Заттар алмасуыныѕ реттелуі



Pdf көрінісі
бет55/99
Дата30.09.2023
өлшемі1,53 Mb.
#111973
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   99
Байланысты:
3- биохимия каз

3.
 
Гемоглобиннің оттекті тасымалдаудағы рөлі. 
Оттектің гемоглобинге қосылуы үшін келесі шарттар орындалуы қажет: 
1.
Оттектің парциалдық қысымы жоғары болуы керек (сынап бағанасы 
бойынша 100 мм-ден тӛмен болмау керек). 
2.
Кӛмірқышқыл газының парциалдық қысымы тӛмен болуы керек. 
3.
Орта аздап қышқыл болу керек. 
4.
Температура тӛменірек болуы керек. 
5.
2,3-Дифосфоглицераттың концентрациясы тӛменірек болуы керек. 
Осы жағдайлардың барлығы ӛкпеде болады және гемоглобиннің 
оксигенденуіне себеп болады (Hb + O
2
→ HbO
2
). 
Оксигендену кезінде 

-тізбектердің жақындауы нәтижесінде гемоглобин 
жиырылады, ал оксигемоглобин ыдырағанда – созылады (кеңейеді). Биохимик 
Перутц осы қасиеттеріне сүйене отырып, гемоглобиннің молекулаларын «дем 
алушы» деп атады. 
4.
 
Гемоглобиннің көмірқышқыл газын тасымалдаудағы рөлі. 
Зат алмасу процестері нәтижесінде түзілген кӛмірқышқыл газы 
жасушалардан вена қанының плазмасына ӛтеді. Аз бӛлігі қан плазмасында 
іріген күйде қалады. Негізгі бӛлігі эритроциттерге ӛтіп, сондағы карбангидраза 
ферментінің әсерінен кӛмір қышқылын түзеді 
СО
2
+ Н
2
О ↔ Н
2
СО

Кӛмір қышқылының 5-10%-ы диссоциацияланып, протон мен гидрокарбонат 
анионын түзеді. Гидрокарбонат-ионы қан плазмасына қайта ӛтеді. HCO
3
-
белок 
буферімен әрекеттесіп, NaHCO
3
– бикарбонат буфері жүйесінің бӛлімін түзеді. 
Қалған кӛмір қышқылы (90-95%) ӛкпеге тасымалданып, тыныс арқылы сыртқа 
шығарылады. Кӛмір қышқылының 10-15% карбгемоглобин түзілу арқылы тік 
жолмен тасымалданады. Карбгемоглобиннің түзілуі және ыдырауы шарттары 
оксигемоглобиннің түзілуі мен ыдырауының шарттарына қарама қарсы болады. 
Кӛмір қышқылының негізгі бӛлігі (80% шамасында) гемоглобиндік буфер 
жүйесі арқылы тасымалданады (тікелей емес жол). Вена қанының эритроциттерінде 
гемоглобиндік буфері H∙Hb/К∙НЬ болады, ол ӛзінің бӛлімімен кӛмір қышқылын 
байланыстырып, оны нейтралдатады. Бұл реакцияның жүруі мүмкін, себебі 
Н
2
СО
3
гемоглобинге қарағанда күштірек қышқыл және КНb-нен К
+
ығыстырады.
Гемоглобин ӛкпеге түскеннен кейін оксигемоглобин буферін түзеді 
ННЬО
2
/КНЬО
2
. Оксигемоглобин қышқылы кӛмір қышқылына қарағанда 
күштірек, сондықтан КНСО
3
-пен әрекеттесіп, құрамынан кӛмір қышқылын 
ығыстырады. Кӛмір қышқылы ыдырап, кӛмір қышқыл газы тыныс жолы 
арқылы сыртқа шығарылады. 


236 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет