Зат есім (Имя существительное)


КӨМЕКШІ ЕСІМДЕР (Служебные имена)



бет4/12
Дата25.11.2023
өлшемі80,04 Kb.
#127102
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ереЖЕ

КӨМЕКШІ ЕСІМДЕР (Служебные имена)
 
КӨМЕКШІ ЕСІМДЕР (Служебные имена)
Көмекші есімдер – лексикалық мағынасы солғындау, толық мағыналы сөзбен тіркесе жұмсалатын есімдер. Көмекші есімдер негізгі есімдермен ілік септігі арқылы байланысады, яғни негізгі есім ілік септігінде, көмекші есім тәуелдік жалғауында келеді.
Көмекші есім зат есім секілді көптеледі,тәуелденеді, септеледі. Септелгенде олар тәуелдік жалғауын жалғап барып септеледі. Көмекші есімдер қосарланып та келеді. Негізгі есімдермен тіркесіп, көбіне күрделі пысықтауыш қызметін атқарады.
(Служебные имена – имена, частично сохранившие лексическое значение, выполняющие роль вспомогательных слов в сочетании со словами с полным лексическим значением. Служебные имена сочетаются с именами в родительном падеже, то есть непроизводные имена имеют окончания родительного падежа, а служебные имена – притяжательные окончания. Служебные имена как и имена существительные могут иметь форму единственного и множественного числа, образуют формы принадлежности и изменяются по падежам. По падежам они изменяются в форме принадлежности. Встречаются и парные служебные имена. В сочетании с производными именами служебные имена в основном выступают в качестве сложных объстоятельств).
Жиі қалданылатын көмекші есімдер (часто используемые служебные имена): алды, арты, үсті, шеті, басы, айналасы, іші, беті, сырты, бойы, маңы, төңірегі, жағы, тұсы, арасы, асты, қасы, жаны, түбі, ортасы, жағасы, жүзі, қыры, маңайы, жан-жағы, үсті-басы, басы-қасы т.б.
Мысалы: үйдің сырты, үйімнің қасында, үйіңіздің жанында, баланың қасы, столдың асты, елдің арасында, жол үсті, есік алды, жер асты.(около дома, под столом, среди людей и т.д).
Көмекші есімнің септелуі (изменение служебных имен по падежам)
А.с. сырты, үстім
І. с. сыртының, үстімнің
Б.с. сыртына, үстіме
Т.с. сыртын, үстімді
Ж.с. сыртында, үстімде
Ш.с. сыртыңнан, үстімнен
К.с. сыртымен, үстімен
 
Зат есімді морфологиялық талдау үлгісі
(Пример морфологического разбора имени существительного)
Өнер-білім бар жұрттар тастан сарай салғызды. (Ы.Алтынсарин).
өнер-білім – қосарланған жалпы есім, тұбір тұлға
жұрттар – түбірі –жұрт, жалпы есім, -тар – көптік жалғау, атау тұлғада, бастауыш, сұрағы-кімдер?
тастан – жалпы есім, түбірі – тас -, - тан – шығыс септік жалғауы, толықтауыш, сұрағы – неден?
сарай – жалпы есім, негізгі түбір, табыс септік жалғауы –ды- жасырын тұр, толықтауыш, сұрағы –нені?

Еліктеу сөздер (Подражательные слова)


Еліктеу сөздер — табиғат құбылыстары мен жан-жануарларда болатын әр алуан дыбыстарға және олардың сын-сипат, қимыл-әрекеттеріне еліктеуден туған сөздер. Қазақ тілінде еліктеу сөздердің екі түрі бар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет