225
фосфаттардың кӛп мӛлшерде түсуінен де пайда болады (мысалы, вена арқылы
еңдіргенде), тіндерде катаболикалық процестер күшейгенде байқалады. Бұл
кезде бүйректе 25(ОН)Д
3
–тің гидроксилденуі тежеледі.
Фосфат кальциймен
байланысуы мүмкін, сондықтан кальций тіндерде жиналып, гипокальциемияға
алып келеді. Ал қан плазмасында фосфордың азаюы (гипофосфатемия) – бұл
рахиттің бірінші белгісі.. рахиттің клиникалық белгілерінің пайда болуына
дейін байқалады. Сонымен қатар инсулинді қабылдағанда, гиперпаратиреоз,
сүйектің
жұмсарған кезде, бүйрек түтіктері қызметінің бұзылуы, алкалоз
кезінде байқалады.
Хлор –
Бикарбонаттар –
4.
Қанның қышқылдық-негіздік күйі (ҚНТ). ҚНТ тұрақты ұстайтын
химиялық және физиологиялық факторлар.
Қышқылдық-негіздік тепе-теңдік – биологиялық ортадағы сутек (Н
+
) пен
гидроксил (ОН
-
) иондарының концентрацияларының ара қатынасы.
Қалыпты жағдайда сау адамда қанның рН-ы 7,37-7,44. рН-тың 6,8-ге дейін
тӛмендесе немесе 8-ге дейін кӛтерілуі ӛлімге ұшыратады.
Сондықтан
қышқылдық-негіздік тепе-теңдік белгілі бір деңгейде болуы қажет.
Қышқылдық-негіздік тепе-теңдіктің реттелуіне химиялық факторлар
(буферлік жүйе) және физиологиялық факторлар (мүшелер) қатысады. Осы
факторлар бір біріне сәйкес жұмыс істейді. Ӛте күшті және реттеуге келетін
жасушадан тыс сұйықтық пен қанда болатын жүйе – бикарбонаттық буфер
болып табылады. Оның арақатынасы (1/20) плазма мен эритроциттерде бірдей,
ол қышқылдық метаболиттер қанға әрдайым кӛп түсуімен байланысты.
Буферлік әсер келесі тәсілмен жүреді: ағзаға қышқылдық ӛнімдер түскен кезде
олар буферлік бӛлімімен
әрекеттеседі, әлсіз кӛмір қышқылы мен қышқыл
метаболитінің тұзын түзеді.
H
2
CO
3
NaHCO
3
+
CH
3
CHOH
COOH
2H
2
CO
3
+
CH
3
CHOH
COONa
Әрі қарай кӛмір қышқылы карбангидразаның әсерінен ыдырайды,
кӛмірқышқыл газының артық мӛлшері ӛкпе арқылы ағзадан шығады.
CO
2
H
2
O
+
КА
H
2
CO
3
Сонымен, физиологиялық факторлар (ӛкпе) арқылы буферлік жүйелер
қалыпты күйге келеді.
Негіздік метаболиттер (ОН
-
) түскен кезде олар буфердің алымымен
әрекеттеседі:
226
+ OH
HCO
3
+ H
2
O
H
2
CO
3
NaHCO
3
Түзілген гидрокарбонаттар буферлік жүйедегі қатынысты ӛзгертеді (1/25,
1/30 және т.б.).
Фосфат буфер жүйесі дәл бикарбонаттық буфер сияқты әсер етеді: қышқыл
метаболиттер бӛлімімен
әрекеттесіп, ал негіздік метаболиттер алымымен
әрекеттеседі. Сонда не NaH
2
PO
4
, не түзіледі Na
2
HPO
4
, ал олардың ара
қатынасының (1/4) тұрақтандырылуы бүйрекпен реттеледі.
Белок буферінің әсері белок амфотерлігіне байланысты. Қышқылды заттар
түскенде аминтоптарымен, сілтілі заттар түскенде –
СООН-тобымен
әрекеттеседі. Арақатынасы фосфатты буфер арқылы қайтадан қалыптасады.
Егер қанға қышқылдық немесе сілтілік заттар түскенде, ал компенсаторлы
механизмдер рН-тың жылжуын тоқтата алмаса, онда қышқыл-сілтілі тепе-
теңдігі бұзылады, ацидоз (қышқылдану) немесе алкалоз (сілтілі
ортаның
қалыптасуы). Қышқылдық-негіздік тепе-теңдіктің ӛзгеруінің даму механизіне
байланысты респираторлық (газдық) және метаболиттік ацидоз бен алкалоз
болып бӛлінеді. Олар теңетілген және теңелтілмеген болуы мүмкін.
Қышқылдық-негіздік тепе-теңдіктің теңелген жағдайдан ауытқуы буферлік
жүйелер қатынасының ӛзгеруін физиологиялық
және химиялық факторлар
кӛмегімен қалыпты мӛлшерге келтіруге болатын жағдайда байқалады.
Теңелтілмеген бұзылыстар – артериялық қанның рН-ның 7,35-7,45
шекарасынан шыққан кезде пайда болады. Организм бұл ӛзгерісті қалпына
келтіре алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: