Үздік контент 2015


— Жалпы алғанда, ел аумағында



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата05.02.2017
өлшемі2,88 Mb.
#3443
1   2   3   4

Жалпы алғанда, ел аумағында 

қолма-қолсыз төлем жасау жүйесі 

қалай дамып жатыр?

— Серпінді дамуда деуге болады. 

2015 жылы ұмытпасам, қолма-қол 

Ж

АҢАР

ТПА

ЛАР

Мобильді төлемдер — 

бұл болашақ емес, 

заңдылық, себебі ол 

эволюциялық түрде 

қарқын алып, дамып 

жатыр

Ақпан–наурыз 2016



10

11

КАЗКОММЕРЦ NEWS



Корпоративтiк журналы

Ақпан–наурыз 2016

№1–2 (146–147)

ақша алу транзакциясының өсімі 

күрт төмендей бастады. Егер деп 

бұрын бұл көрсеткіш 20–25%-ға 

өсіп отырған болса, өткен жылы 

орындалған транзакциялардың 

көрсеткіші 7–8%-ды құрады. Егер 

қолма-қолсыз ақша төлемі туралы 

айтар болсақ, былтырғы жылы 

серпіліс байқалды. Транзакция 

25–30%-ға ұлғайды. Бұл көрсеткішті 

ауыз толтырып айтуға болады, 

қомақты.

— Өзіңіз айналысып отырған 

міндет-мұраттар ішінен анағұрлым 

маңызды, мәнді, басымды 

жобаларды айрықша атап, 

көрсетуге болатыны бар ма?

— Егер келелі, басымды міндеттер 

туралы айтар болсақ, біз өткен жылы 

толығымен басы бүтін көші-қон 

мәселесімен айналыстық, бізде БТА 

Банкпен бірігу жұмыстары жүргізілді. 

Шамалап айтқанда, бізде миллион 

клиент болса, осы ағынға тағы бір 

миллион қосылды.

Біз бірігу процесіне үлкен 

жауапкершілікпен, жете қарадық. 

Шетелге шығып, олардың 

тәжірибесін көрдік, сараладық. Ірі 

банктердің қосылуын зерттедік және 

көп жағдайда жағымсыз тәжірибемен 

бетпе-бет келдік. Клиенттер жан-

жаққа қашып, көптеген көшу, 

алмасу процестерінің құлағанын 

да көргенбіз.

Біз осындай жобалар жөнінде 

тәжірибе алмасып, пікір білмек боп 

Түркияға, Германияға барғанымызда: 

«О, бұларыңыз не? Қойыңыздар, 

құрығанда клиенттеріңіздің 30%-

ын жоғалтасыздар» дегендер де аз 

болмады. Біздің қолымыздан мұндай 

жұмыс жүргізе алатынымызға 

көзіміз жетті, бізде бәрі жақсы 

деуге болады. Біз тек клиенттік 

базаны ұстап қана қоймай, өсім 

қарқынын да сақтап қалдық. Егер 

ертеректе Қазкоммерцбанктің 

өсуі, БТА-ның дамуына көз жіберіп 

қарайтын болсақ, бүгінгі межемен 

алғанда біріктірілген құрылым 

шүкір, өсіп жатыр. Біз бизнесті 

сақтай отырып, 2015 жылдың 

қорытындысы бойынша 

айтарлықтай өсімге қол 

жеткіздік.

Дейтұрғанмен, екі банктің 

жұмыс істеу тәсілі екі түрлі, өнім 

түрлері сан қырлы, миллиондаған 

есеп-шоттар осының бәрін 

бір арнаға топтастыру оңай 

болған жоқ. Мұның бәрі күрделі 

дүние. Соған қарамастан біз 

өте күрделі технологиялық 

шешім қабылдадық, соның 

аясында баланстарды онлайнға 

ауыстырдық. Клиенттерге 

бөлімшелерге келіп, әлденені 

ауыстыру талап етілген 

жоқ, олардың жайсыздықты 

сезінбеуіне бар күш-жігерімізді 

жұмсадық. Жобаны сәтті 

аяқтадық, оның үстіне ертерек 

бітірдік: бұған біздің бір 

жылға жуық уақытымыз кетті. 

Дегенмен, осы жыл бойы біз күнделікті 

жұмыстан ажырап, жаңа өнімдерді 

енгізу мүмкіндігінен айырылдық.

Негізгі күшті, қорды біз көші-қон 

жұмысына жұмсадық. Бұл шаруа қалай 

тұрақтала бастады, солай жұмыс 

ырғағына еніп, бір жобадан кейін 

екіншісіне араласа бастадық.

… Қазір біз McKinsey-мен 

бірлесіп, үлкен бір жобаны қолға 

алып жатырмыз, бөлімшелердегі 

қызмет көрсету сапасын жақсартуды 

көздеп отырмыз, яғни қызмет 

сапасын жетілдіру, қызметкерлердің 

ынталандыруын арттыру және т. б. 

қызметтердің деңгейін жетілдіруді 

жөн санадық. Бұл бір жылға арналған 

үлкен бағдарлама, қазір біз оның жарты 

жолына келіп қалдық.

Егер өсім әлеуетіне көз жіберіп 

қарайтын болсақ, өзіміздің 

клиенттік қорымыздың ішінде үлкен 

мүмкіншіліктерді көреміз, банктік 

қызметті пайдаланбай отырған 

жұртшылықтың барын білеміз. 

Жалпы алғанда, кейбір көрсеткіштер 

бойынша (клиентке шаққандағы 

өнім саны туралы айтсақ) интернет-

банкингті пайдаланудың өзі кемшін. 

Бір ғана өнім жиынтығының 

өзінде банктің үлкен әлеуетін 

көріп отырмыз, ал нарықтың жаңа 

сегменттері қаншама, демек бізді 

алақандай шалшықта сүйретіліп 

жүрген үш бегемотпен теңестіре 

алмайсыздар. Алдымызда — дамудың 

сан алуан даңғыл жолы жатыр, 

сондықтан біз болашаққа сеніммен 

қараймыз. Бәсеке дегеніңіз дәл 

бүгін белең алып тұр, клиенттерде 

өнімді таңдау, банкті таңдау құқығы 

молынан.

Қазір талап ететін, өндіріп алатын, 

парасатты, ақылды клиенттердің 

заманы келді, олар жағдайды 

салыстырады, жақсыны талап етеді, 

өтініш айтып, арыздана алады.



— Ал сіз клиенттің нені қалап 

тұрғанын көзіңізге елестете аласыз 

ба?

— Әрине, қазір мен осы сұхбаттамыз 

арасында экранға көз жүгіртіп 

отырмын. Менің алдыма 

клиенттердің арызы және оған 

әріптестерімнің жауабы ағылып келіп 

тұрады, мен осы үдеріске мониторинг 

жасаймын. Әдетте бірдеңе жазғысы 

келген клиент бізге ешкім мақтау 

әнін айтпай жатыр деп те арыз 

жазудың жолын табады.

Міне, дәл қазір интернет-банкте: 

«Сендерде анау жаман, мынау жаман, 

интерфейстерің тозған, көне, дұрыс 

жұмыс істемейді» деп жазып жатыр. 

Бұл қалыпты жағдай, біз мұндай 

ескертпенің әрқайсысымен жұмыс 

істеуіміз керек, тек осы арқылы біз 

жұмыс сапасын жақсарта аламыз: бұл 

өз кемшілігіңді түзетудің мүмкіндігі, 

клиенттермен кері байланысты 

нығайтудың жолы. Оның үстіне біз 

оған жауапкершілікпен қарап, жауап 

беріп отырсақ, адамдар қуанып 

қалады.

Бір баяндамада келтірілген 



мынадай бір мысал есімде қалыпты. 

Адам ұшақта ұшып келе жатып, 

«wi-fi неге жұмыс істей тұр?» деп 

дау шығарған екен. Ал бұған біз 

басқа адамның көзімен қарайықшы, 

бұның өзі керемет емес пе… сен сегіз 

сағаттың ішінде әлемнің бір нүктесінен 

екіншісіне ұшып барасың, ұшақта ішесің, 

жейсің, дем аласың. Соған қарамастан 

«интернет неге істемейді, неге анау 

жоқ, неге мұнау жоқ» деп, бәрібір көңілі 

толмайтын адам табылады, өмір болған 

соң мұндай адам көкте де, жерде де 

кездеседі.

Уақыт өткен сайын көп нәрсенің 

өзгеріп жатқанын әрине түсіну керек. 

Қазір біз өтіп жатқан үдерістерге 

көбіне бәсеке көзбен қараймыз. 

Біз банктік бизнестің парадигмасы 

өзгеріп жатқанын да көріп отырмыз, 

қазір тіпті мынадай компаниялар 

пайда болды, ешқандай шекараға 

қарамай несиелеумен, түрлі төлем 

қызметтерімен айналысады, лэндинг-

банкинг.

Көзге көрініп тұрған жағдай 

банктік бизнес те қатты өзгереді, 

модернизацияланады. Ол қазірдің өзінде 

өзгеріп жатыр, бара-бара бұл үрдіс нығая 

түседі себебі бұл процестер жеңілденіп 

жатыр. Соған сәйкес тек жүгіріп отыру 

керек, жүгіріп. Қазір желаяқ болып 

марафонда желіп жүгіру керек, одан 

басқа амал жоқ, онда да бәрі бірдей 

аяғына дейін жүгіре алмайды. 

Егер қолма-қолсыз ақша төлемі туралы айтар болсақ, былтырғы жылы серпіліс байқалды. 

Транзакция 25–30%-ға ұлғайды

Ж

АҢАР

ТПА

ЛАР


13

КАЗКОММЕРЦ NEWS

Корпоративтiк журналы

12

№1–2 (146–147)



Жаңа форматтағы 

ой-талқы


Қазкоммерцбанк пен Visa төлем жүйесі Қазақстанда алғаш рет 

банктік қызмет көрсету аясында технологиялық жобаларға 

арналған хакатон ұйымдастырды

ҚАТЫСУШЫЛАРҒА

 екі 


тәулікте ерекше идея ойлап 

тауып оны жүзеге асыру 

үшін түп тұлғасын жасау 

тапсырмасы берілді.

Хакатонның әділқазылар 

құрамына қаржы секторының және 

бағдарламамен қамтамасыз етумен 

айналысатын алдыңғы қатарлы, 

үздік қазақстандық компаниялардың 

ІТ-жетекшілері: Қазкоммерцбанк, 

Visa, Қазпошта, CrystalSpring, Бірінші 

шешімін тауып, түп тұлғаны көрсету 

үшін бірнеше күнге оқшауланып, 

өз бетінше жұмыс істейді. Соңынан 

тәуелсіз әділқазылар алқасы 

анағұрлым ерекше және болашағы 

бар жобаларды таңдап алады.

ХАКАТОН ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?

Хакатонды ұйымдастырушылар 

жұртшылықты жиып, өнім туралы 

идеяларды немесе қызметтің түрін 

ұсынады, сол жерде 

команда жасақталып, 

оларға белгілі бір 

уақыт мерзімі беріледі 

(әдетте бір күн немесе 

бір аптадан аспайтын 

уақыт). Идеялар бір 

тақырыпты немесе 

бірнеше тақырыпты 

қамтиды, ал кейде 

оған мүлдем шектеу 

қойылмайды. 

Әділқазылар алқасы 

шешім шығарған кезде 

іс-шара аяқталған 

боп саналады. 

Жеңімпаздар іріктеліп, 

қалған номинанттар 

да анықталады.

ХАКАТОННЫҢ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:

• өте тығыз уақыт 

шеңберінде берілген 

тапсырманы/проблеманы шешу. 

Мұндайда адам сұрақ-жауап түрінде 

емес, анағұрлым тиімді түрде, 

яғни проблема және оны шешудің 

жолдары түрінде ғана ойлана 

бастайды.

• жарысу. Әдетте мұндай жарыс өте 

жағымды сипатта, көл-көсір эмоция 

аясында өтеді. Әрине, осындай 

игілікті іс-шара адамға ерекше күш-

қуат, жігер сыйлайды.



КАЗКОМНЫҢ ФИНТЕХ-ХАКАТОН 

ТАПСЫРМАСЫ:

• төмендегідей мүмкіндік беретін 

мобильді немесе веб-қосымша 

жасау:


• клиенттің банкпен қарым-

қатынасының жаңа көздерін ұсыну,

• пайданы ұлғайту және қызмет 

көрсетуді жетілдіру,

• банкингті анағұрлым ашық әрі 

жұртшылыққа қолжетімді жасау.

Тапсырма мына қабілет-қарымға 

байланысты бағаланды: идеяның 

тереңдігі, дайын өнімнің әзірлігі, 

юзабилити, дизайн.



КАЗКОМ-ХАКАТОН ҚАЛАЙ ӨТТІ?

Хакатонға 38 әзірлеуші — команданы 

қамтитын 100-ден аса адам 

қатысты. Қатысушылар арасында 

кәсіби бағдарламашылармен бірге 

салалық жоғары оқу орындарының 

студенттері болды. 19 команда 

өзінің дайын жобаларын ұсынды, 

5 жоба ойын финалына іріктеліп, 

әділқазылар талқысына түсті.

Сонымен, Хакатон жарысынан 

оза шығып, бас бәйгені қанжығасына 

Қазақстан-Британ техникалық 

университетінің (ҚБТУ) және 

Ақпаратты технологиялар 

халықаралық университетінің 

(АТХУ) студенттері арасынан 

құрылған HackTeam құрама 

командасы байлады. Құрама 

команда iBeacon технологиясын 

автонесиелеу және автоматты 

скорингті (есепті статистикалық 

әдіске негізделген әлеуетті заем 

алушының несиелік қабілетін 

бағалайтын жүйе) пайдалану 

жөніндегі тың жобасын ұсынған 

еді.

ЖЕҢІМПАЗ КОМАНДАНЫҢ 

НЕГІЗГІ ИДЕЯСЫ НЕДЕ?

Бұл жоба автосалондардың 

әлеуетті клиенттерінің автокөлікті 

Қ

кредиттік бюро басшылары кірді.



ХАКАТОН ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Хакатон (ағыл. — hackathon) hacker 

(хакер) және marathon (марафон) 

сөздерінен шыққан — бағдарламамен 

қамтамасыз етуді әзірлейтіндер 

арасындағы ұйымдастырушылар 

қойған қандай да бір міндеттемені 

шешу жөніндегі жарыс.

Хакатон кезінде ережеге сай, 

жарысқа қатысушылар өз идеяларын 

жүзеге асыру мақсатында оның 

Казком финтех-хакатонды не үшін 

ұйымдастырды, мақсаты?

Сырттан озық ойлы жаңа идеяларды тартып, 

оларды ортаға салып, тәуелсіз көзқарастың 

нәтижесінде клиенттер

үшін банктік сервистерді барынша

оңай әрі ыңғайлы жасау.

Ж

АҢАР

ТПА

ЛАР


14

15

КАЗКОММЕРЦ NEWS



Корпоративтiк журналы

Ақпан–наурыз 2016

№1–2 (146–147)

таңдау шеңберін олардың жеке 

қалауы мен мүмкіншілігіне орай 

жеңілдетеді. iBeacon қолданатын 

технологияның арқасында көлік 

таңдаушы автомобильдердің 

арасында тұрып-ақ өзіне ұнаған 

көліктің сипаттамасы жөнінде және 

кредитор-банктен келген жедел 

ақпаратты мобильді телефоны 

арқылы оқып-біледі. Демек, 

автонесие беру мүмкіндігі, заемның 

мерзімі мен мөлшері, ай сайын 

төлейтін өтемақының есебі клиенттің 

ұялы телефонына шұғыл түсіп 

отырады.


Әділқазылар алқасының 

пікірінше, бұл жоба өте терең 

зерттеліп, жөн-жосығы толық 

талданып барып, жасалған тың дүние.

Жеңімпаз HackTeam командасы 

жүлде ретінде екі адамға АҚШ-тың 

Колифорния штатындағы «Кремний 

алқабына» жолдама алды. Онда 

олар заманауи озық технологиямен 

жұмыс істеп отырған әлемге аты 

әйгілі ІТ-компанияларға экскурсия 

жасайды, олардың қатарында 

атақты Google, Facebook, Twitter бар, 

сондай-ақ StanfordUniversity мен 

UniversityofCalifornia, Berkeley сынды 

танымал техникалық ЖОО-ға саяхат 

жасау мүмкіндігіне ие болды.

«Казком хакатон 2016» жеңімпаз 

командаларының әсерімен бөлісейік:

Тапсырма алғаннан кейін біз 

қалағандай идея басымызға бірден 

сап етіп, келе қойған жоқ, — дейді 

жарысқа қатысушы жастар. Іс-шараға 

бір апта қалғанда дайындық жүре 

бастады, барлық команда жиналып, 

оның шарт-талаптарымен танысты 

және оны түбегейлі талдап-зерттеді. 

Күн сайын жұмыстан кейін жастар бас 

қосып бұл тақырыпқа қайта-қайта 

соғып, талқылап, миға салмақ түсірді. 

Студенттерге техникалық біліммен 

бірге көсіліп сөйлеу үшін шешендік 

өнер қажеттілігі туындады, оған қоса 

жобаны басқару және т. б. да біліктілік 

талап етілді.

Жас чемпиондарды шын 

ниетімізбен құттықтаймыз (олардың 

есімін біз әлі талай еститінімізге 

сенімдіміз):

Жадыра Бейсембаева 

— команда 

капитаны, идеяны таныстырушы;

Саттар Стамкұлов 

— жоба-


менеджері және идеялық дем 

беруші;


Азамат Мұхамеджанов

 — әзірлеуші 

программист;

Әйгерім Әукен

 — мобильді 

дизайнер UI/UX.

— Әділқазылар алқасының 

әр мүшесіне алғыс айтамыз. 

Әділқазылар құрамына еліміздегі 

табысты компаниялардың бас 

директорлары кіргеніне алғашында 

біз қатты таңқалдық. Олар өз 

істерінің мықты мамандары, 

соңғы кездері өздерін кризис-

менеджерлері (Қазпошта және 

Бірінші кредиттік бюро қызметінің 

түбегейлі өзгеруі) ретінде таныта 

бастады, ал Казком әдеттегідей 

еліміздің үздік коммерциялық 

банкі, ол өзінің нарықтағы 

әлеуетті ұстанымын БТА банкпен 

қосылғалы бері берік нығайтты. 

Хакатон өткен кезде басынан-

аяғына дейін ұйымдастырушылар 

өз қызметін өте жоғары деңгейде 

орындап шықты. Біздің жемісті 

жұмыс істеуімізге барлық жағдай 

жасады, әдетте мұндай іс-шара 

өткенде ұйымдастырушылардың 

дені үдеден шыға алмай жатады. 

Меніңше, жалғыз біз емес, жарысқа 

қатысушылардың бәрі де керемет 

көңіл-күйді бастан кешіріп, жақсы 

әсер алды, — деді өз сөзінде 

команда капитаны Жадыра 

Бейсембаева.

Қазір студент-жастар мамыр 

айындағы сапарға дайындалып 

жатыр. Жеңімпаздар Силикон 

—  БІЗДІҢ ХАКАТОНҒА

 қатысушы 

бағдарламашылардың 80%-ы жас 

студент екені көңіл қуантады. Олар 

жас бола тұра, студент бола тұра 

мықты идеяларын, тың жобаларын 

жоғары деңгейде көрсете алды. Біз 

заманауи жаңа шешімдерді табу 

үшін, жас дарындыларды қолдау 

Қазкоммерцбанктің 

басқарушы директоры 

Нұрлан Жағыпаров

Меніңше, жастармен, 

әсіресе көзі «жанып 

тұрған» жас 

мамандармен жұмыс 

істеу — жақсы үрдіс

мақсатында Казкомда хакатон 

өткізуді дәстүрге айналдырамыз, — 

деді Қазкоммерцбанктің басқарушы 



директоры Нұрлан Жағыпаров 

жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде.

— Әрине, банк дегеніңіз — бұл ірі 

ұйым, оның өзінің шеңбері, форматы, 

ішкі іс-шаралары бар. Кей кездері 

біз бастама алаңында шектеулі 

күйде қаламыз. Біз «қораптың 

ішінде» ойлауға әдеттеніп алғанбыз. 

Хакатон сияқты қарым-қатынас, 

байланыс жасаудың негізінде, оның 

идеясында ішкі қызметке, өнімге 

шекара сызығынан шығып, еркін 

көзқараспен қарау, жұртшылыққа 

ерекше бір сілкініс боларлықтай 

айрықша қызмет түрін ұсыну 

талпынысы жатыр.

Біздің басты мақсатымыз — 

Казкомның банктік сервисін 

клиенттер үшін барынша 

қарапайым әрі ыңғайлы 

ету және осы ретте жас 

бағдарламашылардың тәуелсіз, 

ерікті көзқарасы біздің 

жұмысымызға көп көмегін, оң 

ықпалын тигізетініне сөзсіз 

сенеміз, — деді Нұрлан Жағыпаров.

Сөйтіп, өзінің финтех-

хакатонымен Казком дәстүрлі 

банкингке қамшы тастады. 

Жаңалыққа құлақ сап жүріңіздер, 

сіз де келесі финтех-хакатонға 

қатысып, бізбен бірге замануи 

банкингтің іргетасын қалап, өз 

қалауыңыздай озық банк жасауға 

бірге әрекеттенуге асығыңыз.

алқабына жасайтын саяхаттың 

әсерлі болатынына сенімді. 

Өйткені, оны көру екі адамның 

бірінің маңдайына жазылмаған 

зор бақыт қой.

«Қолма-қолсыз Visa төлем 

жүйесінің ынталандыруы 

бойынша

 үздік инновациялық 

шешім» арнайы аталымының 

жеңіс тұғырына бірыңғай АТХУ-

дің студенттерінен жасақталған 

BankWorkers командасы көтерілді. 

Бұл команда iBeacon-ды шағын 

төлемдер қызметін жетілдіруге 

және клиенттердің пайдалану 

тәжірибесін ұлғайтуға арналған 

жобасын ұсынған. Осы технология 

көмегімен мысалы, көлікте немесе 

кинотеатрда орналасқан төлем 

құралы арқылы жолаушылардың 

немес кинотеатр көрермендерінің 

ұялы телефон арқылы 

байланысып, көрсетіп отырған 

қызмет ақысын контактісіз 

төлеуге ұсыныс жасайды.

Өздерінің қол жеткізген 

осы жетістігі арқылы 

BankWorkers командасы Visa-ның 

интеллектуалдық орталығының 

біріне бару мүмкіндігіне ие болды. 

Көлік таңдаушы автомобильдердің арасында тұрып-ақ 

өзіне ұнаған көліктің сипаттамасы жөнінде және 

кредитор-банктен келген жедел ақпаратты мобильді 

телефоны арқылы ала алады

Казком финтех-

хакатон 2016-ның 

қатысушылары

Ж

АҢАР

ТПА

ЛАР


17

КАЗКОММЕРЦ NEWS

Корпоративтiк журналы

16

Көктемгі акциялар — 



сіздерге арналады

Қыс өтіп, көктем келді, бұл ғажайып акциялардың уақыты 

келгенінен хабар береді

VISA АРҚЫЛЫ РИОДАҒЫ 

ОЛИМПИАДАЛЫҚ 

ОЙЫНДАР 2016

MASTERCARD–ПЕН БІРГЕ UEFA 

CHAMPIONS LEAGUE ФИНАЛЫ

KAZKOM КАРТАСЫН 

АШЫП,  ПАРИЖ-ДІ 

ТАМАШАЛАҢЫЗ

WORLDMASTERCARD-

SINOOIL КАРТАСЫНА

4% БОНУС 



РИО!.. 

Думан-қала, арман-қала! Көз 

алдыңызға небір тамаша карнавалдар 

елестейді, ерекше сәулеті қандай, адамды 

еріксіз тартатын тылсым табиғатын 

айтсаңызшы.  

Егер сіз КАЗКОМ ұсынатын Visa-ның 

негізгі және қосымша картасының иесі 

болсаңыз, онда 5-21 тамыз аралығында 

Рио-де-Жанейрода өтетін 2016 жылғы 

Жазғы Олимпиада  ойындарын тамашалау 

сыйлығы сізге бұйырып қалуы әбден 

мүмкін. 

2016 жылдың 15 ақпанынан 31 

мамырға дейін Visa карталары арқылы 

3000 теңгеден артық сомаға сауда 

жасаңыз да, Риода өтетін 2016 Олимпиада 

ойындарына бару ұтысына қатысыңыз. 

Акцияға КАЗКОМ ұсынатын Visa-ның 

негізгі және қосымша карталарының 

иелері қатыса алады: карта арқылы 3000 

теңгеден кем болмайтын сомаға (банк 

қызметінің төлемінен басқасы) қолма-

қолсыз ақша транзакциясын (сондай-ақ, 

интернет-дүкендерде жасалған сауда да 

есепке алынады) жасаңыз. 

Visa картасы арқылы жасалған 

транзакцияның көптігі жеңіске жетудің 

мүмкіндігін арттырады. Жеңіске қол 

жеткізіп, ешқашан ұмытылмайтын 

Риодағы риясыз күндер туралы 

достарыңызға сыр шертіңіз!



БҰЛ АЙРЫҚША АКЦИЯ

 — өйткені 

басты сыйлық — Парижге жолдама!..

Өзіңе және ең жақын адамыңа 

таңғажайып демалыс жаса.

Казкомнан 1 наурыз 15 мамыр 

аралығында төлем картасын ашып, 

2016 жылдың 30 мамырына дейін әлем 

бойынша POS-терминалдар желісінде 

немесе интернет-дүкендерде 40 

теңгеден кем емес сомаға төлем 

жасасаңыз, онда сізге естен кетпес 

Парижге саяхаттауға екі адамға 

арналған жолдаманы ұтып алу бақыты 

бұйырады.

Басты сыйлық — Парижге екі 

адамға арналған туристік пакет: 

оған Алматы-Париж-Алматы бағыты 

бойынша барып-қайту әуе билеті мен 

СОНЫМЕН БІЗДІҢ 

соңғы 


акциямыз — автоәуесқойларға 

арналады.

2016 жылдың 23 ақпанынан 23 

желтоқсанға дейін WorldMasterCardSi-

nooil картасы арқылы Қазақстан 

бойынша Sinooil жанар-жағармай құю 

бекетінен әр төлем жасаған сомадан 

4% бонус таба аласыз.



Sinooil кобрендингтік

картасын қалай ашасыз?

Жаңа Homebank-тен карта ашыңыз — 

«Төлем картасы» — «Жаңа карта 

ашу» — «Sinooil-дің жанармай 

картасы».

Sinooil картасы бойынша бонустар 

және қосымша бонустар:

Go! Sinooil жанар-жағармай құю 

бекеттері желісінен жанар-жағармай 

сатып алу төлеміне де және Қазақстан 

бойынша Sinooil-дың барлық жанар-

жағармай құю бекеті дүкендерінен 

жасаған сауда-сатылымына да 4% 

бонус беріледі.

Сондай-ақ, тек WorldMaster-

CardSinooil картасының иелеріне 

Алматы қаласында 2016 жылғы 1 

ақпан — 31 желтоқсан аралығында 

автожуу желілерінен және автобөлшек 

дүкендерінен қосымша 4% бонус 

беріледі.

Sinooil жанар-жағармай құю 

бекеттерінен жиі сауда-саттық 

жасасаңыз, ақшаңызды барынша 

үнемдей алатыныңызды естен 

шығармаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет