Жалғаулықтар (Союзы) Жалғаулықтар — сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді байланыстырады.
Союзы служат для связи слов, словосочетаний, частей сложного предложения, а также предложений друг с другом.
Жалғаулықтар түрлері (Виды окончаний)
Ыңғайластық Соединительные
Және
Әрі
Мен/бен/пен
Да/де, та/те
Талғаулықты Разъяснительно-разделительные
Әлде
Біресе
Бірде
Не
Немесе
Я
Яки
Болмаса
Кейде
Қарсылықты Противительные
Бірақ
Алайда
Дегенмен
Әйтпесе
Әйткенмен
Сонда да
Себеп-салдарлық Причинно-следственные
Себебі
Өйткені
Сондықтан
Шарттық Условные
Егер
Онда
Ұштастырғыш Смыкающие
Ендеше
Демек
Яғни
Мысалдар (Примеры)
Демалыс күндері – сенбі және жексенбі. – Выходные дни – суббота и воскресенье.
Ол қатал, әйткенмен әдiл адам. – Он строгий, однако справедливый человек.
Не мен барамын, не сен бар. – Или я пойду, или ты иди.
Ол таңертең телефон соқпайды, себебі уақыты болмайды. – Он не позвонит утром, потому что у него не будет времени.
Жаңбыр көп жауды, сондықтан егін жақсы шықты. – Дождя много было, поэтому урожай был хороший.
Егер олар келмесе, онда біз өзіміз барамыз. – Если они не придут, тогда мы сами пойдём.
Демеуліктер (Частицы) Демеуліктер өзгермейді, түрленбейді, тіркескен сөздеріне қосымша мағына үстейді.
Частицы не изменяются, придают словам или предложениям различные значения.
Демеуліктер түрлері (Виды частиц)
Сұраулық Вопросительные
Ма/ме, ба/бе, па/пе
Күшейткіш Усилительные
Ау, ай, ақ
Нақтылық Уточняющие
Ғой, қой
Шектік Ограничивающие
Ғана, қана
Тек
Болымсыздық Отрицательные
Түгіл
Тұрсын
Тұрмақ
Болжалдық Приблизительные
Мыс/міс
Екеш
Мысалдар (Примеры)
Сен киноға бардың ба? – Ходил ли ты в кино?
Ол айтты ғой. – Он ведь сказал.
Сөзде ғана, істе жоқ. – Лишь на словах, но не на деле
Оқшау сөздер (Обособленные слова)
Оқшау сөздер – сөйлемдегі басқа сөздермен синтаксистік байланысқа түспей, дауыс ырғағы арқылы ерекшеленетін сөздер мен сөз тіркестері. Оқшау сөздер түрлері: қаратпа сөз, қыстырма сөз және одағай. Обособленные слова – слова и фразы, отличающиеся голосовым ритмом, без синтаксической связи с другими словами в предложении. Виды обособленных слов: обращение, вводное слово и междометие. Қаратпа сөз (Обращение) Біреудің назарын өзіне аударту үшін айтылатын оқшау сөздің бір түрі қаратпа сөз деп аталады.
Обращение — это слово или словосочетание, обозначающее лицо или предмет, к которому обращена речь.
Мысал (Пример):
Дәулет, театрға барасың ба? Қыстырма сөз (Вводное слово) Қыстырма сөз — сөйлемдегі ойға айтушының көзқарасын білдіретін оқшау сөздің бір түрі.
Вводное слово — это слово (либо словосочетание), которое входит в состав предложения, но не вступает с его членами в синтаксическую связь.
ой тәртібін білдіреді
қуаныш, аяушылық, өкінішті білдіреді
растау, теріске шығару мағынасын білдіреді
ойдың кімнен шыққанын білдіреді
күмәнді ойды білдіреді
біріншіден,
екіншіден,
алдымен,
ақырында
бақытына қарай,
амал қанша,
өкінішке орай
сөз жоқ,
әлбетте,
шынында,
бәсе
меніңше,
оның айтуынша
сірә,
мүмкін,
бәлкім
Мысал (Пример):
Сірә, жаңбыр жауар. Одағай (Междометие) Айтушының көңіл-күйін, әр түрлі сезімін, эмоциясын білдіретін оқшау сөздер одағай деп аталады.
Междометиями называются слова, которые обозначают в письменной речи некие эмоции и чувства, но не называют их.
Оның түрлері (Виды междометий):
Көңіл-күй: қап, әттеген-ай, бәрекелді
Шақыру: моһ, кә-кә
Жекіру: тәйт, жә
Таңдану: ах, апыр-ай
Мысал (Пример):
Апыр-ай, не істеймін енді! Көсемше (Деепричастие)
Негізгі қимыл, амалды білдіретін немесе оны айқындай түсіп, қосымша қимыл, амалды білдіру қызметінде жұмсалатын етістіктің түрі көсемше деп аталады.
Деепричастие — особая форма глагола, которая обозначает добавочное действие при основном действии, выраженном глаголом.
Көсемшенің жұрнақтары (Суффиксы деепричастия) Шарт:майынша, мейінше
Синтаксистік талдау (Синтаксический разбор)
Синтаксистік талдау — сөйлемді, оның мүшелерін, түрлерін, құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сейлемдерді анықтау.
Синтаксический разбор — это разбор синтаксических единиц: словосочетаний и предложений.
Сөйлем мүшелері Сөйлем мүшелері — сөздердің мағыналық тұрғыдан өзара тіркесуі нәтижесінде синтаксистік қызметте жұмсалатын сөйлемнің дербес бөлшектері. Олар үлкен екі топқа бөлінеді:
Члены предложения — грамматически значимые части, на которые подразделяется предложение при синтаксическом разборе. Они делятся на две большие группы:
Тұрлаулы мүшелер(бастауыш, баяндауыш) — главные члены предложения(подлежащее, сказуемое).
Тұрлаусыз мүшелер(анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш) — второстепенные члены предложения(определение, дополнение, обстоятельство).
Белгілеу
Сөйлем мүшесі
Мысал
Бастауыш деп сөйлемде атау септік тұлғасында тұрып, ойдың иесі болатын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз. Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімің? нең? кімі? несі? қайсысы? қаншасы? нешеуі? деген сұраулардың біріне жауап береді.
Астана — Қазақстан Республикасының елордасы.
Баяндауыш деп сөйлемде бастауыштың қимылын, ісін, жай-күйін, кім, не екенін білдіріп тұратын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз. Баяндауыштар көбінесе сөйлемнің соңында тұрады да, не істейді? не болды? не етеді? қайтеді? қандай? қанша? кім? не? деген сұрауларға жауап береді.
Мен дүкенге барамын.
Анықтауыш деп сөйлемде негізінде зат есімнен болған мүшені сын, сапа, сан, мөлшер және меншіктік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені айтады. Анықтауыштар қандай? қай? қайдағы? (недегі?) қашанғы? ненің? қанша? неше? қайткен? не еткен? деген сұраулардың біріне жауап береді.
Кең далада балалар ойнады.
Толықтауыш деп сөйлемде негізінде атау мен іліктен басқа септіктің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтыратын тұрлаусыз мүшені атаймыз. Толықтауыш кімді? нені? кімге? неге? кімнен? неден? кімде? неде? кіммен? немен? кім (не) туралы? кім (не) жөнінде? не тақырыпты? деген сұрауларға жауап береді.
Мен өз Отанымды жақсы көремін.
Пысықтауыш деп сөйлемде іс-әрекеттің жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүшені атаймыз. Пысықтауыштардың сұраулары: қашан? қайда? (қалай қарай?) қайдан? қалай? қайтіп? не себептен? неліктен? кім үшін? не үшін? не істеуге? не қылуға? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? ненің арқасында? кімнің арқасында? не сайын? кім сайын? қанша? қанша уақыт? неше рет?
Ертең ол театрға барады.
Жай және құрмалас сөйлемдер Сөйлемдер грамматикалық негіздер саны бойынша екі топқа бөлінеді: жай (бір грамматикалық негіз) және құрмалас (бірнеше грамматикалық негіздер).
По количеству грамматических основ предложения делятся на простые (одна грамматическая основа) и сложные (несколько грамматических основ).
Мысалы (Например):
Мұғалім сыныпқа кірді. (Жай сөйлем) Мұғалім сыныпқа кірді, бірақ оқушылар тұрмады. (Құрмалас сөйлем) Жай сөйлемдер Жай сөйлемдер айтылу мақсатына қарай 4 топқа бөлінеді:
Простые предложения по цели высказывания делятся на 4 вида:
Хабарлы (Повествовательные)
Лепті (Восклицательные)
Сұраулы (Вопросительные)
Бұйрықты (Побудительные)
Мысалы (Например):
Қалада жаңбыр жауады. (хабарлы) Қандай ғажап табиғат! (лепті) Мынау сенің қаламың ба? (сұраулы) Арман, сабаққа барсын! (бұйрықты) Жай сөйлемдер құрылысына қарай 7 топқа бөлінеді:
Простые предложения по строению делятся на 7 групп:
Жалаң (тек қана бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлем)
Предложение состоит только из подлежащего и сказуемого.
Жайылма (тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінен тұрады)
В предложении присутствуют второстепенные члены предложения.
Жақты (бастауышы бар, кейде айтылмай тұрса да, жақ арқылы табуға болатын сөйлем)
В предложении можно определить лицо, совершившее определенное действие.