Заттар алмасуыныѕ реттелуі


 Метаболизмнің реттелуінің негізгі жолдарын атап ӛтіңіз



Pdf көрінісі
бет2/99
Дата30.09.2023
өлшемі1,53 Mb.
#111973
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99
2. Метаболизмнің реттелуінің негізгі жолдарын атап ӛтіңіз 
Гормондар эндокриндік бездерде түзіліп, қан ағысымен тасымалданып
қашықтықта жатқан нысана-жасушаларға (эндокриндік әсері), сол безге жақын 
орналасқан тіндерге (паракриндік әсері), түзілген гормонның ӛзі түзілген 
жасушаларға (аутокриндік әсері) әсер етеді. 


158 
3. Гормондардың химиялық құрылысы 
Гормондардың химиялық структурасы олардың синтезделетін орнымен 
анықталады, ӛз кезегінде ол қан ағысымен тасымалдануын, әсер ету механизмін 
және ыдырау жылдамдығын анықтайды.
Химиялық табиғаты жағынан гормондар 3 топқа бӛлiнедi: 
І. Белокты – пептидтi гормондар. 
Бұл топтағы гормондарды 3 топшаға бӛлуге болады; 
1. Жай белоктық гормондар: инсулин, паратгормон, ӛсу гормоны, ЛТГ. 
2.Күрделi белоктық гормондар: тиреотропты гормон (ТТГ), фолликула 
стимулдеуші гормон (ФСГ), лютеиндеуші гормон (ЛГ). 
3. Полипептидтік гормондар: глюкагон, кальцитонин, окситоцин, 
вазопрессин ,адренокортикотропты гормон (АКТГ), т.б. 
Олардың iшiнде бiразы активті емес прогормондар түрінде түзiледi 
(инсулин,глюкагон). 
ІІ.Стероидты 
гормондар:
глюкокортикостероидтар, 
минералокортикостероидтар, жыныс гормондары . 
ІІІ. Амин қышқылдарының туындылары 
болатын гормондар: тироидты 
гормондар (тироксин–Т
4
, трийодтиронин–Т
3
), адреналин (А), норадреналин 
(НА). 
Гормондардың бұл үш негiзгi тобынан басқа гормоноидтар бар. Оларға 
эйкозаноидтар (простагландиндер, тромбоксандар, лейкотриендер), ас қорыту 
жолдарының гормондары, т.б. жатады. Олар синтезделген орнында (мысалы 
энтерофинді жасушаларда, семіз жасушаларда түзілетін серотонин, гистамин) 
жергілікті әсер етедi. 
3. Гормондардың жалпы қасиеттерi. 
Құрылысындағы айырмашылыққа қарамастан барлық гормондарда ортақ 
қасиеттер болады, мұны гормондардың жалпы қасиеттері деп атайды. 

Әсер ету арнайылығының жоғары болуы. Гормондардың арнайылығы 
гормондардың химиялық құрылыстарына, синтезделетiн орнына, байланысатын 
рецепторлардың түрiне, әсер ету механизміне, нысана жасушаларына және 
физиологиялық эффектісіне тікелей байланысты. Кез келген гормон бүкiл 
метаболизм процесіне әсер етпейдi, белгілі бiр заттар алмасуына немесе бiр топ 
реакцияға әсерiн тигiзедi. 

Қуаттылығы.(1г адреналин100млн. жүректің жұмысын активтейді). 
Гормондар қанда ӛте аз мӛлшерде болса да, (10
-9
, 10
-10 г
/л) ӛте күштi әсер ете 
алады. 

Секрециялануы. Гормондар iшкi секреция бездерi (эндокриндік бездер 
endo-ішкі, krinen-бӛлемін) деп аталатын ерекше тіндерде түзiледі. Бұл бездердің 
ӛнімдері тiкелей қанға бӛлінеді немесе тіндік сұйықтыққа, лимфаға, одан кейін 
қанға түседi. Гормондар үзіліссіз, аз мӛлшерде түзіліп, күшті биологиялық 
эффект кӛрсетіп, тез ыдырап отырады. 
Гормондардың бӛліну ритмі бір-біріне сәйкес келмейді. Гормондар 
циркадты ритмде бӛлінуі мүмкін, мысалы, кортизол, оның қандағы 


159 
максимальды 
концентрациясы 
таңғы 
сағат 
8.00-де, 
минимальды 
концентрациясы – түн ортасында байқалады. Гормондар ультрациркадты 
ритмде бӛлінуі мүмкін, тәулік ішінде бӛлінуінің ауытқуы (мысалы, ЛГ) және 
маусымдық ауытқуы. Гормондар арнайы стимулденуден кейін де (мысалы, бала 
емізген кезде анада пролактиннің бӛлінуі) бӛлінуі мүмкін. 
Гормондардың ритмді түрде қанға түсуі заттар алмасуының биохимиялық 
реакцияларының координациялылығын (келісімділігін) қамтамасыз етеді. 
Заттар алмасуын тұрақты деңгейде сақтайды. Қоршаған ортаның ӛзгеруі 
гормондардың синтезделу және қанға бӛліну жылдамдығының ӛзгеруіне 
әкеледі, осыған байланысты биохимиялық реакциялардың жылдамдығы мен 
бағыттары ӛзгереді, яғни заттар алмасу деңгейінің ӛзгеруі және организмнің 
ӛмір сүру ортасына бейімделуі қамтамасыз етіледі. Гормондардың бӛлінуінің 
тәуліктік, маусымдық ритмдері белгілі. 

Қашықтықтан әсер етуі (дистанттылығы). Гормондар түзілген орнынан әр 
түрлі қашықтықта әсер етеді. 

Гормондар қанда бос күйiнде және белоктармен байланысқан күйде 
болуы мүмкiн. Бос гормондар биологиялық активті, ал белоктармен 
байланысқанда активтiлiгi уақытша жойылады. Гормондардың бос және 
байланысқан формаларының арасында белгiлi динамикалық тепе-теңдік бар. 
Бос күйiндегi гормондар азайғанда, белоктармен байланысқан гормондардың 
түрi диссоциацияланады. Байланысқан гормондар суда жақсы ериді, олар 
гормондардың тасымалдану түрi және қоры болып саналады.

Уақытша әсер етуi. Гормондар қысқа уақыт әсер етедi. Бұл олардың 
жартылай ыдырау уақытының аз болуына байланысты. Белоктық-пептидтiк 
гормондар, адреналин мен норадреналин 3-10 минут ғана ӛмiр сүре алады. 
Бұларды стресс гормондары деп атайды. Ал стероидты гормондар ұзағырақ 
әсер етедi – бiрнеше сағат, тiптi бiрнеше тәулiк, кейбір жағдайларда апталар 
бойы ӛмiр сүредi. Оларды бейiмдiлiк /адаптациялық/ гормондары деп атайды.

Барлық 
гормондар 
ӛз 
әсерiн 
рецепторлар 
арқылы 
тигізеді. 
Рецепторлармен басқа да заттар, мысалы, дәрілік заттар, биогенді аминдер және 
басқа да заттар байланысуы мүмкін. Рецепторлармен байланысатын заттарды 
лигандтар деп атайды. Сигналдарды рецепторлармен қабылдау тек қана кӛп 
жасушалы организмдерге тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет