Заттар алмасуыныѕ реттелуі



Pdf көрінісі
бет87/99
Дата30.09.2023
өлшемі1,53 Mb.
#111973
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   99
Байланысты:
3- биохимия каз

8.
 
Тіс тініндегі заттар алмасуының ерекшеліктері. 
Жауабы: 
Тіс тініндегі алмасу үрдістері олардың ӛткізгіштігіне 
байланысты. Ӛткізгіштік үрдісіне тіс лимфасының тікелей әсері бар: дентин 


269 
сұйықтығы дентин массасының 12%-н құрайды және ұлпадан тіс тіндеріне 
қоректік заттарды жеткізеді. Эмаль сұйықтығы (ликвор) – эмаль кӛлемінің 2%-
н алады – әлсіз байланысқан су – ұлпадан эмальға тӛмен молекулалы заттар 
мен иондарды жеткізеді. Олардың кейбірі эмаль арқылы сілекейге ӛте алады, 
яғни эмаль молекулалық елек десек те болады: ол ірі молекулаларды ұстап 
қалып, кішілерін ӛткізеді. Тіс лимфасы эмаль, дентин және ұлпа аралығындағы 
мағызды звено болып табылады.
Сүйек және тіс тіндеріндегі негізгі алмасу түрі – минерализация мен 
деминерализация. Тіс эмаліндегі минерализация үрдісі екі сатыдан тұрады: 
1)
 
органикалық матрицаның тҥзілуі
, тұздардың шӛгуінен бұрын 
минерализация аймағы васкуляризацияланады, оның оттегімен жабдықталуы 
күшейеді, 
тотығу-тотықсыздану 
үрдістері 
активтенеді, 
жасуша 
мембраналарының ӛткізгіштігі артады лизосомалық ферменттер босап шығады, 
пирофосфатаз активтенеді, минерализация үрдісіне пирофосфаттың тежеуш 
әсері тоқталады.
2)
 
бейорганикалық матрицаның тҥзілу (жетілу) кезеңі
. Екінші 
сатысында белоктық матрикстің минералдануы жүреді. Сілтілі фосфатаза 
органикалық фосфорлы эфирлердің түзілуі мен гидролизін бақылап, 
жасушалардағы бейорганикалық пирофосфаттың концентрациясын реттейді. 
 
9.
 
Тіс эмалініндегі нуклеация ҥрдістері.
Жауабы:
Нуклеация кезінде кальций мен фосфордың соқтығысы жүріп, 
ұсақ ерімейтін бӛлшектер түзіледі. Бұл бӛлшектер кристалдардың ары қарай 
ӛсуінде ядро – кристаллизацияның біріншілік орталықтары қызметін атқарады. 
Нуклеацияның екі түрлі механизмі бар: біріншісі – фосфатты біріншілік 
байланыстыру, екіншісі – кальцийді біріншілік байланыстыру.
Фосфатты біріншілік байланыстыру серин немесе лизин амин 
қышқылдарының есебінен жүреді. Екінші механизм глутамин қышқылы, γ-
карбоксиглутамин амин қышқылдарының есебінен кальцийді байланыстыруға 
қабілетті ≥ 60 белок бар, тістің бастамасында γ-кӛміртекте 3-ші СООН тобы 
бар. Кристаллизацияның ӛсуі екі карбоксил топтың және аспарагин 
қышқылының есебінен жүреді. Кальций кӛмірсулы компоненттерге және 
фосфолипидтерге байланысуы мүмкін. Біріншілік кристалл түзіледі. Оның ары 
қарай ӛсуі эпитаксия типі бойынша (үзіліссіз) белокпен тікелей әрекеттесу 
арқылы жүреді. Бұл үрдістердің жүруі үшін энергия кӛзі гликолиз болып 
табылады. Фосфаттың қосылу үшін кальцийдің жиналуы шарт, ал 
минерализация тек фосфат болғанда ғана жүзеге асады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет