделеудіңкейбірӛзектісауалдары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 101 

Ахметкалиев Р.Б., Алтынбеков К. Анализ содержания микроэлементов и тяжелых 

металлов в почве и археологической древесине и их применение в консервации. .105 

Жұмаділ А.Қ. Кӛшпелілердіңәскериісінеқатыстыдалалыққұқықнормалар мен әдет-ғұрыптар. . . 

. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .107 

Мырзағалиев Е.Р., Бисембаев А.А. Қ.Жұбановатындағы АӚМУ мұражайқорындағы 

араб жазуы бар қазақсүңгісі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .112 

Новоженов В.А. Этнокультурные маркеры андроновского погребального обряда (по 

материалам могильника Карагайлы 3) . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 115 

Иванов С.С. Новые находки вислообушных топоров эпохи бронзы из северного 

Кыргызстана. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 127 

Бексеитов Ғ.Т., Искаков Ғ.Т., Оспанов Е.Б. БатысҚазақстаноблысындағы 2013 жылы 

ашылғантасғасырыескерткіштері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 134 

Егорова К.А. Петроглифы ущелья Шокпар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  141 

Байдышев Т.А., Бисембаев А.А. 

Жемӛзеніалабындағыкӛнешұңқырмәдениетініңжаңаескерткіштері (Б.з.д. IV 

мыңжылдықтағыкӛшіқонбағытыныңмәселесіне) . . . . . . . . . 147 

Омаров Ғ.Қ., Куркеев Е.М. Бұғытастардыңсемантикасымәселесі. . . . . . . . . . 154 

Джафарова Э.Б. ИчериШехер – памятник мировой культуры. . . . . . . . . . .  157 

Сойкина Н.Ю. К проблеме музеефикации археологических памятников. . . . . 158 

 


 

 



Ж.Қ. Таймағамбетов*, С.Б. Алипова**  

* - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, тарих, археология және 

этнология факультеті т.ғ.д., профессор, Қазақстан, Алматы қ.  

**  -  Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  университеті,  тарих,  археология 

және этнология факультетінің 3 курс PhD докторанты, Қазақстан, Алматы қ. 

 

Қазақстан палеолит ескерткіштері зерттелуінің жаңа кезеңі  

(1991-2011 жж.) 

 

Мақалада  Қазақстан  Республикасы  Ғылым  Академиясының  Ш.Ш. 



Уәлиханов  атындағы  тарих,  археология  және  этнография  институтының 

Қаратау  палеолиттік  отряды  мен  Қазақстанның  тас  дәуірі  ескерткіштерін 

зерттеу жӛніндегі Қазақстан-Ресей біріккен археологиялық экспедициясының 

соңғы  материалдары  қарастырылады.  Қазақстан  территориясында  кӛптеген 

тас  құрал  жабдықтардың  табылуы,  кӛне  тарихымыздың  тӛменгі 

хронологиялық  сызығын  ондаған  емес,  жүздеген  мың  жылдықтар  шегіне 

дейін  әрі  ысыру  мүмкіндігін  туғызып  отыр.  Яғни,  ӛлкемізді  адамзат 

қоғамының даму ошағы ретінде, бұрынғы КСРО құрамында Кавказ бен Орта 

Азияның  ӛзге  елдерімен  бірге  қоюға  мүмкіндік  беріп  отыр.  Бұл  жӛнінде, 

Қазақстан  археологтарының  жасаған  ғылыми  тұжырымдары,  Тәжікстан  мен 

Сібір  жерінде  ашылған  ғылыми  жаңалықтар  арқылы  да  қолдау  тауып  отыр. 

Соңғы  жылдары  атқарылып  келе  жатқан  халықаралық  экспедициялардың 

зерттеу  жұмыстары  Қазақстанның  ертедегі  тарихын  қалыптастыруда  үлкен 

орын алуда. 

 

Түйін сөздер: Қошқорған

Шоқтас, палеолит, Мұғалжар, Шүлбі, бифас.



 

 

Тәуелсіз 



Қазақстандағы 

археология 

ғылымында, 

Қазақстан 

территориясындағы 

палеолит 

ескерткіштерін 

зерттеу 


тарихын 

«Қазақстанның  тас  дәуірі  (зерттелу  тарихы  мен  негізгі  мәселелері)»  атты 

монографияда тӛрт кезеңге бӛліп қарастырылады [1]. Алғашқы сатысы ХХ ғ. 

басынан  кеңестік  археологтардың  экспедициялық  зерттеу  жұмыстарынан 

басталды. 

Археологтардың 

Қазақстанның 

кӛне 


дәуіріне 

деген 


қызығушылықтары 

ӛте 


жоғары 

болды. 


Соның 

ішінде, 


зерттеу 

жұмыстарының екінші кезеңінің бірінші этапы 40-шы жылдардың соңы, 50-

ші  жылдардың  басына  сәйкес  келеді.  Жалпы,  ХХ  ғасыр  аумағы  ғылыми 

материалдарды  кеңестік  археологтар  мен  ӛзге  де  мамандардың 

жинақтауындағы ӛте құнды, маңызды кезең болды.  

Екінші кезеңнің бірінші этапының басты ерекшелігі (50-ші жылдардан 

–  80-ші  жылдарға)  дейін  –  тастан  жасалған  бұйымдардың  кездейсоқ 

табылуымен емес, тұтастай бұрынғы мәдениет орындарының ашылуымен де 

ӛте  құнды.  Академик  Қ.И.  Сәтбаев  бастамасы  бойынша  Қаратау  жотасы 

үстіртінде  геологтардың  жүргізген  зерттеу  жұмыстары  барысында  Үлкен 



 

қаратаудың  бірнеше  жерінен  палеолит  сипатындағы  шақпақ  бұйымдарының 



(кремневые  изделия)  табылуымен  ерекшеленді  [2].  Шын  мәнінде  бұл  осы 

ӛлкедегі палеолит бұйымдарының алғашқы табылуы еді. Сәл кейінірек, 1956 

жылы  Н.В.  Седов  пен  Г.А.  Ярмактың  бастауымен  Қаратаудың  Солтүстік-

Шығыс  бӛлігінен  палеолит  сатысында  жасалған  кӛптеген  тас  бұйымдары 

(қырғыштар, призма сипатындағы шапқылар, сына т. б. бұйымдар) табылды 

[3]. 


Үшінші  кезең,  1980-1991  жж.  Қазақстан  Республикасының  егемендік 

алу уақытына дейінгі аралықты қамтиды. 

Тӛртінші  кезең,  1991  жылы  тәуелсіздік  алғаннан  кейінгі  Қазақстан 

жерінде  біріккен  археологиялық 

экспедициялардың  жұмыстарымен 

баяндалады. 

Қазақстанда  тас  дәуірі  ескерткіштерін  зерттеудің  жаңа  сатысы  әрине, 

Қазақстан-Ресей  біріккен  археологиялық  экспедициясының  (1992-2004  жж.) 

жұмыстарымен  байланысты.  «Ежелгі  адамдардың  палеоэкологиясы  және 

Еуразияның  аридтік  аймақтарына  таралуы»  ғылыми  бағдарламасының 

негізінде  1992  жылы  Ә.Х.  Марғұлан  атындағы  археология  институты,  РҒА 

СБ  археология  және  этнография  институтымен  (Новосібір  қ.)  және  ҚР  ҰҒА 

Қ.И.  Сәтбаев  атындағы  геология  ғылымдарының  институтымен  5  жылға 

келісім  шарт  жасалып,  зерттеу  жұмыстары  басталып  кетті.  1995  жылдан 

бастап,  «Қазақстанның  аридтік  аймақтарының  палеолиті:  кезеңделуі  мен 

хронологиясы»  тақырыбында  5  жылдың  ішінде  халықаралық  ғылыми  жоба 

Ә.Х.  Марғұлан  атындағы  археология  институты,  РҒА  СБ  археология  және 

этнография институтымен (Новосібір қ.), Х.А. Яссауи атындағы халықаралық 

Қазақ-Түрік университетінің арасында жүзеге асты [4].  

1992  жылы  ҚР  ҒА  археология  және  этнография  институты  мен  Ресей 

Ғылым  академиясының  Сібір  бӛлімшесінің  (Новосібір)  Археология  және 

этнография  институты  арасында  болашақта  ӛзара  серіктес  болып  жұмыс 

атқару туралы келісім шартқа қол қойылды. Осы келісім шарт негізінде В.Г. 

Петров,  В.Н.  Зенин,  В.Т.  Петрин,  Т.И.  Нохрина  Қазақстан  территориясынан 

табылған  жарты  ғасырлық  тас  құралдарының  жинағын  ӛңдеуге  кірісті, 

табылған  артефактылардың  саны  мӛлшермен  жүз  мыңнан  асып  түседі  және 

ӛкініштісі олар қазіргі таңға дейін ғылыми айналымға енбеген. Семізбұғы, 2 

пункт  жинақтары бойынша 8 б.т. кӛлемінде баспа дайындалды және  келісім 

шарт  негізінде  Қазақстанның  тас  дәуірін  зерттеумен  шұғылданатын  отряд 

біріккен  Қазақстан-Ресейлік  археологиялық  экспедициясы  құрылды  [5]. 

Аталған  отряд  Оңтүстік  Қазақстан,  Шымкент  және  Жамбыл  облыстарында 

далалық зерттеу жұмыстарын жүргізді.  

Экспедиция  отрядтары  2003  жылға  дейін  Қазақстанның  түрлі 

аудандарында 

ғылыми-зерттеу 

жұмыстарымен 

шұғылданды. 

Оның 


басшылары  Ресей  жағынан  –  академик  А.П.  Деревянко.  Ал  Қазақстан 

жағынан  экспедицияға  –  т.ғ.д.,  профессор  Ж.Қ.  Таймағамбетов  жетекшілік 

етті.  Жұмыс  екі  бағытта  жүргізілді:  палеолит  ескерткіштерін  іздестіру  және 


 

лабораториялық жұмыстар. Бұл экспедицияның атқарған зерттеу жұмыстары 



қазір тамаша нәтижелер беруде. 

Ресейлік  археологтардың  ішінде  Қазақстан  палеолитін  зерттеуге 

академик - Деревянко Анатолий Пантелеевич зор үлес қосқан ғалым. Ол кӛне 

тарихымыз  және  археология  саласындағы  танымал  археолог.  Ғылым 

ортасында  ол  Азия  және  Американың  ежелгі  тас  дәуірі  мәселелерін 

қарастырып  жүрген,  Еуро-Азиаттық  құрлықты  алғашқы  адамдардың 

қоныстануы,  Еуразияның  аридті  аймақтарындағы  палеолит  мәдениетінің 

хроностратиграфия  және  корреляциясы,  Орталық,  Солтүстік  және  Орта 

Азиядағы  кӛне  тұрақтарда  жаратылыстану  ғылымдарын  қолдану  арқылы 

зерттеу жұмыстарын ұйымдастырушы білікті маман ретінде танымал. Ғалым 

Солтүстік,  Орталық  Азия  территорияларында  жүзден  астам  археологиялық 

ескерткіштерді ашып және зерттеу жұмыстарын жүргізген.  

Орталық  Азияның  аридті  аймақтарында  А.П.  Деревянко  Қазақстан, 

Ӛзбекстан  және  Қырғызстан  археологтарымен  ауқымды  біріккен  зерттеу 

жұмыстарын  ұйымдастыра  алды.  1990  жылдары  ресей  ғылымы  үшін  жеңіл 

кезең болмағаны баршамызға мәлім, осындай қиындықтарға қарамастан жоба 

ӛз  жұмысын  қарқынды  бастады.  Осы  орайда,  әрине  Анатолий 

Пантелеевичтің  ұйымдастырушылық  қабілетін  ерекше  атап  кеткеніміз  жӛн, 

ол  әр  түрлі  мемлекеттің  ғалымдарының  басын  біріктіріп  ғылыми-зерттеу 

жұмыстарымен  шұғылданатын  ұжымды  құра  алды.  Бұл  ұжымға  Ресейлік 

(В.Т. Петрин, А.Н. Зенин, С.А. Гладышев, А.И. Кривошапкин, Т.И. Нохрина, 

А.Г.  Рыбалко,  А.А.  Цыбанков,  В.С.  Славинский,  К.А.  Колобова,  К.И. 

Милютин  (РҒА  СБ  археология  және  этнография  институты),  В.П. 

Семибратов  (Алтай  мемлекеттік  университеті)),  Қазақстандық  (Ж.Қ. 

Таймағамбетов,  Ғ.Т.  Бексейітов,  Ғ.Т.  Искаков,  З.  Исабеков),  Ӛзбекстандық 

(У.И.  Исламов,  Р.Х.  Сулейманов,  К.  Алимов,  Б.  Сайфуллаев), 

Қырғызстандық  (Т.  Чаргынов,  К.Ш.  Табалдиев)  және  т.б.  мамандар  кірді. 

Құрылған  топтың  құрамында  жас  және  зерек  ізденушілер  де  жұмыс 

атқарғандығын  атап  кету  керек,  кейін  жас  ғалымдар  А.П.  Деревянконың 

жетекшілігімен диссертацияларын қорғап шықты. 

Қысқа  ғана  он  жыл  ішінде  Шығыс,  Оңтүстік  және  Солтүстік-Батыс 

(Мұғалжар) Қазақстан, Солтүстік Балқашмаңы, Маңғышлақ, Солтүстік  Арал 

маңында  жүзден  астам  ашық  түрдегі  тұрақтарды  анықтап,  зерттеу 

жұмыстарын  жүргізді.  Оңтүстік  Қазақстанда  Қошқорған  І,ІІ,  Шоқтас  І-ІІІ 

тұрақтарында қазба жұмыстары жанданды.  

А.П.  Деревянко  аймақты  алғашқы  адамдармен  қоныстану  процесін 

Африкадағы ежелгі гоминидттердің миграциясымен байланыстырады. Оның 

пікірінше,  мәдениеттің  бірінші  нұсқасы  Тәжікстан  (Хонако  тұрағы,  В.А. 

Ранов  зерттеген)  және  Қазақстанда  ұсынылған.  Қазақстандық  ӛңірге,  бізге 

Х.А.  Алпысбаевтың  еңбектерінен  мәлім  Маңғышлақ  және  Қаратаудағы 

артефактілердің  кешендерімен  қоса,  ол  ӛзі  шәкірттерімен  бірігіп  ашқан 

Қаратау  жотасының  солтүстік-шығыс  бӛлігінде  орналасқан  Қызылтау 

тұрағын  жатқызады.  Бұл  мәдениеттің  айқын  белгілерін  А.П.  Деревянко 


 

Қошқорған, Шоқтас тұрақтарының микролиттік индустриясынан да байқауға 



болады деген ойда. 

Орталық  Азияның  келесі  сатысы  тӛменгі  палеолит  кезеңі  аймақтарда 

ашель  мәдениетінің  белгілерінің  кӛрініс  табуымен  белгілі.  А.П. 

Деревянконың ойынша, ашель мәдениетінің кең тараған аймақтарының бірі – 

Қазақстан. Батыс, оңтүстік, орталық, солтүстік-шығыс Қазақстан ӛңірлерінде 

екі шеті ӛңделген артефактілердің кӛптеп кездесетіндігі дәлел бола алады [6]. 

А.П. Деревянконың Ж.Қ. Таймағамбетов, О.А. Артюхова,  В.Т. Петрин 

және  т.б.  танымал  археологтармен  бірігіп  жазылған  монографиялары 

Қазақстан палеолиті туралы баяндалған құнды еңбектер болып табылады. 

1992  жылы  ҚР  БАЭ  Солтүстік  Балқаш  ӛңірінде,  Семізбұғы  тауының 

оңтүстік  –  батыс  бӛлігінде,  жергілікті  қара  түсті  девонның  кремнийлі 

алевролиттерінен  жасалған,  ерте  және  кейінгі  палеолиттің  түрлі  құралдары 

кӛп  таралған.  11  басты  орын  анықталып,  олардан  20  000  астам  ашель, 

мустьер  және  кейінгі  палеолит  (саяқ)  мәдениеттеріне  жататын  артефактілер 

табылды [5]. 

1993-1997  жылдар  аралығында  ҚРБАЭ  экспедициясы  Қошқорған  І 

ескерткішінде  қазба  жұмыстарын  атқарды.  Бұл  ескерткіште  жүргізілген 

жұмыстардың  барысында  барлығы  5  144  тас  артефактылары  жинақталды. 

Қошқорған  І  ескерткішінің  тас  құралдарының  жинағының  алғашқы  нақты 

жасын О.А. Артюхова берді [7]. 

Қошқорған  1-2  және  Шоқтас  1-3  ескерткіштерін  зерттеу  барысында 

алынған  материалдар  Күлбұлақ  материалдарымен  кӛптеген  ұқсастық 

тапқанымен ӛзіндік ерекшелік, ӛзгерістері де бар. 

Бүгінгі  таңда  Қошқорған  маңындағы  жүздеген  шаршы  шақырым 

жерден  7  ерте  мәдениет  кӛздері  ашылды.  Бұл  объектілер  Қошқорған-3, 

Қотырбұлақ  ауылының  солтүстік  жағындағы  Шоқтас-3  объектілері.  Бұл 

ескерткіштер  оңтүстік  Қазақстан  облысы  Түркістан  ауданының  сырдария 

ӛзені мен Қаратау жотасы аралығындағы жазықтықта табылды. Бұл табылған 

объектілердің  бәріне  де  Орталық  Азияның  Қызылқұм  шӛліне  жақын 

орналасқан  жерлеріне  тән  аридтық  сипатқа  ие  ортақ  ұқсастық  бар.  Қаратау 

жотасының  тау  етегіндегі  жазықтық,  абсолюттік  биіктігі  450-250  м, 

дендуациялық  аккумулятивті  рельефке  тән,  жекелей  эрозиялық  қалдықтар 

мен  бор  және  неогендік  жыныстар,  ширектік  голоцендік  шӛгінділерден 

тұрады.  Құрал  жабдықтар  жиынтығы  жағынан  әртүрлі  қырғыштар, 

мустьерлік ӛткір ұштықтар, кескіштер, пышақтар, тиісті құралдар, шағыл тас 

бұйымдарынан тұрады. 

Барлық  табылған  ескерткіштер  тобы  Қошқорған  мен  Шоқтас 

аймағында, шамамен 100 шаршы километр жерге шоғырланған. 

Осындай  жолмен  Қошқорған-Шоқтас  мәдениеті  ертедегі  адамның 

Қазақстандағы тас дәуірі сатысының дамуынан үлкен мәлімет береді.  

Зерттеушілер  алдында  Қошқорған-Шоқтас  индустриясының  ӛзімен 

шектес  жатқан  жерлермен,  сондай-ақ  ертедегі тіршілік  етушілердің  Евразия 

кеңістігіндегі  ерте  палеолит  миграциясын  зерттеу  жӛніндегі  қызығарлықтай 


 

проблемалар  туындайды.  Европада  мұндай  құбылыс  Германиядағы 



Бильцингслебен  және  Венгриядағы  Вертешселеш  мекендерінде  айқын 

кӛрініс тапқан.  

Вертешселеш, 

Бильцингслебен 

(тісті 

микроашель) 



ӛндірісін 

Қошқорған-Шоқтас  комплексімен  салыстырғанда  ӛте  кӛп  ұқсастықтарды 

кездестіруге  болады:  материал  таңдау,  олардың  кӛлемінің  біркелкілігі, 

жасалу  жүйесі,  ең  соңында  типологиялық  ұқсастықтары.  Алыс  шығыста 

Қошқорған-Шоқтас  мәдениетіне  ұқсастықтарды  Қытайдағы  Нихевань, 

Дунгуто,  Сяочанлянь  сондай-ақ  Чжоукоудянь  ескерткіштерінен  кездестіруге 

болады [8]. 

1994  жылы  ҚР  ҒА  археология  және  этнография  институты  мен  Ресей 

Ғылым  академиясының  Сібір  бӛлімшесінің  (Новосібір)  Археология  және 

этнография  институты  арасындағы  ұзақ  мерзімді  келісім  шарт  негізінде 

Қазақстан-Ресейлік  археологиялық  экспедициясы  құрылған  болатын, 

жетекшісі академик А.П.Деревянко. Оның құрамында үшінші жыл қатарынан 

палеолит  отряды  басымдылық  танытып  келеді  (ҚР  жағынан  басшылықты 

т.ғ.д.,  профессор  Ж.Қ.Таймағамбетов,  Ресей  жағынан  т.ғ.д.  В.Т.Петрин 

атқарды.)  осы  отряд  Оңтүстік  Қазақстан  (Қаратау  жотасы)  және  Шымкент 

пен  Жамбыл  облыстары  аймақтарында  далалық  зерттеу  жұмыстары 

жүргізілді.  Қошқорған  палеолиттік  кешенінде  зерттеу  жұмыстарын 

жалғастырудың  нәтижесінде  мәдени  қалдықтардың  геологиялық  және 

стратиграфиялық  сипаттамасын  нақтылауда,  сонымен  қатар  Қошқорған  ІІ 

тұрағында,  мӛлшері  7  м  тереңдікте  мәдени  горизонт  анықталды. 

Археологиядағы  жаратылыстану  ғылымдарының  мамандарының  кӛмегімен 

(З.Н.  Гнибеденко,  Б.Ж.  Аубекеров,  И.Н.  Феденѐва)  тұрақтың  нақты  жасын 

анықтау  үшін  түрлі  үлгілер  алынды  (ЭПР,  палеомагнитті,  гранулометрия, 

палинология және т.б). нақты жасы: 

Сонымен  қатар,  Қаратау  жотасының  солтүстік-шығыс  бӛлігінде  тас 

дәуірінің  тұрақтарын  барлау  жұмыстары  жалғасын  тапты  (Ақкӛл  кӛлі  және 

Асса  ӛзені  маңында).  Бұл  ӛңірде  палеолиттік  тұрақтар  мол  шоғырланған 

(Қызылтау), жер бетінде артефактілер ӛте кӛп кездеседі, 1х1 см ауданда 1000 

астам  артефакт  жиналып  алынады.  Бұл  тұраққа  Моңғолиядағы  (Арц-Богдо 

және  т.б)  бірнеше  тұрақты  салыстыруға  келмесе,  дүние  жүзінде  сай  келетін 

ескерткіштер  мүлдем  жоқ.  Еуразияның  аридті  зона  территориясында 

алғашқы  адамның  таралуына  қатысты  мәселелерді  шешуге  тұрақта 

атқарылған  далалық  жұмыстардың  негізінде  үлкен  мүмкіндіктерге  қол 

жеткізді [9]. 

1995  жылы  басты  назарда  алғашқы  адамдардың  Азияда  пайда  болуы 

(Оңтүстік  Қазақстан),  кӛне  тас  дәуіріндегі  еңбек  құралдарының  арасындағы 

ұқсастық пен айырмашылықтарды ажырату мәселесі тұрды. 

ҚР  ҒА  Ә.Х.  Марғұлан  атындағы  археология  институты  және  РҒА  СБ 

археология  және  этнография  институттары  арасындағы  келісім  шарт 

негізінде  Шымкент  облысындағы  Қаратау  жотасының  оңтүстік-батыс 

бӛлігінде  палеолиттік  отряд  зерттеу  жұмыстарын  жалғастырды.  Шоқтас  І 


 

тұрағында  қалыңдығы  20  см  жететін  горизонт  аршылды  және  палеолит 



кезеңіне жататын артефактылар табылды. 

1994-1998  жылдар  Қазақстан-Ресей  біріккен  кешенді  археологиялық 

экспедициясы  Шахантай  І,  Соркӛл  І,ІІ,  тұрақтарында  зерттеу  жұмыстарын 

жүргізді.  Анықталған  материалдар  Ғ.Т.  Бексейітов  және  Ғ.Т.  Искаковтың 

жұмыстарында қолданылды.  

Шахантай І ескерткіші Ақкӛл (Талас ауданы, Жамбыл облысы) кӛлінің 

оңтүстік-батыс  бӛлігінен  2-2,5  км,  Қаратау  жотасының  солтүстік-шығыс 

бӛлігінде Шахантай тоғайында орналасқан.  

Соркӛл  І  ескерткіші  Саудакент  (Жамбыл  облысы)  ауылынан  шығысқа 

қарай 25-26 км, бұлағы бар аттас кӛлдің оңтүстігіне 1,5 км жерде орналасқан.  

Соркӛл  ІІ ескерткіші Соркӛл  І ескерткішінен алыс емес, аласа тӛбенің 

маңындағы  бұлақтың  жанында  орналасқан.  1  км

аудан  жер  бетінен  955  тас 



артефактілері жинақталды, олар халцедон және кремнийден жасалған.  

Археолог Ғ.Т. Бексейітов жалпы зерттеу жұмыстарының қорытындысы 

бойынша  мынандай  пікірге  келді:  «Шахантай  І,  Соркӛл  І,  ІІ  тұрақтарының 

ерте  кезеңдерге  жататын  кешендерін  кейінгі  палеолитке  жатуы  мүмкін,  тек 

оның бастапқы  кезеңіне емес».  Нақты  жасын кӛрсететін болсақ ол шамамен 

30-25 мың жылдан 15 мың жыл бұрын [10]. Жалпы, Шахантай І және Соркӛл 

І,ІІ ескерткіштенің нақты жасы туралы сұрақты ашық қалдырғанымыз дұрыс, 

себебі әлі толық әрі нақты зерттеулерді қажет етеді.  

Ашық  түрде  кездесетін  танымал  тұрақтардың  бірі Қызылтау  палеолит 

кешендері,  ол  Кіші  Қаратау  жотасының  (Оңтүстік  Қазақстан)  солтүстік-

шығыс бӛлігінде орналасқан. Кешенді зерттеу жұмыстары 1994-1998 жылдар 

аралығында  жүргізілді.  Аталмыш  аймақта  он  квадрат  километр  ауданда 

миллиондаған  артефактілер  жинақталған.  Негізгі  шикізат  кӛзі  халцедон 

болған.  Археологтардың  атқарған  жұмыстарының  нәтижесі  бойынша 

артефактылар тӛрт топқа бӛлінді: қатты дефляцияға ұшыраған, орташа, әлсіз 

және  дефляцияға  ұшырамаған.  Әлсіз  және  дефляцияға  ұшырамаған  тас 

құралдарын  голоцен  кезеңі  мустье  дәуіріне  жатқызуға  болады,  бірақ 

нуклеустердің  түрлері  және  анықталған  тас  құралдарын  кейінгі  палеолит 

кезеңіне  жатады  деп  сипаттауға  болады.  Ескерткіштің  қазіргі  таңда  нақты 

жасын анықтау мүмкін болмай отыр [11]. 

1996  жылы  Шыңғыс  жотасынан  кезінде  А.Г.  Медоев  ашып  кеткен 

тұрақтың  жинақтарына  толық  зерттеу  жұмыстары  жүргізілмеген  еді,  оны 

О.А. Артюхова талдау жасап, ол 1996 жылы баспадан шықты [12]. 

Шыңғыс  І  тұрағы  Ӛкпекті  тауының  оңтүстік-шығыс  бӛлігі  маңында 

орналасқан.  Жалпы  саны  палеолитке  122  тас  артефактілер  жатқызылды. 

Автор  тас  құралдары  сан  алуан  болып  келгендігін ерекше  атап  ӛткен:  қара-

қоңыр,  қара-сұр,  қара  эффузивтер,  жасыл-сұр,  ашық-қоңыр,  сұр  және  қара 

халцедондар,  сонымен  қатар  алевролиттен  жасалған  бұйымдар,  кварциттер. 

О.А.  Артюхова  Шыңғыс  І  коллекцияларын  қарапайым  мустье  кезеңіне 

жатқызды.  Қару  жиынтықтары  қырғыштар,  кескіштер,  тісті  құралдар  болып 

келген [13]. 


 

1999  жылы  Мұғалжар  тауларында  зерттеу  жұмыстары  жүргізілді.  Үш 



жыл  ішінде  (1999-2001  жж.)  бұл  ауданда  59  палеолит  кезеңіне  жататын 

орындар  ашылып,  зерттелді.  Тұрақтардың  басым  бӛлігі  Родники  ауылының 

маңында  шоғырланған  (Ор  және  Ембі  ӛзендерінің  арасы).  Мұғалжар 

тауларынан  анықталған  орындар,  ашель  кезеңінен  бастап  бұл  ӛңірде  бифас 

санының кӛптеп кездесетіндігі, индустриялды кешен жақсы дамып және бар 

болғандығының кӛрінісі.  

Қазақстан  территориясындағы  кешенді  зерттеу  жұмыстары  Шығыс 

Қазақстан  ауданында  палеолит  ескерткіштерін  барлау  жұмыстарында 

қамтыды  (1998-2001  жж.).  Солтүстік  Балқаш  маңы  ескерткіштері,  Зайсан 

кӛлінің жағалауы, Шүлбі және Шар су қоймалары, сонымен қатар Лениногор 

қазаншұңқырында зерттеу жұмыстары жүргізілді.   

1999  жылы  Шүлбі  су  қоймасының  шығыс  жағалауында  Шүлбі  І 

тұрағында  зерттеу  жүргізілді.  71  тас  артефактілері  жинақталды:  6  нуклеус 

тәрізді, 18 нуклеус, 4 нуклеустің сынықтары, 6 галькадан жасалған құралдар, 

10  құрал,  10  жаңқалар,  2  пластина  және  олардың  25  жарықшақтары. 

Жинақталған коллекцияда мустье дәуірінің материалдары кездеседі [12]. 

 Оған  қоса,  Қазақстан-Ресей  біріккен  экспедициясы  кейінгі  зерттеу 

және  барлау  жұмыстарын  Шығыс-Қазақстан,  Қарағанды,  Қызылорда, 

Оңтүстік-Қазақстан,  Ақтӛбе,  Жамбыл,  Атырау,  Маңғыстау  облыстарында 

жалғастырады.  Бұл  ескерткіштердің  материалдарын  әлі  зерттеп,  бір  жүйеге 

келтіріп баспадан шығару қажет. 

2000  жылдан  бастап  қазіргі  уақытқа  дейін  Қошқорған  І  және  Шоқтас 

ескерткіштерінде  әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ-нің  тас  дәуірі  ескерткіштерін 

зерттеумен  айналысатын  археологиялық  экспедициясы  (басшысы  Ж.Қ. 

Таймағамбетов)  атқарып  келеді.  Экспедиция  барысында  табылған  тас 

құралдары, бұрын жасалған қорытындылардың рас екендігін дәлелдеп берді.  

2001  жылы  ҚР  ҰҒА  Ә.Х.  Марғұлан  атындағы  археология 

институтының  Орал  кешенді  археологиялық  экспедициясының  отряды,  Ғ.Т. 

Бексейітовтың  жетекшілігімен  Батыс-Қазақстан  облысында  тас  дәуірі 

ескерткіштерін  барлау  және  зерттеу  жұмыстарын  жүргізді.  Тас  құралдар 

кездесетін 23 орын табылды. Анықталған ескерткіштер екі шағын аудандарға 

шоғырланған:  Шалқар  кӛлі  маңында  және  Родники  кентінің  аумағындағы 

Деркүл  ӛзенінің  оң  жақ  жағалауында.  Деркүл  ӛзені  ені  9  км  дейін 

жазықтықты  жерде  созылып  жатыр.  Ағыстың  ені  кейде  10  нан  30  м  дейін 

құбылып тұрады, оның кӛп бӛліктерінде су жаз бойы сақталып жатады. 

Шалқар  І  тұрағы  (20  артефакт)  Анқаты  кентінен  оңтүстік-шығысқа 

қарай  10-11  км  жерде  орналасқан.  Ескерткіштің  жасы  –  кейінгі  плейстоцен-

голоценнің аяғы, кейінгі палеолит деп мерзімделуі мүмкін. 

Шалқар ІІ тұрағы да осы ауданда Ақбұлақ деп аталатын бұлақ маңында 

орналасқан.  Жинақ  (116  артефакт)  –  кейінгі  палеолиттің  мустье  кезеңіне 

жатқызылуы мүмкін. 

Родники кентінің ауданында Родники 1-3 деп аталатын тас дәуірінің үш 

орыны  анықталды.  Жинақтың  жалпы  саны  –  33  дана,  ашық-сұр  түсті 


10 

 

кварцитті  құм  қалдықтарынан  жасалған.  Олардың  ішінде:  сынықтар, 



нуклеустер,  леваллуа  сынықтары,  қырғыштар,  призма  тәрізді  нуклеустер, 

бифастар  ӛзіне  назар  аудартады.  Зерттеушілер  Родники  1-3  ескерткішінің 

жинақтарына  талдау  жасай  келе,  оларда  ерте  және  кейінгі  палеолитке  тән 

сипаттар кездеседі деген болжам жасады [13]. 

2002  жылы  әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ-нің  тас  дәуірі  ескерткіштерін 

зерттеумен 

айналысатын 

археологиялық 

экспедициясы 

Қазақстан 

территориясында  тас  дәуірі  тұрақтарын  барлау  және  қазба  жұмыстарын 

жүргізуді  бастайды.  Оңтүстік  Қазақстан  облысы,  Түлкібас  ауданы,  Машат 

ӛзенінің  жазығында  2002  жылы  барлау  жұмыстары  атқарылды.  2002  ж. 

Қазақстан-Ресей  біріккен  археологиялық  экспедициясының  мүшелері  Ш. 

Уәлиханов  атындағы  тұрақта  тұрақтың  жасын  нақтылау  мақсатында  қазба 

жұмыстарын  бастады.  Тұрақтың  оң  жақ  бӛлігіне  қазба  жүргізіліп,  тереңдігі 

4,5  м  дейін  жеткізілді.  Объективті  жағдайларға  орай,  тұрақта  зерттеу 

жұмыстарын шұғыл тоқтатуға мәжбүр  болды. Ал келесі 2003 жылы ҚазҰУ-

нің  тас  дәуірі  ескерткіштерін  зерттеумен  айналысатын  археологиялық 

экспедициясы тұрақта қазба жұмыстарын жалғастырды. 2002  - 2005 жж. Ш. 

Уәлиханов атындағы тұрақта зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қазба тұрақтың 

солтүстік және оңтүстік бӛліктерінде салынды. Қазба ауданы шамамен 80 м

 

қамтыды,  ал  абсолютті  тереңдігі  6,5  м  құрады.  Артефактылардың  ішінен: 



нуклеустер, жарықшақтар, қырғыштар және т.б. құралдар табылды [12].  

2002  жылы  жоғарыда  аталған  экспедиция  отряды  Шалқар  4  тас  дәуірі 

ескерткішінде  зерттеу  жұмыстарын  жалғастырды,  бұл  атқарылған 

жұмыстардың  нәтижесінде,  артефактілердің  саны  арта  түсті.  Родники  2 

тұрағында қосымша 170 тас құралдары жинақталды: нуклеус, жарықшақтар, 

қырғыштар мен пластиналар.  

2002  жылдың  далалық  маусымының  маңызды  табыстарының  бірі  – 

Үлкен  Ешкі  (Ешкітау)  тауында  ірі  тұрақ-шеберхананының  табылуы  болды. 

Ешкі  тауы  (теңіз  деңгейінен  254  м)  Орал  қаласынан  батысқа  қарай  83  км, 

Шипово  темір  жол  станциясынан  солтүстік-батысқа  қарай  12  км  жерде 

орналасқан.  Авторлар  –  «ашық-сұр  түсті  құм  қалдықтарынан  жасалған 

артефактылар,  нақты  келгенде  таудың  беткі  бӛлігінде,  сонымен  қатар 

олардың  басым  бӛлігі  таудың  шығыс  жағының  етегінде,  бұлақ  маңында 

кӛптеп  табылды»  -  деп  жазады.  Тас  құралдарын  алғашқы  жинақтау 

барысында  –  200  дана  болды.  Олардың  ішінде  –  нуклеустер,  ӛнім 

қалдықтары, қырғыштар, бифастар, тісті тас құралдары кездеседі. Таудың екі 

түрлі  бӛлігінде  шурф  салынып,  нәтижесінде  кӛптеген  тас  құралдары 

табылды.  Тұрақтың  жинақтары  әлі  толыққанды  зерттелмеген,  авторлар 

шамамен  ескерткіштің  жасын  –  ерте  палеолит  белгілері  кездесетін  кейінгі 

палеолитке жатқызып отыр. Ешкітау – алғашқы адамдардың ұзақ уақыт бойы 

тұрақтаған тұрақ-шеберханасы болғандығы анық [14]. 

2004  жылдың  маусымында  экспедиция  Қошқорған  І  тұрағында 

археологиялық  қазба  жұмыстарын  жүргізді.  Нәтижесінде,  1993-1995  жж. 

Қазақстан-Ресей  біріккен  экспедициясы  атқарған  ескі  қазба  жұмыстары 



11 

 

тазаланып,  тұрақтың  қазбасы  оңтүстік-шығысқа  қарай  10  кв.м  дейін 



үлкейтілді.  Қазбаның  орталығында  барлау  шурфы  салынды,  оның  тереңдігі 

5,5  м  болды.  Тұрақтан  ауқымды  археологиялық  материалдар  жинақталды. 

Ерекше  кӛзге  түсетіндері,  кварцтан  жасалған  қырғыштар,  мустьерлік 

артефактілер, призмалық нуклеустер, қырғыштар.  

Осы  жылдың  археологиялық  маусымында,  Жетісу  ӛңірінде  палеолит 

ескерткіштерін  анықтау  жұмыстары  тұңғыш  рет  басталды.  Оңтүстік-Шығыс 

Қазақстанда тас дәуірі тұрақтарының сирек кездесетіндігі мәлім, әсіресе бұл 

палеолит  ескерткіштеріне  қатысты.  Қазіргі  таңға  дейін,  Жетісу  ӛңірінің 

шығыс  бӛлігіндегі  Шарын  каньоны  ауданындағы  кейінгі  палеолит  кезеңіне 

жататын  Ақтоғай  1-4,  осыдан  басқа  Алматы  облысында  ескерткіштер 

танымал  болған  емес.  Жетісу  ӛңірінде  палеолит  ескерткіштерін  анықтауда 

қиындықтардың  туындауының  басты  себептерінің  бірі,  шикізат  ӛндірісіне 

қолданатын  сапалы  тас  ӛнімдерінің  сирек  кездесетіндігінде.  Осыған 

қарамастан,  палеолит  кезеңімен  мерзімделетін  тас  құралдарының 

анықталғандығы  туралы  археолог  және  ӛлкетанушы  Ю.А.  Мотов,  В.В. 

Сараев  мәліметтер  берген  болатын.  Олардың  мәліметтері  бойынша,  1978 

жылы  Фабричный  кентінің  маңында  жүргізілген  қазба  жұмыстарының 

барысында  кӛптеген  тас  құралдары  анықталған.  Зерттеушілердің  ауызша 

жеткізген  мәліметтері  сол  уақытта  тас  дәуірінің  мамандарымен  ескерусіз 

қалады. 


Осылайша,  2004-2005  жж.  әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ-нің  тас  дәуірі 

ескерткіштерін  зерттеумен  шұғылданатын  экспедициясы  тас  дәуірінің 

стратиграфиясы сақталған Майбұлақ  тұрағын анықтап, зерттеу жұмыстарын 

жүргізді.  Қазба  жұмыстары  «Мәдени  мұра»  Мемлекеттік  бағдарламасының 

негізінде  қолдау  тапты.  Алғашқы  адамдардың  тұрағы  Алматы  облысы 

территориясында,  Алматы  қаласынан  батысқа  қарай  44  шақырым  жерде  Іле 

Алатауының  солтүстік  етегінің  тӛменгі  жотасында  орналасқан.  Қазбаның 

ауданы  130  м

қамтыды,  ал  тереңдігі  8,5  м  жетті.  Қазба  жұмыстарының 



нәтижесінде  үш  мәдени қабат  анықталды.  Осы  маусымда  барлығы  734  дана 

тастан жасалған еңбек құралдары анықталды. Сонымен қатар, үш ошақ орны, 

кӛп  мӛлшердегі  күлдің  қалдықтары  анықталды,  оларды  С

14

  радиоуглерод 



әдісі  негізінде  нақты  жасын  анықтау  үшін  үлгі  ретінде  алды.  Тас 

құралдарының  техника-типологиялық  анализдеріне  негізделген,  алғашқы 

жасын  анықтау  әдістері,  Майбұлақ  тұрағын  кейінгі  палеолит  кезеңіне 

жатқызады [15]. 

2005 жылы археолог Ю.А. Мотов Қастек ауданында (Ақтеректен 45 км 

жерде)  100  тас  артефактыларын  жинақтады,  олардың  ішінде  –  леваллуа  тас 

жаңқалары,  жарықшақтар,  сынықтар  және  т.б.  Нуклеустер  мен  еңбек 

құралдар кездеспеді.  

2005-2010  жылдың  маусымында  Р.  Сулейманов  (Ӛзбекстан)  және  М. 

Глянц  (АҚШ)  отандық  танымал  археолог  Ж.Қ.  Таймағамбетовпен  бірігіп 

Оңтүстік  Қазақстандағы  Ш.  Уәлиханов  атындағы  тұрақта  зерттеу 

жұмыстарын  жүргізді.  Атқарылған  жұмыстардың  қорытындысы  АҚШ-та 



12 

 

«Another look at the Lower Paleolithic of Kazakhstan: a preliminary description of 



Albysbaev’s lithic collections» атты ғылыми мақалада жарық кӛрді [16].  

Қазақстан  палеолитінің  зерттелу  тарихында  ескерткіштер  ашық 

түрдегі,  шамалы  зерттелген  тұрақтар,  қазіргі  таңда  танымал  болған 

стратиграфиялы  ескерткіштерімен  үлкен  жетістіктерге  жетіп  отыр. 

Тұрақтардың  шоғырлануына  қарай  перспективалық  аудандарға  Оңтүстік 

және Шығыс Қазақстан, ал әзірше аз зерттелген Батыс Қазақстан, Солтүстік, 

Оңтүстік-Шығыс Қазақстан аудандары болып табылады.  

Қорыта  келгенде,  Қазақстан  палеолиті  тұрақтарын  зерттеу  1991-2011 

жылдары  арасында  біршама  жолға  қойылғанымен,  жинақталған  қомақты 

материалдарды теориялық-методологиялық тұрғыдан қарастыру жағы әлі де 

болса  терең  зерттеулердің  жүргізілуі  қажет  екендігін  байқатады.  Отандық 

археологтардың  кӛпшілігі,  Қазақстан  тас  дәуірінің  палеолит  кезеңі 

мәселелеріне  қатысты  сұрақтар  туындағанда,  шетелдік,  әсіресе  Ресейлік 

(Новосібір  қ.)  ғалымдарының  тұжырымдары  мен  болжамдарына,  маңызды 

зерттеулеріне сүйенеді. Қазақстан палеолитіне қатысты зерттеулер жүргізген 

ғалымдардың еңбектерін үнемі жүйелеп отыру, қазіргі кезде палеолиттануда 

кездесіп жататын кемшіліктердің орынын толықтырып отырады. Болашақта, 

қазіргі  таңда  Қазақстан  территориясында  қызу  жұмыс  атқарып  жатқан 

халықаралық  экспедициялар  (АҚШ,  Германия,  Ресей,  Италия,  Бельгия, 

Жапония,  Корея  және  т.б.)  жұмыстарының  нәтижесінде,  палеолит  кезеңінің 

тұрақтары  жайында  жаңа  мағлұматтар  алынып,  жаңа  тұрақ  орындарының 

ашылуы, алғашқы адамдардың сүйек қалдықтарының табылуы әбден мүмкін. 

Біздің  пікіріміз  бойынша,  палеолит  дәуірі  мәдениетін  зерттеу  ӛте 

күрделі  және  зеректікті  қажет  ететін  зор  еңбек  болып  табылады.  Себебі, 

мәдениет  неғұрлым  кӛне  болса,  сол  кезеңнің  мәдени  қалдықтары  да  сирек 

сақталып,  табылады.  Уақыт  аралығын  тым  ұзаққа  созылған  жолдар  алып 

жатыр:  тас  дәуірі  және  қазіргі  кезең.  Бұл  жолда,  шетелдік  және  отандық 

археологтар  ӛз  зерттеу  жұмыстарын  жалғастырып,  табылған  археологиялық 

ескерткіштерімен біздің осы саладағы білімімізді шыңдай беретіндігі анық.   

Қазақстан жерінде орналасқан палеолит ескерткіштерін зерттеу қазіргі 

таңда  әлем  назарын  ӛзіне  аудартты.  Ол    әрине,  отандық  және  шетелдік 

археологтардың  қажырлы  еңбектерінің  нәтижесінде  қол  жеткізіп  отырған 

табысқа  толы  үлкен  жетістік.  Ал  болашақта,  бізді  Қазақстан  палеолитіне 

қатысты  таң  қалдыратын  жаңа  ашылулар  күтіп  тұрғандығы  күмән 

туғызбайды.  

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

 

1.

 



Ж.Қ.  Таймағамбетов,  Д.С.  Байгунаков.  Қазақстанның  тас  дәуірі 

(зерттелу тарихы мен негізгі мәселелері) // Алматы, 2008 ж., - 266 б. т. 

2.

 

Сатпаев К.И. К проблеме фосфоритов Каратау // Фосфориты Каратау.-



М.; 1948.-С. 1-3.  

3.

 



Ярмак  Г.А.  Первые  находки  палеолитических  орудий  в  Казахстане  // 

ВАН Каз ССР. -1957.-№ 7.-С.104-108. 



13 

 

4.



 

Ожерельев  Д.В.  История  изучения  стратифицированных  памятников 

позднего  палеолита  Казахстана  //  ҚазҰУ  хабаршысы,  Тарих  сериясы,  №  2 

(41), 2006 С. 154-156 

5.

 

Деревянко  А.П.,  Аубекеров  Б.Ж.,  Петрин  В.Т.,  Таймагамбетов  Ж.К.  и 



др.  Палеолит  Северного  Прибалхашья.  Семизбугу  пункт  2,  ранний-поздний 

палеолит.  -  Новосибирск:  Изд-во    Института  археологии  и  этнографии  СО 

РАН,  1993. – 114 с. 

6.

 



Н.М.  Шахматова.  Академик  Анатолий  Пантелеевич  Деревянко: 

Биобиблиография.  –  Новосибирск:  Издательство  Института  археологии  и 

этнографии СО РАН, 2007. – С. 336. 

7.

 



Артюхова  О.А.  Кошкурган  –  мустьерский  памятник    //  Российская 

археология. - 1994. - №2. - С. 98-111. 

8.

 

Деревянко  А.  П.,  Петрин  В.  Т.,  Таймагамбетов  Ж.  К.,  Исабеков  З.  К., 



Рыбалко  А.  Г.,  Отт  М.  Раннепалеолитические  микроиндустриальные 

комплексы в травертинах Южного Казахстана. – Н: 2000. - 299 с. 

9.

 

А.П.  Деревянко,  С.В.  Николаев,  В.Т.  Петрин,  Ж.К.  Таймагамбетов. 



Кошкурган:  древнепалеолитический  памятник  //  Всероссийское  совещание 

по изучению четвертичного периода. - М., 1994. 

10.

 

Бексеитов  Г.Т.  Раннеголоценовые  комплексы  северо-восточной  части 



хребта  Каратау  (Южный  Казахстан):  Автореф.  дис.  …  канд.  ист.  наук.  – 

Алматы, 2002. - 30 с. 

11.

 

Деревянко  А.П.,  Петрин  В.Т.,  Зенин  А.Н.,  Таймагамбетов  Ж.К., 



Гладышев С.А., Цыбанков А.А., Славинский В.С. Каменный век Казахстана: 

Исследования  Российско-Казахстанской  экспедиции  в  Казахстане  (1998-

2001).  -  Новосибирск:  Изд-во  Института  археологии  и  этнографии  СО  РАН,  

2003. - 184 с. 

12.

 

Ожерельев  Д.В.  Новейшие  открытия  палеолитических  памятников  в 



Юго-Восточном Казахстане // КСИА  Археология каменного  века.  Вып.  227. 

2012. – С. 182-190.  

13.

 

Артюхова  О.А.  Палеолитическое  местонахождение  Чингиз  I 



(Центральный  Казахстан)  //  Каменный  век  Казахстана  и  сопредельных 

территорий. - Туркестан: Мирас, 1998. - С. 58-69.  

14.

 

О.А.  Артюхова,  Г.Т.  Бексеитов,  Исследования  палеолитических 



памятников  в  Западно-Казахстанской  области  //  Известия  НАН  РК.  Серия 

общественных наук. 2003. № 1. С. 3-10.   

15.

 

Ж.К.  Таймагамбетов,  Д.В.  Ожерельев.  Позднепалеолитические 



памятники Казахстана // Алматы «Қазақ университеті» 2009. 

16.


 

M.  Glantz,  J.  Galm,  R.  Suleimanov,  Zh.  Taimagambetov,  Another  look  at 

the  Lower  Paleolithic  of  Kazakhstan:  a  preliminary  description  of  Albysbaev’s 

lithic collections. PaleoAnthropology 2009: A11.  



 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет