Заттар алмасуыныѕ реттелуі


Тҥтіктердің таңдамалы секрециясы



Pdf көрінісі
бет64/99
Дата30.09.2023
өлшемі1,53 Mb.
#111973
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   99
Байланысты:
3- биохимия каз

Тҥтіктердің таңдамалы секрециясы. 
Жасушаның дисталдық 
түтіктеріне натрий түскенде, зәрге пассивті түрде калий мен протон 
секрецияланады. Дисталдық түтіктерде екіншілік зәрде аммоний, фосфат, 
магний, гиппурат иондары, несеп қышқылының тұздары, креатинин, 
мочевина, уронат, эстерфицирленген сульфаттар, дәрілік заттардың 
секрециясы жүреді. Бұл заттардың химиялық құрамының әртүрлігіне 
қарамастан, секрециялануы АТФ-тың кӛмегімен градиент концентрациясына 
қарсы тасымалдануы арқылы жүреді. Түтікті секрецияның негізгі қызметі – 
ағзадағы бӛгде заттарды шығарудың арнайы жолы.
 
2. Реттеуші-гомеостатикалық қызметі. 
Бүйрек 
иондар 
мен 
судың 
гомеостазын 
реттейді. 
Натрийдің 
реабсорбциялау жылдамдығы минералокортикостероидтармен, ал жинағыш 
түтіктің суға ӛтімділігі судың реабсорбциясын күшейтетін вазопрссинмен 
реттеледі. 
Осмостық қысымның
жоғарылау (гипернатриемия, сусыздану) 
вазопрессиннің түзілуін жоғарылатады, минералокортикостероидтардың 
түзілуін тӛмендетеді, бұл судың реабсорбциясын арттырып, натрийдің 


245 
реабсорбциясын, диурезді тӛмендетеді. Гиперволемия, гипонатриемия кезінде 
осмостық қысымның тӛмендеуі байқалады, ол АДГ-ның бӛлінуін тежеп, ал 
минералокортикостероидтардың секрециясын жоғарылатады, осы жағдай 
судың реабсорбциясын басып, натрийдің реабсорбциясын арттырады. 
Бүйрек 
қышқыл-негіздік тепе-теңдікті
реттейді, зәрмен қышқыл 
заттардың 
шығуын 
жоғарылатып, 
сілтілік 
заттардың 
сақталуын 
(бикарбонаттардың) қамтамасыз етеді. Бүйрек 10-20 сағат ішінде ацидоз немесе 
алкалоз кезіндегі балансты қалпына келтіреді (қанның буферлік жүйесі 30 
секунд ішінде, ӛкпе – 1-2 минутта қалпына келтіреді). Дисталдық түтіктерде 
натрий активті жолмен реабсорбцияланады, ал оның орнына соңғы зәрге калий, 
аммоний иондары және протондар бӛлінеді. Калийдің шығуы тек натрийдің 
тасымалдануына ғана байланысты емес, ағзадағы сутек иондарының мӛлшеріне 
де тәуелді болады. Зәр арқылы NaH
2
PO
4
, NH
4
Cl сияқты қышқылдық тұздар 
бӛлінеді, сондықтан қалыпты зәр әлсіз қышқылдық реакцияны кӛрсетеді. 
Қышқыл-негіздік тепе-теңдікті сақтау үшін аммонийгенездік реакцияның 
маңызы зор:
NH

+ H
+
→NH
4
+
Ацидозда – сутек, алкалозда – калий секрецияланады. Бикарбонаттар 
проксималдық түтіктерде қайта активті сіңеді. Олардың реабсорбциясы 
алкалозда тӛмендеп, ацидозда – кӛтеріледі. Алкалозда зәрмен бикарбонаттар-
дың бӛлінуі жоғарылайды. Ал, ацидоз кезінде зәрмен кӛп мӛлшерде 
қышқылдық тұздар бӛлінеді, сонымен қатар қанның сілтік резерві сақталады. 
Сонымен, ацидозда сутек пен калийдің реабсорбциясы жоғарылайды, 
сондықтан гиперкалиемия дпайда болады. Бұл жағдайда кальций 
препараттарын қолдану керек, ол жүрек ақауларының асқынуларынан 
сақтайды, ӛйткені кальций – калийдің антогонисі. Алкалозда калийдің 
реабсорбциясы тӛмендейді, себебі қанда сутек концентрациясы аз және 
сутектің шығарылуы күшейіп, гипокалиемияға әкеледі. 
Бүйрек қандағы 
кальций
мен 
фосфордың 
мӛлшерін реттеуге маңызды роль 
атқарады. Бұл қызметі паратгормонның, кальцитониннің, Двитаминнің 
қатысуымен байланысты жүреді. Бүйректің жасушалары қанмен келген 
25(ОН)Д
3
-ті байланыстырып, паратгормонның әсерінен оны 1,25(ОН)
2
Д
3
-ке 
дейін гидроксилдейді. 25(ОН)Д

және 1,25(ОН)
2
Д
3
ішектегі кальцийдің 
сіңірілуіне, сүйектің минерализациясына кӛмектеседі, ал бүйрек түтіктерінде 
кальцийдің реабсорбциясына, зәрмен фосфаттың шығуына ықпал етеді.
Бүйректің иондар мен судың гомеостазын тұрақтандыратын рӛлін біле 
отыра, созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің пайда болуын түсінуге болады. 
Негізгі себептері: кеш диагностика жүргізу, аурудың ауыр ӛтуі, бүйрек және 
бүйректен тыс аурулардың асқынуы, дұрыс емдемеуден болады. Мысалы, 
жедел бүйрек жетіспеушілігінде натрийдің, бикарбонаттардың, кальцийдің 
реабсорбциясы жүрмей, олар зәрмен шығып, қандағы нарийдің, кальцийдің 
және сілтілік резервтің мӛлшері азаяды. Гипокальциемия паратгормонның 
секрециялануын жоғарылатады, сүйек тіні деминерализацияға ұшырайды, 
остеопороз дамуы мүмкін. Калий, сутек, мочевина, креатинин, несеп қышқылы 


246 
зәрге шығарылмай, бүйректе және қанда қалады, ол гиперкалиемияға (жүрек 
тоқтап қалуы мүмкін), гиперазотемияға, ацидозға алып келеді. Осы 
механизмдері түсіне отырып, дұрыс емдеуді таңдау арқылы бүйректің жедел 
жетіспеушілігінің созылмалы түрге немесе ӛлімге алып келуіне кедергі жасауға 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет