8. Сҥйек тініндегі заттар алмасуының ерекшеліктері. Минерализация және деминерализация ҥрдістері. Минерализация үрдісі тек коллаген талшықтары бар кезде ғана мүмкін
болады. Кристаллизацияның алғашқы ядролары коллаген талшықтарының
ішінде, тропоколлаген аралықтарында болады. Теріс зарядталған фосфат
иондарының біріншілік байланысуына коллаген құрамындағы оң зарядталған
лизиннің, оксилизиннің және оксипролиннің қалдықтарындағы ε-амин топтары
қатысады. Ал кальций иондарының біріншілік байланысуына серин
қалдықтарымен ковалентті байланысқан фосфаттар қатысады. Келесі сатыда
коллаген талшықтарының аралығындағы кеңістікте гидроксилапатиттер
түзіледі.
Минерализация
үрдісінде
гидроксилапатит
кристаллдары
протеогликандар мен суды ығыстырып шығарады. Протеогликандардың
ыдырауына лизосомалық протеиназалар қатысады. Жетілген тығыз сүйек
тінінде су аз болады.
Минерализация үрдістеріне сонымен қатар остеобалстардың минорлы
коллаген емес кальцийбайланыстырушы белоктары да (остеокальцин және
матрикстік карбоксиглутамил құраушы белок) қатысады. Бұл белоктардың
құрамында кальций иондарын байланыстырушы ди-γ-карбоксиглутамин
қышқылының қалдықтары бар, ол К витаминінің қатысуымен глутамин
қышқылынан түзіледі.
- C=O COO
-
γ
-NH-CH-CH2-CH Ca
2+
COO
-
Ионданған карбоксил топтарына кальций иондары байланысып,
гидроксилапатиттің түзілуі басталады. Остеокальцин тек тіс пен сүйекте ғана
кездеседі, оның қандағы мӛлшерінің кӛбеюі остеогенездің жылдамдығын
кӛрсетеді.
9. Сҥйек тініндегі кальций мен фосфаттардың реттелуі. Сүйек тініндегі кальций мен фосфаттардың реттелуіне паратгормон,
кальцитонин, Д, А, С витаминдері қатысады.
Қандағы кальций концентрациясы тӛмендегенде партагормон секрециясы
артады. Сүйек тінінде сүйектің резорбциясы (остеокласттардың саны және
олардың активтілігі артады) күшейеді. Паратгормон бүйрек каналшықтарында
кальций иондарының реабсорбциясын арттырады. Бұдан басқа паратгормон
бүйректе