232
Минералды заттар мӛлшеріне және формаға байланысты макро- және
микроэлементерге бӛлінеді. Макроэлементтер ағза тіндерінде кӛп мӛлшерде
кездеседі және граммен ӛлшенеді. Макроэлементтерге ӛмірге ӛте қажетті
натрий, калий, кальций, магний, фосфор, күкірт, хлор және т.б. жатады. Олар
ион күйінде болады немесе күрделі бейорганикалық және органикалық
заттардың құрамына кіреді.
Микроэлементтер ағзада 10
-3
пен 10
-12
концентрациясында болады (мыс,
темір, кобальт, алюминий, мырыш, молибден, селен, йод, фтор және т.б.). олар
аз мӛлшерде болса да, ағзаға ӛте қажет болады, себебі бірқатар биологиялық
активті заттардың түзілуіне: ферменттер, витаминдер, гормондар және заттар
алмасу процестеріне қатысады.
Кейбір микроэлементтер адамның ӛмір сүруіне, сонымен қатар кӛптеген
метаболитті реакциялар және физиологиялық қызмет атқару үшін міндетті
түрде қажет. Оларды биогендік элементтер деп атайды. Бірқатар
микроэлементтердің
адам
ағзасының
тіндерінде
және
биологиялық
сұйықтықтарда болуы кейбір ауруларға диагностикалық тест ретінде
қолданылады.
Сонымен, минералды заттар сүйек, дәнекер тінінің, жасуша мембрананың
құрамына кіріп, құрылымдық қызмет атқарады; витаминдердің, фементтердің,
гормондардың құрамдас бӛліктері ретінде қажет болады; кейбіреулері АТФ,
жоғары энергетикалық қосылыстардың құрамында болып энергия кӛзі болады;
кейбір гормондардың қорда жинау үшін қажет болады. Ферменттердің
активаторлары немесе тежегіштері болады. Гормондардың әсер ету
механизмінде қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: