КАЗКОММЕРЦ
NEWS
Наурыз мейрамы
құтты болсын!
ҮЗДІК
КОНТЕНТ
2015
ҚАЗКОММЕРЦБАНК
ЭКСПО-2017 ресми
серіктес банкі
• БОЛАШАҚ ЭНЕРГИЯСЫ •
Корпоративтік журналы
№ 1–2 (146–147)
Ақпан–наурыз
2016
МАЗМҰНЫ
Журнал 2003 жылдан бері айсайын шығарылады
Таралымы 26000 дана
Жеке меншік иесі және баспагер: «Айелет» ЖШС
Басылым Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келісім министрлігінде тіркелген
2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 4587-Г куәлігі
Алғаш тіркеуге алынған нөмері мен күні:
2003 жылғы 12 маусымдағы № 3971-Г нөмiрі
«КазкоммерцNews»
Корпоративтiк журналы
Қазақ тілді басылымның редакторы Меруерт Бердыбаева
Редакцияның мекенжайы: Алматы қ.,
Әл-Фараби даңғылы, 34, 5 қабат
Тел: +7 (727) 2585 465; e-mail: press@kkb.kz
Арт-директоры: Давид Джубаев [www.nebolondona.org]
Беттелуі және дизайн — Иваненко ЖК
Басып шығарған баспахана: «Print House Gerona» ЖШС-гі,
Алматы қ., Сәтпаев к-сі, 30А/3, 124 кеңсесі, тел. 250–47–40
Материалдардан дәйексөздер алынған кезде «КазкоммерцNews»
корпоративтік журналынан алынды деген сілтеменiң көрсетілуі міндетті
Жарнаманың мазмұнына жарнама беруші жауапты
Нұр себеле,
Ұлыстың Ұлы күні!
Кұрметпен,
Меруерт Бердыбаева
Мұқаба: Мәскеуде өткен Сән апталығындағы
Балнұр Асанованың коллекциясынан, 2016 жылғы наурыз
Фотограф: Никита Басов
Модель: Софья Мун
04
ЖАҢАЛЫҚТАР
06
ӨНІМДЕР
«Көрпенің» қамқорлығы!
ЖАҢАРТПАЛАР
08
Нұрлан Жағыпаров:
«Желаяқ болып марафонда желіп жүгіруге тура
келеді»
12
Жаңа форматтағы ой-талқы
АКЦИЯЛАР
16
Көктемгі акциялар-сіздерге арналады
КРЕДИТТЕУ
18
Үй сатып алудың жаңа, тиімді түрі
ҚАЙТА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
21
Қайта оралған сенім
ҚАРЖЫ САУАТТЫЛЫҒЫ
24
Не көрсек те халықпен бірге көреміз
БАРША ЖҰРТ
көптен күткен күннің нұрымен шомылған
көктемнің алғашқы күндері де келіп жетті. Елдегі
экономикалық жағдай да, доллар бағамының ауытқып
тұруы да осы қыстың суық күндерімен кетіп, қалың қармен
бірге еріп кеткендей сезіледі. Олай деуге негіз бар, өйткені
еліміздің әр аймағы, әрбір азаматы бұл нұрлы, жылы
күндерге қуанып, шаттанып әз Наурыз мейрамын тойлауда.
Әрбір дастарханда наурыз көже, тәтті тағамдар мен шөл
басар сусын -шай бар. Айтпақшы, қазақстандықтар жыл
сайын 25 мың тонна шайдан 3 млрд литрдан артық шай
демдеп, ішеді екен. Осы шайдың көптеген түрлерін өндіруші
отандық компанияға Казком 10 миллион АҚШ доллардан
артық қаржы бөлді.
«Мақсатыңыз қолжетімсіз екеніне көзіңіз жеткен кезде
мақсатыңызды емес, әдісіңізді ауыстырыңыз», — деп
айтылған Конфуцийдің ғұлама сөздерінде үлкен мән-
мағына жатыр. Қазіргі экономикалық жағдайда әрбір
идеяны, ойды жинақтап, көптеген істерге басқаша, жаңаша
көзқараспен қарау өте маңызды. Сол себепті, Казком өзінің
клиенттері үшін банк қызметтерінің барынша оңай әрі
ыңғайлы ету жолында көптеген істерге жаңаша көзқараспен
қарап, жұмыстар атқарып, клиенттер тарапынан келетін
сын-ескертпелерге үлкен мән беруде.
Осы ретте Казком жыл басында банктің технологиялық
инновацияның «жілігін шағып, майын ішкен»
бағдарламашылар мен ІТ саласында еңбек етіп жүрген және
оқып жүрген жүзден аса жас студент арасында финтех-
хакатон сайысын өткізді. Сайыста көптеген озық ойлы
идеялар мен жүйелі жобалар, сондай-ақ банк қызметінің
сапасын арттыруға арналған жаңашылдықтар ортаға
салынды. Сайыстың қорытындысы, жеңіске жеткен
командалар жайында да толығырақ журналымыздың осы
нөмірінен оқи отырыңыздар.
Әз-Наурыз әр қайсыңыздың шаңырағыңызға құт-береке
әкелсін!
4
5
КАЗКОММЕРЦ NEWS
Корпоративтiк журналы
Ақпан–наурыз 2016
№1–2 (146–147)
Ж
АҢА
ЛЫҚТ
АР
Шай.Казком.Наурыз.
Көбісі өз капиталын жария
ету үшін Казкомды таңдады
ҚАЗКОММЕРЦБАНК
ең
ірі отандық шай өндіруші
компанияны — «Tea House»
(Ти Хаус) ЖШС 10 миллион
АҚШ доллардан артық сомаға
қаржыландырды. Банктің жеке
ақшасынан компанияның айналым
қаражатына бөлінген бұл несие
бүгінгі күні елге кеңінен танымал
шайдың түрлерін көптеп шығаруға
және жаңа сауда маркаларды
өндіруге мүмкіндік береді.
Ти Хаус Қазақстанда шай
өндіруші жетекші компанияның
бірі. Елдегі әр үшінші шай осы
компания шығарған шай өнімімен
демделеді. Олардың қатарында ең
танымал сауда маркалары: «Ассам»,
«Симба», «Тенгри», «Наурыз»,
«Индира» бар. Жақында Ти Хаус
жұқалтыр конвертпен пакеттелген
шайды шығаратын жаңа өндірістік
желіні іске қосты.
«Шай демдеу, шай ішу мәдениеті
мен дәстүрі біздің елде ертеде
қалыптасқан. Бүгінгі күні шай
Қазақстанда ең танымал шөл
басар сусын әрі кез келген отбасы
дастарханының ажырамас атрибуты.
Елдегі демографиялық көрсеткіштер
серпінін ескерер болсақ, Қазақстанда
сапалы әрі қолжетімді шай өнімдеріне
сұраныстың өсетіні анық. Сол
себепті, біз қазақстандық нарықта
көшбастап тұрған әрі тұтынушыларға
қолжетімді өнімді ұсынатын отандық
өндірушіні қолдауды жөн көрдік.
Бірлесіп әрекеттесу арқылы біз
қазақстандықтардың тұтынушы
қоржынында отандық шайдың үлесін
арттыратынымызға сенімдіміз», —
деді өз сөзінде Қазкоммерцбанктің
басқарушы директоры Айгүл
Джайлаубекова.
Кәсіпорынның екі өндіруші
алаңында шығарылатын шай
өнімінің жалпы үлесі барлық
қазақстандық шай нарығының
шамасы үшіншi бөлiгiн құрайды.
Компанияның өнімі Қазақстанда,
сондай-ақ Ресей, Белоруссия,
Моңғолия мен Қырғызстанның
тұтынушылары арасында да үлкен
сұранысқа ие.
Ашық дереккөздерден алынған
мәліметке сәйкес қазақстандықтар
жыл сайын түрлі сұрыптағы
шайдың 25 мыңға жуық тоннасынан
3 млрд литрдан артық шай демдейді
екен. Қазақстан шайды тұтынудың
орташа жиынтығы бойынша
әлемде 3-ші орында тұр, ал жалпы
жиынтығында 10-шы орынға ие.
Қазақстанда әрбір үшінші шай Ти Хаус шығарған өніммен демделген
Банкте ашылған арнайы шоттардың көлемінен шамасы 19%-ы
арқылы сомасы 30 млрд теңгені құрайтын мүлік заңдастырылды
МҮЛІКТІ ЖАРИЯ
ету жөніндегі
мемлекеттік бағдарламаның жұмысы
барысында Қазкоммерцбанктің
клиенттері ағымдағы және
сақтандырудың 83 шотын ашты.
Міне, осы шоттар арқылы сомасы
30 млрд теңгені құрайтын мүлік
заңдастырылды. Мемлекеттік
бағдарламаның аясында ашылған
арнайы шоттардың саны Казкомның
жалпы шоттарының 18,5%-ын
құрайды. Осы ретте бағдарламаны
іске асыру қарқыны бойынша
Қазкоммецрбанк көш бастап келеді.
— Өз капиталын жариялау
мақсатында бізге көп клиент
хабарласып, арнайы шоттарың ашты.
Мұның өзі олардың Қазкоммерцбанкке
деген сенімін айғақтайды. Біз де
олардың сенімін жоғары бағалаймыз
және өз тарапымыздан капиталды
басқару бойынша ақыл-кеңестерді
ұсынып, тиісті құпиялылықты
қамтамасыз ету мақсатында барынша
жағдай істеп, жұмыс жасаймыз. Осы
бағдарламаға қатысу жөнінде шешімді
әлі де қабылдамаған адамдарға
айтарымыз, капиталды заңдастыру
жөніндегі зор мүмкіндікті жіберіп
алмай, тез уақытта пайдаланғандары
жөн, — деп Қазкоммерцбанктің
атқарушы директоры Наталья
Брежнева
бағдарламаның аралық
қорытындысына тоқталып өтті.
Мүлікті жариялау ету жөніндегі
мемлекеттік бағдарламаның
негізгі тәртібіне қосымша ретінде
Қазкоммерцбанк ірі жеке капиталы
бар тұлғалар үшін қаржыны
басқаруда максималды жайлылықты
қамтамасыз етуге бағытталған
арнайы стандарттарды қабылдады.
Ал талғампаз клиенттерге
құпиялылықтың жоғарғы
дәрежесі ұсынылып, бағдарлама
сұрақтары бойынша толыққанды
консультациялық қолдау көрсетіледі.
Естеріңізге сала кетейік, мүлікті
жария ету жөніндегі бағдарламаға 30
екінші дәрежелі банктер мен Қазпошта
қатысуда.
ҚР Ұлттық банктің деректеріне
сәйкес, 2016 жылғы 1 наурыздағы
жағдай бойынша қатысушы банктерде
сомасы 457 млрд теңгені құрайтын
қаражатты жария ету үшін 449 шот
ашылған. Ашылған шоттардың ең
көбі қатысушы банктердің Алматы
филиалдарына тиесілі. Мұнда сомасы
400 млрд теңгеден асып түсетін 270
жуық шот ашылған. Астанада 32 млрд
теңгеден артық сомаға 65 шот; Атырау
облысында 5,8 млрд теңге сомасында
10 шот; Қарағанды облысында 4,8 млрд
теңге сомасында 33 шот; ал Оңтүстік-
Қазақстан облысында 4,4 млрд теңге
сомасында 33 шот ашылса, банктердің
қалған филиалдарында: Ақмола,
Ақтөбе, Шығыс-Қазақстан, Маңғыстау,
Павлодар және Солтүстік-Қазақстан
облыстарында жалпы 43 шот ашылып,
сомасы шамасы 3,3 млрд теңгені
құрады.
2015 жылғы 30 қарашада «Мүлікті
жария ету туралы» Заңына бірқатар
өзгерістер енгізілді, атап айтқанда,
мүлікті жария ету мерзімі 2016
жылдың соңына дейін ұзартылды,
мүлікті жария ету процедурасы
жетілдірілді және жеңілдетілді, жария
етілетін субъектілерді құпиялы
ақпараттардың таратылуынан
қосымша сақтандыру және мемлекеттік
органдар тарапынан жасалатын заңсыз
істерден қорғау, сондай-ақ мемлекеттік
кіріс органдарына жария етілетін
мүлік туралы декларацияны ұсыну
процедурасы енгізілді.
Сонымен қатар, енгізілген өзгерістер
ақшаны екі тәсілмен жария етудің жаңа
процедурасын қарастырады. Біріншісі —
жария ету алымын төлемей, белгілі бір
мерзім барысында сақтау міндеттемесіз
ақшаны екінші деңгейлі банктерде
ашылған шоттарға есепке қосу және
екіншісі — жария етілетін сомадан 10%
мөлшерінде жария ету алымын төлей
отырып, ақшаны банктерде ашылған
шотқа есепке қоспай жариялау.
Заңдастырылуға жататын мүліктер:
ақша; бағалы қағаздар; заңды
тұлғаның жарғылық капиталына
қатысу үлесі; басқа адамға ресімделген
жылжымайтын мүлік (Заңнамамен
бекітілген нысандардан басқа);
құрылыс нормалары мен қағидаларына,
сондай-ақ өздері орналасқан, жария
ету субъектісіне меншік құқығында
тиесілі жер учаскесінің нысаналы
мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан
Республикасының аумағында тұрған
үйлер (құрылыстар, ғимараттар);
Қазақстан Республикасы аумағының
шегінен тыс жерлерде тұрған
жылжымайтын мүлік.
Бағдарламаға
қатысушы банктерде
ақшаны жария ету үшін
449
млрд теңгеге
жуық сомада
шот ашылды
457
19%
ККБ-да
30
млрд теңгеден
асатын сомаға
шоттардың
ашылды
7
КАЗКОММЕРЦ NEWS
Корпоративтiк журналы
6
№1–2 (146–147)
МӘСЕЛЕН,
біз үйге
келген қонаққа құрақ
немесе кестелі көрпе
төсеп, төрге отырғызып,
жайлылық ұсынамыз. Сондықтан әр
шаңырақта жиюлы көрпе-жастық
міндетті түрде болады және онсыз
үйдің берекесі де кірмейді. Мысалы,
ұзатылатын бойжеткенге анасы
ең алдымен көрпе-жастық тігеді.
Мұнысы біріншіден, жастарға деген
қамқорлық болса, екінші жағынан
ұзатылған жеріне жылулық, береке
әкелсін, яғни келген мейманның
астына төсесін деген ізгі ниеттен
туындайды. Демек, шағын ғана
көрпенің астарында үлкен
философиялық таным-түсінік, ізгі
дәстүр жатыр. Тағы бір айтарымыз,
қазақта «көрпеңе қарай көсіл»
деген қанатты сөз бар. Мұның
астарындағы ой терең. Мысалы,
«ысырапшылыққа жол берме»,
«босқа дарақыланба», «жағдайыңа
қара» деген мағынаны білдіреді. Бір
сөзбен айтқанда, қолыңа түсетін
ақшаны ұқыпты пайдалануға,
табысыңды еселеп көбейтуге
шақырады.
Міне, осыны ескере келе,
Қазкоммерцбанк жайлылық сыйлау,
қамқорлық көрсету негізінде өз
клиенттеріне «Көрпе» қызметін
ұсынады. Бұл қызмет түрін қария
кісілер зейнетақы алуға, сондай-
ақ, мемлекеттен әлеуметтік көмек
пен бала күтіміне жәрдемақы
алатындар да пайдалана алады. Бір
ескерте кететін жағдай, «Көрпе»
шотын ашқандарға ақша ешбір
комиссиясыз беріледі және оны тез
әрі оңай алуға мүмкіндік бар. Алдын
ала жасалған келісімшарт негізінде
Зейнетақы және жәрдемақы төлеу
жөніндегі мемлекеттік мекемеден
аударылған ақша «Көрпе» шотына
дер кезінде келіп түседі. Оны
ешқандай төлемсіз қолма-қол
ақшамен алуға болады.
Көрпенің құрағын қиыстырып
құраудың өзі бір үлкен өнер. Құрақ
құрағандай шотқа аударылатын
ақшаны да өзіңізге тиімді
болатындай, тіпті болашақта сізге
табыс әкелетіндей «қиыстырып»,
үнемдеп жұмсауды да банк өз
клиенттеріне ұсынады. Яғни
банктен арнайы төлем картасын
М
Содан күні бүгінге дейін адал
клиентіне айналып отырғанымды
қуанышпен айтамын. Мен
іскерлікпен айналысқан кезде
де, сіздермен бірге болдым.
Себебі, мұндағы қызмет көрсету
сапасы, қызметкерлердің әрбір
клиентке деген ілтипаты ерекше
ұнайтын. Банк қызметкерлері
қандай да бір жағдайда қандай
іс-әрекет жасауға болатынын
ренжімей, қиналмай түсіндіріп
береді. Мен соған разымын.
Менде банктің картасы бар, егер
осы айда маған зейнетақы қажет
болмаса, мен оны депозитке оңай
аударамын. Өте ыңғайлы әрі
жылдам жүзеге асатын қызмет
және банкоматтардың ауқымды
желісі маған ерекше ұнайды.
Бәсекелестік заманында мен өз
банкіме «бәрінен де алда бол!»
деген тілек айтқым келеді.
Расим Карибов:
— Жәрдемақы алу үшін банктен
шот ашу өте ыңғайлы. Ешқандай
комиссия төлеп әуре болмайсың.
Өз басым Homebank-тің
қызметін пайдаланып жүргеніме
қуаныштымын. Банктің №18/18
операциялық бөлімшесіне
табыс тілеймін және жаңа, сәтті
жобаларыңыз көп болсын деген
ниетімді білдіремін.
Евгения Гудкова:
— Мен де Казкомның қызметін
бұрыннан пайдаланушылардың
бірімін. Кезінде жалақы алатын
картам болды, қазір депозиттік
картаның иесімін. Хоумбанктің
қызметін ерекше атап өткім
келеді. Оның қызметін пайдалану
әрі жеңіл, әрі оңай. «Рәш»
сауда орталығындағы банктің
бөлімшесіндегі қызмет көрсету
сапасы көңілімнен шығады.
ашып, Homebank.kz қаржы
порталы арқылы ақшаңызды
кез келген уақытта бақылап,
банк серіктестерінің желісінде
(супермаркеттер және т. б.) сауда
жасап, түрлі қызмет түрлерін
жүргізе аласыз. Есесіне, әр сауда
жүргізілген сайын шотыңызға GO!
бонустар түседі. Келешекте оларды
да тиімді жұмсауға болады, әрі
банк шоттағы ақшаңызды сенімді
қорғайды. Сонымен «Көрпенің»
артықшылықтарына кеңінен
тоқталайық:
Шотқа түскен
қолма-қол ақшаны
кезексіз жылдам әрі комиссиясыз
ала аласыз;
• егер де Сізде
Казкомның төлем
картасы болса, онда Homebank
қаржы порталын кеңінен пайдалана
аласыз;
• ақшаңызды шет ел
валютасына
аудара аласыз;
• тауарлар
мен қызметтерді
комиссиясыз төлей аласыз;
• сауда жасаған
сайын бонустар
аласыз;
• банктегі өзге
де шоттарыңыз
арасында комиссиясыз ақша
аударымдарын жасай аласыз
(мәселен несиені өтеу, депозитке
ақша салу);
• жақын
туысыңызға сенімхат
арқылы шотыңызды тапсыра
аласыз.
Шотты ашу үшін бар болғаны бір
ғана қадам орындау керек. Ол үшін
Казкомның кез келген бөлімшесіне
барып,
• ЖСН көрсетілген
жеке басыңызды
куәландыратын құжатты ұсыну
қажет!
Осы шот ашылғалы банктің
мыңдаған клиенті қызметтің осынау
түрін таңдап, өздерінің жұмыстарын
анағұрлым жеңілдетті. Солардың
ішінде өз пікірлерімен бөліскендер
де аз болмады.
Светлана Середина:
— Мен Қазкомның қызметін осыдан
он жыл бұрын таңдаған едім.
«Көрпенің» қамқорлығы!
Гүлзат СМАҒҰЛОВА
Жасы үлкен қарт кісілерді сыйлау, оларға ізгі құрмет көрсету кез келген халықтың дәстүрінде бар.
Бұл ерекше қасиет әсіресе, біздің қазақ халқына қанмен даритыны белгілі
Ақпан–наурыз 2016
ӨНІМДЕР
8
9
КАЗКОММЕРЦ NEWS
Нұрлан Жағыпаров:
«Желаяқ болып марафонда
желіп жүгіруге тура келеді»
Қазақстанның ең инновациялық банкі қандай технологияларға арқа сүйейді, жағымсыз
әлемдік тәжірибеге қарамастан кең ауқымды көші-қонды телегей табыспен қалай қамтамасыз
етеді, клиенттердің арызы несімен тиімді және жалпы банктік индустрияның «қара аққуын»
қайдан, қалай күтуге болады — бұл туралы бізге Қазкоммерцбанктің басқарушы директоры
Нұрлан Жағыпаров әңгімелеп береді
Н
— Нұрлан, Қазкоммерцбанк
HCE (HostCardEmulation)
технологиясы негізінде
контактісіз NFC-төлемдерін
іске қосқаны жөнінде ел-жұртты
құлақтандырды. Өздеріңіз
бұл қызмет түрінен не күтіп
отырсыздар? Мәселен, екі жылдан
кейін смартфон арқылы төлем
жасау, әдеттегі банктік картаның
төлемі сияқты болып қала ма?
— Жалпы алғанда, бұл өнім
сұранысқа ие болады деп айтуға негіз
бар. Біздің клиенттердің бойындағы
өзгерістерді бақылай келе, біз
адамдардың күнделікті өмірде
смартфонды көп қолданатынын
байқадық, бұл әрине, бірте-бірте
олардың төлем әдеттеріне де
ықпал етеді. Мен өзім де ApplePay-
ді белсенді түрде қолданамын
және оның өте ыңғайлы екеніне
көзім жетті. Алғашында қандай
да бір психологиялық тосқауыл,
кедергі болады, бір-ақ бұл екі-үш
транзакцияның шаруасы, әрі қарай
адам өзін қалыпты сезініп кетеді.
Былайша айтқанда, қолы да, бойы
да үйренеді. Оның үстіне заманауи
адам күні бойы қолынан смартфонды
тастамайды, демек мобильді адам
үшін онымен төлем жасау аса қиын
шаруа бола қоймасы анық.
Бұл жобада инфрақұрылымды
жасау өте маңызды болды. Соңғы
үш жылда біз осымен айналыстық,
контактісіз төлем жасайтын POS-
терминалдар желісін орналастыру
біз үшін аса мәнді, маңызды
шаруа болды. Адамның NFC-карта
немесе смартфонмен төлеуге
мүмкіндігі болуы керек. Біз бұл
бағытта ауқымды жұмыс атқардық
және күні бүгінге дейін барлық
ірі супермаркеттер мен жанар-
жағармай бекеттерін, дүкендерді
қамтамасыз еттік. 2014 жылдан
бастап біз нарыққа контактісіз
төлем технологиясы енгiзiлмеген
Данил ПОМИНОВ,
«Банковское обозрение» ресейлік журналы
терминалдарды шығармаймыз.
Өткен жылы біз үлкен серпіліс
жасадық және клиенттердің
контактісіз төлем жасау әдісіне
мүдделі екеніне көзіміз жетті, өйткені
олар алдыңғы жылға қарағанда осы
әдіс арқылы ондаған есе артық төлем
жасаған.
Әрине оның абсолютті маңызы
әзірше кең ауқымды емес шығар,
дегенмен кейбір мемлекеттерде
мысалы, Польшада, Чехияда,
Австралияда, тіпті Грузияда қазір
әрбір төртінші, ал кейде әрбір
екінші транзакция контактісіз түрде
жүзеге асып жатыр, өйткені бұл өте
ыңғайлы.
Оның үстіне клиентті ыңғайлы
сервис қызықтырады. Мобильді
төлемдер — бұл болашақ емес,
заңдылық, себебі ол эволюциялық
түрде қарқын алып, дамып жатыр.
Менің ойымша, жуық арада адамдар
төлемдерді смартфонмен жасай
бастайды, себебі олар компьютерге
қарағанда мобильді құрылғыны көп
қолданады.
Бұған дәлел ретінде біздің
онлайн-банкингті
қолданушылардың
статистикасын
келтіруге болады.
Мобильді қосымшалардың
қосылғанына аса көп уақыт
бола қойған жоқ, бірнеше жыл
ғана өтті, ал біздің интернет-
банкингті қолданушылардың
жартысы мобильді iOS- және
Android қосымшаларына көшіп
алды. Пайдаланушылар саны
жағынан да, транзакция жасау
жағынан да белсенділік байқалады.
Шынында да, клиенттеріміздің тең
жартысы мобильді қосымшаларды
пайдалануды жөн санайды. Әрине,
қызметтің барлық түрі мобильді
форматқа сай келе бермейтіні
түсінікті, күрделі пішінді банктік
өнімдер бар оған әлбетте бас
қатыруға тура келеді. Ал тез, жылдам
төлемдерге қатыстысының бәрі
мобильді қосымшаларда бар.
— Сіздіңше, қолмен тасымалдаушы
ретінде банктік картадан толық
бас тартуды күтуге бола ма? Екі-үш
жылдан кейін дәстүрлі карталар
төлемі мен смартфон арқылы
төлемдер арасында қандай тепе-
теңдік болады?
— Әрине, алдымен (таяуда) өтпелі
кезең орын алады, мобильді
сервиспен анағұрлым әуес,
құмар адамдармен көбіне алға
жылжуды көздейтін аудитория
пайдалана бастайды. Одан кейін
барып көшкін көтерілгендей үрдіс
қалыптасып, бір кездері мүмкін
барлық транзакциялардың жартысы
мобильді жүйе бойынша жүргізіле
бастайтын шығар. Мен жақын
болашақты болжап айтып отырмын.
Достарыңызбен бөлісу: |