1,25(ОН)
2
Д
3
түзілуін стимулдейді, ол ішек жасушаларына түсіп,
кальцийдің сіңірілуіне қатысатын кальций-байланыстырушы белоктардың
260
синтезін арттырады. Сонымен, паратгормон мен Д витамині қандағы кальций
мӛлшерін арттырады.
Қандағы Са
2+
иондарының мӛлшері артқанда
кальцитонин
гормоны
секрецияланады, оның әсері қандағы кальцийдің мӛлшерін тӛмендетуге
бағытталған.
Кальцитонин
сүйектің
минерализациясын
арттырып,
остеокласттардың синтезін бәсеңдетеді, яғни сүйек резорбциясын тежейді.
Сүйек тінінің ӛсуі мен дамуына
А витамині
әсер етеді. А витаминінің
жеткіліксіздігі кезінде хондроитинсульфаттың синтезі бұзылатыны анықталған.
С витамині
, гидроксилазалардың коферменті ролін атқара отырып, коллаген
синтезі үшін қажет оксипролин мен оксилизиннің түзілуіне қатысады. С
витаминінің жетіспеушілігі коллагеннің құрамы мен беріктігінің ӛзгеруіне және
сүйек тініндегі ізбестену үрдістерінің бұзылуына әкеледі.
СТГ (ӛсу гормоны), пролактин, инсулин, жыныс гормондары сүйек тіннің
түзілуін арттырады. Глюкокортикостероидтар сүйек жасушаларының бӛлінуі
мен қызметін, коллаген синтезін, ішекте кальцийдің сіңірілуін, бүйректе
кальцийдің реабсорбциясын бәсеңдетеді, остеопороздың дамуына және сүйек
тіні массасының азаюына әкеледі.
10.
Сҥйек тініндегі минерализация және деминерализация ҥрдістерінің
жасқа байланысты ерекшеліктері.
Ұрықтың
қаңқасының
минерализациясы
жүктіліктің
8-аптасында
басталады.
Туғаннан бастап екі жасқа дейін сүйек түзілуі мен резорбциясы қарқынды
ӛтеді.
2-18 жас аралығында сүйек түзілу қарқыны оның резорбциясынан басым
болады.
18-40 жас аралығында сүйектің түзілуі мен резорциясы теңеседі.
40-45 жастан асқан соң резорбция үрдістері сүйектің түзілуінен басым
болады. Сүйек сынғыш және травмаға жеңіл ұшырайтын болады.
70 жастан асқан соң остеопороз арта түседі.
Студенттің ӛзін-ӛзі тексеруіне арналған жаттығулар мен жағдайлық есептер
1.
Сүйек тінінің негізгі минералды компонентіне не жатады?
2.
Қандай апатиттерді білесіз?
3.
Сүйек тінінің егізгі апатиті не?
4.
Кальций байланыстырушы белоктарда кальцийді қандай амин қышқылының
қалдықтары байланыстырады?
5.
Минерализация үрдістерінде цитрат қандай роль атқарады?
6.
Минерализация үрдістерін қандай гормондар реттейді?
7.
Минерализация үрдістерін қандай витаминдер реттейді?
8.
Сүйектің арнайы ферменттерін атаңыз.
9.
Бүйрек аурулары кезінде неліктен сынған сүйектің бітуі кешеуілдейді?
10.
Коллаген құрамына кіретін оксипролин қалдығының қатысуымен ӛтетін
кристаллизацияның біріншілік ядроларыныңтүзілу реакциясын жазыңыз.
11.
Пирофосфатаза катализдейтін реакцияны жазыңыз.
261
Достарыңызбен бөлісу: |