Заттар алмасуыныѕ реттелуі


Сабақ: «ТІС ТІНІНІҢ БИОХИМИЯСЫ»



Pdf көрінісі
бет84/99
Дата30.09.2023
өлшемі1,53 Mb.
#111973
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   99
Байланысты:
3- биохимия каз

Сабақ: «ТІС ТІНІНІҢ БИОХИМИЯСЫ». 
Ӛзіндік дайындалуға арналған сҧрақтар: 
1.
 
Тістер, олардың маңызы.
Жауабы: 
Тіс – тісжақ жүйесінің мүшесі, ол шайнау аппаратының бӛлігі 
боып табылады, келесі қызметтерді атқарады: тағамды тістеу, шайнау және 
ұсақтау, кейбір тіл дыбыстарының түзу.
 
2.
 
Тіс тіндері.
Жауабы: 
Тіс
 
оның қатты бӛлігін құрайтын
 
эмальдан, дентиннен, 
цементтен тұрады. Тістің қуысы бос дәнекер тіні –ұлпамен (пульпа) 
толтырылған. Тістің түбірі дәнекер тінімен – периодонтпен қоршалып, 
альвеоларға бекінеді. 


267 
3.
 
Ҧлпа (пульпа), қҧрамы мен қызметтері туралы тҥсініктер
Жауабы: 
Ұлпа тістің сауытты қуысында және түбірлік каналдарда 
орналасады. Ол борпылдақ талшықты дәнекер тінінен тұрады, оның химиялық 
құрамы сүйек кемгіне ұқсас болып келеді. Тіс ұлпасында қан тамырлары 
(васкуляризация) мен жүйке тамырларының кӛп таралуына байалнысты 
(иннервация) ол тамақтану мен тістегі заттар алмасуында белгілі орын алады. 
Негізгі затының құрамына гликопротеидтер (хондроитинсульфаттар, гиалурон 
қышқылы, гексозаминдер) кіреді. Ұлпаның негізгі заты қоректік заттардың 
қаннан ұлпаның жасушалық элементтеріне түсетін, ал метаболизм ӛнімдері осы 
орта арқылы веноздық қан тамырлар жүйесіне түсетін орат болып табылады. 
Ұлпа одондобласт ӛсінділері арқылы дентин мен тіс түбірінің қоректенуін 
қамтамасыз етеді, себебі тістің қатты тіндерінде қан тамырлары болмайды.
4.
 
Дентин, химиялық қҧрамы, органикалық және бейорганикалық 
заттары
Жауабы: 
Дентин тістің негізгі массасын құрайды. Дентин негізгі заттан 
және дентиннің трофикасын қамтамасыз еттеін түтікшелерден тұрады. 
Түтікшелерде одонтобласттың ӛсінділері, жүйке талшықтарының ұштары 
орналасады. Дентиннің сауыттық бӛлігі эмальмен, ал түбір бӛлігі цементпен 
қапталған. Дентиннің құрамында 72% бейорганикалық заттар, 21%-ға жуық 
органикалық заттар, шамамен 10% су болады. Бейорганикалық заттарының кӛп 
бӛлігін кальций – 32%, бейорганикалық фосфор 16%-17%, сонымен қатар
магний, натрий және т.б микроэлементтер құрайды. Органикалық заттары 
дентиннің органикалық матриксін (сүйек тініне ұқсас) түзеді. Органикалық 
заттарына белоктар – коллагендер, гликопротеидтер, ГАГтар жатады, онтогенез 
кезіндегі белок мӛлшері тұрақты 20-25%, дентинде ерекше белок фосфорин 
бар. Кӛмірсулардан энергия кӛзі ретінде гликоген бар. Липидтер және цитрат 
кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет