250
Бүйректе глутаминаза мен аспарагиназа ӛте активті, сондықтан
дезамидтену ӛте қарқынды жүреді. Бүйректің арнайы ферменті – глицин-
амидинотрансфераза (трансамидиназа). Бұл фермент бүйрек үсті безінде де бар.
Трансамидиназа креатиннің биосинтезінің бірінші сатысын тездетеді. Бұл
ферменттің қанда кӛп болуы бүйрек тінінің зақымданғанын кӛрсетеді
(созылмалы пиелонефрит, гломерулонефрит). ЛДГ
1
және ЛДГ
2
бүйректің
арнайы
изоферменттері,
олардың
қанда
кӛбеюі
бүйректің
жедел
жетіспеушілігінің кезінде байқалады. Келесі бүйректің арнайы ферменті –
гамма-глутамилтранспептидаза. Бірақ бұл фермент аз мӛлшерде
болса да
бауырда, жүректе, ӛкпеде, ішекте, ұйқы безінде, кӛк бауырда, қалқанша
безінде, простатада болады бұл фермент реналдық түтікшенің плазматикалық
мембранасында орналасқан және мембранадан
жасуша цитоплазмасына амин
қышқылдарының тасымалдануына қатысады: аминоқышқылы + GSH → гамма-
глутамил-қышқылы + цистеил-глицин. Бұл ферменттің деңгейі тек бүйрек
зақымдағанда ғана емес, сонымен қатар миокард инфарктінде, арақтан
бауырдың зақымдануында және цирроз кезінде де жоғарылайды.
Гамма-
глутамилтранспептидаза активтілігін анықтау, маскүнемділікке сезімтал тест
болып санады. Тырысуға қарсы препараттар осы ферменттің биосинтезін
арттырады, сондықтан эпилепсия кезінде ферменттің мӛлшері ӛте
жоғары
болады. Зәрдегі қандай да болмасын ферменттердің активтілігінің жоғарылауы,
бүйрек түтікшелеріндегі мембрананың ӛткізгіштігінің жоғарылауын немесе
бұзылуын кӛрсетеді. Бұзылудың тереңдігіне байланысты зәрде әр жасушаның
әртүрлі аймағында орналасатын ферменттер пайда болады. Бүйрек тінінің аз
дәрежеде зақымдануында зәрде плазматикалық мембранамен байланысқан
ферменттердің
активтілігі
жоғарылайды,
ал
қатты
зақымдануында
цитоплазмалық жне лизосомалық ферменттердің активтілігі жоғарылайды.
Зәрде митохондриялық ферменттердің активтілігінің жоғарылауы бүйрек
жасушаларының некрозын кӛрсетеді. Гамма-глутамилтранспептидазаның
зәрдегіактивтілігі бүйректегі патологиялық процестерінің ӛзгеру
деңгейімен
тығыз байланысты, ӛйткені бұл фермент плазматикалық мембранада, Гольджи
комплексінде орналасқан. Зәрге ферменттерқан сарысуынан және басқа
жасушалардан да түсуі мүмкін.
Қазіргі кезде зрдегі ферменттердің активтілігін анықтау келесі мақсаттарда
қолданылады:
1)
бүйректің жне бүйректен тыс патология кезіндегі нефронның
зақымдану түрін анықтау үшін;
2)
бүйрек трансплантатының бӛлініп кетуін анықтау үшін;
3)
дәрілердің бүйрекке токсикалық әсерін анықтау үшін;
4)
лизосомалдық
заттардықабылдағаннан
кейін,
ферменттің
экскрециясының күшеюін анықтау арқылы жасырын нефропатияның
бар екндігін дәлелдеу үшін;
5)
бүйректің және қуықтың жұқпалы ауруларын тану үшін;
6)
нефроптозды анықтау үшін;
7)
бүйрек ісігін диагностикасын жүргізу үшін.
251
Бүйрек ауруын анықтау үшін қандағы фермент мӛлшерін
анықтауға
қарағанда зрдегі ферменттерді тексерудің маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: