«КӨРІНГЕН
таудың алыстығы
жоқ», 28 мамыр иек астында!
UEFAChampionsLeague-ге билет сатып
алатын уақыт келді. Әңгіме не жөнінде
болып отырғанын футболдың
жаңкүйерлері біледі. Егер сіз UEFA
ChampionsLeague финалына қатысуды
армандап жүрсеңіз, онда MasterCard
ұсынып отырған акцияға қатысыңыз.
Мүмкін осы жолы сіздің бағыңыз
жанар!
Ол үшін не істеу керек?
2016 жылғы 15 сәуірге дейін
MasterCard® немесе Maestro®*
карталары арқылы «Эйр Астана»
корпоративті сайтында, брондау және
ақпараттандыру Орталығында немесе
әуебилетті сататын «Эйр Астана»
кеңселерінен «Эйр Астана» рейсінің
билетін сатып алсаңыз болғаны.
Екі жеңімпаз негізгі, бас сыйлыққа
ие болады:
• 2016 жылдың 28 мамырында
Италияның Миландағы San-
Siro стадионында өтетін UEFA
ChampionsLeague-нің финалдық
матчына арналған екі билет. Мұнда
қонақтарды қабылдайтын қалашыққа
кіру мүмкіндігі қарастырылған.
• Миланға дейін эконом-кластағы екі
билет (барып-қайту).
• Миландағы қонақүйде екі кісілік
бөлмеге орналастыру және 2016
жылғы 27 бастап, 30 мамырына дейін
таңертеңгілік ас.
• Трансфер әуежай — қонақүй —
әуежай.
• Виза алуға қолдау көрсетіледі.
Тағы он жеңімпаз Еуропаға (барып-
қайту) эконом-класты билет түрінде
қосымша сыйлықтарға қол жеткізеді.
Жай ғана акцияға қатысып,
UEFA ChampionsLeague финалын
тамашалау мүмкіндігіне қол жеткізу!
төртжұлдызды қонақүйде 7 түн түнеу
кіреді.
Акцияға көрсетілген мерзімде
ашылып, транзакция жасалған жаңа
карталардың бәрі (виртуалды және
корпоративті картадан басқасы)
қатыса алады.
Төлем карталарды банктің
бөлімшелерінен және Homebank.kz
қаржы порталынан ашуға болады.
Неғұрлым көп карта ашсаңыз, оза
шығуға соғұрлым мүмкіндік мол екенін
естеріңізге саламыз.
Сөйтіп, сәл ғана тырыссаңыз,
әйгілі Парижге саяхат жасауға жол
түсуі әбден мүмкін. Шыныңызды
айтыңызшы, бұл сіздің арманыңыз еді
ғой!
А
КЦИ
ЯЛ
АР
18
19
КАЗКОММЕРЦ NEWS
Корпоративтiк журналы
№1–2 (146–147)
Үй сатып алудың жаңа, тиімді түрі
Баспана жағдайын жақсартқысы келген қазақстандықтарға арналған екі жаңалығымыз бар, екеуі де жағымды, жақсы жаңалық.
Біріншіден, бұдан былай Қазкоммерцбанктен теңгемен небәрі жылдық 11%-бен кепілді жылжымайтын мүлік сатып алуға болады.
Екіншіден, Казком өз серіктесімен бірге нарыққа жаңа тұрғын үй кешендерінен құнын бөліп төлеу арқылы пәтерді сатып алуға
мүмкіндік беретін ұсыныспен шығып отыр
ОҚЫРМАНДАРДЫҢ
есінде болар, 2015 жылдың
тамызында ұлттық
валютамыздың долларға
шаққандағы бағамын еркін айналымға
жібергеннен кейін Қазақстан банктері
теңгелей қолма-қол ақшаға зәру болды.
Осы кезде несиелеу саласында, әсіресе
ипотекалық кредит беру саласында
проблема туындады. Мұндай кредиттің
қажеттілігіне көп қаржы керек, ал
банктерде сол кезде қаражат шектеулі
еді. Валюта бағамдарының жиі,
күрт құбылуы да өз әсерін тигізді.
Оның үстіне, жұртшылықтың төлем
қабілетінің жағдайы да банкирлерді
алаңдатпай қоймады. Міне, осының
бәрі қазақстандық банктердің бір
бөлігінің ипотекалық несие беруді
мүлдем тоқтатуға немесе клиенттердің
ерекше бір бөлігіне, яғни жалақы
карталарының иелеріне ғана беруге
алып келді.
Дейтұрғанмен, экономикадағы
қиындыққа қарамастан, өмір жалғасып
жатыр. Мыңдаған тұрғындардың
баспанаға зәру боп отырғаны жасырын
емес. Олар ипотекалық несие алып,
оны төлеуге дайын. Осы орайда
Қазкоммерцбанк өз клиенттеріне қол
ұшын беруді көздеді, сөйтіп, тиімді өнім
әзірледі.
2016 жылғы наурызда банк өз
балансында тұрған баспаналарды сатып
алуға арналған ипотекалық несиелеу
бағдарламасын іске қосты. Бұл жаңа
ұсыныстың негізгі артықшылығының
бірі — несиелеу мөлшерлемесінің
тартымдылығы — жылдық 11%-дан
басталады, оның үстіне теңгемен
беріледі (жылдық тиімді мөлшерлемесі
11,74%-дан басталады).
Төлемді өтей алатын қабілетті
клиенттер үшін банктің кепілдік
қорындағы жалпы құны 9 млрд
теңгеден асатын 1 мыңға жуық
жылжымайтын мүлік нысанының
қолжетімді екенін айта кету орынды.
Бағдарлама мына үлгі бойынша
жұмыс істейді: Қазкоммерцбанк әрі
кредитор әрі жылжымайтын мүліктің
тікелей сатушысы. Сатып алынған
пәтер немесе үй заемшының иелігіне
өтеді, бірақ несие толық өтелгенше
банктің кепілдігінде тұрады. Анығын
айтқанда мұндағы жағдай дәстүрлі
ипотекалық несиедегі жағдай сынды.
Ипотеканың ең ұзақ мерзімі — 10 жыл.
Алғашқы жарна жылжымайтын мүлік
құнының 10%-нан төмен болмауы
тиіс. Несиелеудің бұл бағдарламасы
кепілге қойылған жылжымайтын мүлкі
бар барлық аймақта жүзеге асады.
Банктің кепілдік қорындағы жаңа және
қолданыстағы жылжымайтын мүлік,
яғни пәтерлер, жер үйлер, сондай-ақ
жер телімдері жетерлік және олардың
тізімі де сан алуан: эконом-кластағы
шағын пәтерлер мен көркем, элиталық
жылжымайтын мүлік те бар.
Несиені ұйымдастыру үшін және
оған қызмет көрсету үшін банк
ешқандай комиссия алмайды, сонымен
қатар өз есебінен кепілдік затын және
заем алушының өмірін сақтандырады.
Кепілге қойылған нысанның құны
оның сипаттамасына байланысты:
көлеміне, орналасу орнына, жай-күйіне
және т. б. жағдайларға. Оны тәуелсіз
бағалаушы компаниялар нарықтық
конъюнктураға орай анықтап,
теңгемен бекітті.
«Бұл күндері Қазақстанда
ипотекалық несиенің қарқыны
азайғанда біз өз тұрмыстық жағдайын
жақсартқысы келетін азаматтар
үшін шын мәнінде жақсы ұсыныс
жасап отырмыз. Біздің ипотекалық
бағдарламаның артықшылығы — ол
қазіргі күні нарықта ең төмен болып
саналатын несиелеудің бәсекелестік
мөлшерлемесі екені даусыз. Осы
бағдарлама арқылы банк өз
мәселелерін де шешуді
көздеп отыр, яғни
бейінсіз
активтерден
құтылып,
стандарттық
займдар көлемінің
өсуі есебінен ссудалық
қоржынның сапасын
арттырмақшы», — дейді
Қазкоммерцбанктің
басқарушы директоры Әділ
Батырбеков.
Кепілдік қорындағы
барлық жылжымайтын
мүліктің тізімін
Қазкоммерцбанк сайтындағы
Наталья ЗЕНКОВА
О
Б
ТАБЫС КЕПІЛІ
«АҚЫЛМЕН» ЖАЛҒА АЛУ
Казком өзінің серіктес Global құрылыс компаниясымен
бірлесіп, іске қосып отырған екінші айрықша өнімінің бірі —
пәтерлерді 5 жылдан 10 жылға дейін жалға алып, бөліп төлеу
арқылы сатып алу бағдарламасы
БАҒДАРЛАМА
шартына
сәйкес, пәтер сатып алушы
компаниямен үш келісімшарқа
қол қояды:
• сату-сатып алу жөніндегі алдын ала
келісімшарты;
• жалға алу келісімшарты;
• басқарушы компаниямен қызмет
көрсету келісімшарты.
Баспана құны бөліп төлеудің
толық мерзіміне теңгемен бекітіліп,
өзгермейді және индекстелмейді.
Сатып алушы бастапқы жарнаны
(пәтер құнының 30% төмен
болмайтын сома) төлейді, одан кейін
қалған соманы төлем тәртібіне сәйкес
өтеп отырады. Сатып алушы пәтерде
тұру құқығына ие болады және оның
жалға алу құнын тұрақты түрде
өтеп отыруы міндетті. Жыл сайын
бөліп төлеу сомасына жалға алып
отырған баспананың ай сайынғы
төлемақысына 10%-дық үстеме
қосылады. Жылжымайтын мүлікті
сатып алуға бір ғана құжат — жеке
куәлік талап етіледі. Ай сайынғы
табысыңды растайтын анықтама
қағазы қажет емес.
Бүгінгі күні бұл ұсыныс арқылы
Алматының мына тұрғын үй
кешендерінен пәтер сатып алуға
болады: 10 жылдық бөліп төлеу
мерзімімен «Алтын Бұлақ» және
«Жағалау» тұрғын үй кешенінен,
ал «AFD Plaza» және «Шахристан»
тұрғын үй кешені бойынша 5 жылдық
мерзімі қарастырылған. Пәтерлер
әрленбеген және таза әрлеуге дейінгі
түрде сатылады: сатып алушы өз
есебінен және өз қалауы бойынша
жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Бұған
қоса, жөндеу жұмысын жүргізіп
жатқан кезде сатып алушы 3 айға
дейін жалға алу құнынан босатылады.
Осы жерде айта кетеріміз, егер пәтер
сатып алушының алғашқы төрт жыл
ішінде сатып алушы компаниямен
арадағы келісімшартты бұзу
қажеттілігі туындаған жағдайда,
онда компания пәтердің жөндеу
жұмысына кеткен шығынды өтейді.
Жөндеу жұмысына кеткен шығын
қаражатын шығару кезінде пәтердің
амортизациясы есепке алынады. Оны
мынадай жолмен есептейді: жөндеу
жұмысының ең көп (максимальды)
құны, яғни жылжымайтын мүлік
құнының 10%-дық мөлшері есепке
алынады.
Клиенттің қалауы бойынша, ол
өз пәтерің айыппұлсыз мерзімінен
бұрын сатып ала алады. Сондай-ақ,
оны компанияның келісімімен және
қайта табыстау үшін комиссияны
өтей отырып, сата алады.
МЫСАЛ КЕЛТІРЕЙІК.
Сатып
алушы «Алтын Бұлақ» тұрғын үй
кешенінен көлемі 65 шаршы метрді
құрайтын «Жайлылық» класындағы
екі бөлмелі пәтер сатып алуды шешті
делік. Егер пәтердің құны 20,5 млн
теңге болса және оның 30%-дық
бастапқы жарнасы төленсе, онда 10
жылдық мерзімге оның ай сайынғы
төлемақысы шамасы 190 мың теңгені
құрайды. Немесе «Шахристан»
ru.kkb.kz/page/Zalog
сілтемесі бойынша
таба аласыздар.
КР
ЕДИТТЕУ
Ақпан–наурыз 2016
20
Ақпан–наурыз 2016
№1–2 (146–147)
21
тұрғын үй кешенінен 5 жылға 52
шаршы метрлік «Бизнес» кластағы
бір бөлмелі пәтер сатып алатын
болсаңыз, онда құны 19 млн теңгеге
түсетін пәтердің 30%-дық бастапқы
жарнасын қосқанда ай сайынғы
төлемақы мөлшері 250 мың теңге
шамасында шығады.
Бұл бағдарламаның пайдалы
жағы да анық көрініп тұр: басқа
біреудің үйін жалға алғанша, жаңа
тұрғын үй кешенінен жаңа пәтер
сатып алу әлдеқайда тиімді. Себебі
«классикалық» жалға алу кезінде сіз
бөтен адамға төлейсің, ережеге сәйкес
өздігіңнен жөндеу жұмысын жүргізе
алмайсың, сол сияқты қожайын
пәтерден кез келген уақытта
шығарып немесе төлемақыны
көбейтіп жібереуі де мүмкін. Осы
бағдарлама арқылы пәтерді жалға
ала отырып, кейін сатып алатын
болсаңыз, пәтер бағасы да, ай сайын
төлейтін төлемақың да толық
мерзімге бекітіледі. Жөндеу жұмысын
да өз қалауың бойынша істей аласың.
Мұндай пәтер анығын айтқанда,
бөтен біреудікі емес, өзіңдікі болады.
Ал егер сіздің өз баспанаңыз бар
болса, онда бөліп төлеу арқылы сіз
тағы бір пәтер сатып алсаңыз болады.
Біреуін жалға беру арқылы оның
ақшасымен ай сайынғы төлейтін
сомаңды жауып отырасың. Сөйтіп,
жаңа пәтеріңіз сізге ауыртпашылық
түсірмейді әрі өзін-өзі ақтайды.
— Бағдарламаның шарты
ыңғайлы болғандықтан, бұл өнім
біздің клиенттеріміз арасында
үлкен сұранысқа ие. Былтырғы
жылдың қазан айынан бері бұл
өнімді 400-ге жуық адам пайдаланды.
Қазіргі күні нарықта сапалы, дайын
әрі ұзақ мерзімге бөліп төлеуге
болатын тұрғын үйлердің саны аз.
Сондықтан біз өз клиенттерімізге
ыңғайлы әрі тиімді шарттарды ұсына
алатынымызға қуаныштымыз», —
дейді GBC компаниясының
маркетинг және сату жөніндегі
директоры Татьяна Неверко.
Шахристан, 5 жылға бөліп төлеу
Класқа жіктеу
бизнес
Бөлме саны
1 бөлмелі
Көлемі, шаршы метр
52,2
Қабаты
12
Бағасы 1 шаршы метр үшін теңгемен
358 000
Пәтердің бағасы
18 687 600
Бастапқы жарнасы, 30%
5 606 280
Бөліп төлеудің қалған сомасы
13 081 320
Бөліп төлеу мерзімі (ай сайынғы)
60
Артық төлеу
3 899 016
Жалпы сомасы
22 586 616
Алтын Бұлақ, 10 жылға бөліп төлеу
Класқа жіктеу
комфорт
Бөлме саны
2 бөлмелі
2 сан. торап
Көлемі, шаршы метр
75,0
Қабаты
15
Бағасы 1 шаршы метр үшін теңгемен
273 600
Пәтердің бағасы
20 520 000
Бастапқы жарнасы, 30%
6 156 000
Бөліп төлеудің қалған сомасы
14 364 000
Бөліп төлеу мерзімі (ай сайынғы)
120
Артық төлеу
8 764 761
Жалпы сомасы
29 284 761
Шахристан, 5 жылға жалға алу
Класқа жіктеу
бизнес
Бөлме саны
1 бөлмелі
Көлемі, шаршы метр
50-55
Қабаты
7–18
Ай сайын жалға алудың
орташа құны, теңгемен
145 000
Жалға алу мерзімі (айына) 60
Жалпы сомасы
8 700 000
Алтын Бұлақ, 10 жылға жалға алу
Класқа жіктеу
комфорт
Бөлме саны
2 бөлмелі
Көлемі, шаршы метр
65–75
Қабаты
10–15
Ай сайын жалға алудың
орташа құны, теңгемен
130 000
Жалға алу мерзімі
(айына)
120
Жалпы сомасы
15 600 000
www.vrassrochku.kz
+7 727 377 79 77
Қайта оралған сенім
Түйткілді заемдарды қайта қаржыландыру бағдарламасын мыңдаған
қазақстандықтар пайдаланып үлгерді. Үкімет ұсынып, банктер қолдаған
бағдарлама мойнында ауыр ипотекалық қарызы бар талай жандардың көзіне үміт
отын ұялатып, жан тыныштығы мен сенімді қайтарды
О
ОСЫ БАҒДАРЛАМА
аясында мемлекет қарыз
ауыртпашылығын жеңілдету
мақсатында 130 млрд теңге
бөлген еді. Оның операторы
боп бірнеше қазақстандық банк
іске кірісті. Солардың ішінде ең
үлкен транш — 38,1 млрд теңге
Қазкоммерцбанкке берілген еді.
2016 жылдың көктеміне қарай
ҚКБ қарыздардың жалпы сомасы 39,9
млрд теңгеден асатын ипотекалық
қарыз алушылардан 5 548 өтінім
қабылдады. 16 наурыздағы жағдай
бойынша банк 26,7 млрд теңгенің
4 149 өтінімін мақұлдады және
2 963 өтінім күні бүгінге дейін
қайта қаржыландырылды (қарыз
мөлшері 13,2 млрд теңгені құрады).
Казком өкілдерінің айтуынша, осы
бағдарлама негізінде жүргізілген
түсінік жұмыстарынан кейін ипотека
алушылардың өзі банк бөлімшелеріне
келіп, өтінім беріп жатқанға ұқсайды,
сөйтіп соңғы кездері олардың
белсенділігі артқан.
— Бағдарлама іске қосылған
күннен бастап біз өз клиенттерімізге
ақпарат және кеңес беру туралы
жүйелі жұмысты қолға алдық.
Әу баста біз жағдайды зерттеп-
талдағаннан кейін Бағдарлама
шарттарына дөп келетін қарыз
алушыларды өзіміз іздеп тауып,
байланысқа шығып, қайта
қаржыландыруға өтінім жазуын
сұрасақ, қазір тұрғындар өздері
келуде. Олардың әрқайсының өз
тарихы, өз тағдыры бар, тіпті көп
жағдайда бақытсыздау оқиғалар
да кездесіп жатады. Осындай қиын
жағдайда қалған қарыз алушыларды
қолдап, Бағдарлама ұсынған үкіметке
ризамыз, ал біздің банк мамандары
да осы жоба бойынша өте сауатты
жұмыс істеді, сөйтіп мойнында ауыр
ипотекалық қарызы бар қаншама
адамның алғысын алдық, — дейді
КР
ЕДИТТЕУ
Қ
АЙТ
А
Қ
АР
ЖЫЛАНДЫРУ
22
23
КАЗКОММЕРЦ NEWS
Корпоративтiк журналы
Ақпан–наурыз 2016
№1–2 (146–147)
Бағдарламаға қатысу жөніндегі толық ақпаратты, оның
шарты мен қажетті құжаттар туралы Қазкоммерцбанктің
кез келген бөлімшесінен немесе www.kkb.kz сайтынан
ала аласыздар.
Қазкоммерцбанктің атқарушы
директоры Айгерым Жапарова.
Түйткілді заемдардың қайта
қаржыландыру Бағдарламасына
қатысушылардың бірі —
Қанат
Сүлейменов.
Ол ҚКБ-ның Ақмола
бөлімшесінің клиенті. Ол осыдан он
жыл шамасында бұрын үй салу үшін
доллармен ипотекалық несие алғанда,
сол кезде АҚШ валютасының құны
120 теңге еді. Басына бөгде ой кіріп-
шықпаған Қанат алған қарызын төлеп
тұратынына сенімді болған. Бірақ
тағдыр оған басқаша қарады. Соңғы
жылдардағы валюта бағамының бір
емес, бірнеше рет құбылуы Қанатқа
қатты соққы боп тиді. Доллар өскен
сайын оның ай сайын төлеп тұратын
төлемінің де теңгелік эквиваленті
көтірілді емес пе. Доллар бағасы
қарыштап құбылған сайын оған қуып
жету Қанат үшін арман боп қалған
еді. Ол ол ма, Қанаттың келіншегінің
қайтыс боп кетуі ол үшін де, отбасы
үшін де үлкен ауыртпашылық, зор
қайғы болды.
— Мен екі баламен жалғыз
қалдым, — дейді Қанат. — Маған
керек қаражатты жию және оны ай
сайын төлеп тұру өте қиынға соқты.
Сондықтан қайта қаржыландыру
туралы Бағдарлама шыққанын
қалай естідім, солай Казкомға өтінім
жасадым.
Банк мамандары менің
басымнан өткен жағдайды тыңдады,
Бағдарлама шартына сәйкес келе
ме, жоқ па, соны тексергеннен кейін
қайта қаржыландыруға өтінім
жазуды сұрады. Құдай қолдап, менің
жағдайым Бағдарлама шартына сай
боп шықты. Банкке рахмет, мәселе
тез шешілді. Енді менің айма-ай төлеп
тұратын төлемім азайды. Маған алған
қарызымды әлі 2020 жылға дейін
төлеп тұруға тура келсе де, доллар
бағамының құны енді қалай құбылса
да, маған оның кесірі тимейтін болды.
Сөйтіп, мен бұдан былай доллар
бағамына тәуелді емеспін, өзіме
тиесілі соманы уақтылы, алаңдамай
өтейтін болдым.
Осыған ұқсас оқиғалар банктің
кредиттік тарихында аз кездеспейді.
Жалпы алғанда қайта қаржыландыру
Бағдарламасы аясында 25 мың
түйткілді қарыз иесінің мәселесі
шешілуі керек. Былайша айтқанда,
Бағдарлама осыншама қарызы бар
адамдарды қамтиды. Оның ішінде
5 мың қарызгердің әлеуметтік
тұрмысы төмен екені анықталды.
Айгүл Исмұқанова
2007 жылы
үй сатып алу үшін ҚКБ-нің Ақтау
филиалынан 2027 жылға дейін
теңгемен несие алған екен. Оның
үлкен отбасының 6 мүшесі болса, 4-і
бала-шаға. Ол несие алуға ниеттенген
кезде, үйде жас нәрестесіне
қарап, демалыста отырған еді.
Алған несиесін ол сегіз жыл бойы
мерзімінде өтеп тұрған, тек соңғы
кездері төлем қабілетсіздігінен
ауыртпашылық пайда болыпты.
Түйткілді несиелерді қайта
қаржыландырып жатыр дегенді
естіген соң, бірден банкке келді.
— Менің жағдайыма банк
түсіністікпен қарайтынына сенімді
болдым, себебі мен оны өтеуден
қашып тұрғаным жоқ қой, тек
несиені өтеу шарттарына жеңілдік
сұрай келдім емес пе? — дейді ол. —
Басында менің алған несиемнің
жағдайы мемлекеттік бағдарлама
шарттарына сәйкес келмеген-тін.
Уақыт өте келе оған өзгертулер
енгізіліп, қатысу мүмкіншілігі ұлғайған
кезде банк қызметкерлері менімен
байланысқа шығып, Казкомға келіп,
өтінім жазуға болатынын айтты.
Бұл Бағдарламаға мені көпбалалы
ана ретінде қабылдапты. Ең басты
жеңілдік — менің айма-ай өтеп
тұратын төлемім әу бастағы көлемнен
35%-ға жеңілдеді. Мөлшерлемесі
теңгемен 3%-ды құрады. Бізге несиені
әлі 11 жыл бойы өтеуге тура келеді,
көрсетіліп отырған мынадай қолдау
арқасында қаржылық жағдайымыз
қалай түзеледі, біз солай ертерек төлеп
тастауды ұйғарып отырмыз. Біздің
осындай ойымыз бар. Мен мамандығым
бойынша геологпын, өз салам бойынша
жұмыс істеймін отбасымызбен алған
несиемізді ертерек жауып тастаудың
амалын қарастырып жатырмыз. Қарыз
алушылардың жағдайына түсіністікпен
қарап, біз сияқты адамдармен жұмысты
өте сауатты, кәсіби деңгейде жүргізіп
отырған банктің менеджерлеріне айтар
алғысымыз шексіз.
Бұл күндері Казком банктер
арасында қайта қаржыландырылған
заемдар саны жағынан көш басында
келеді. ҚКБ мамандарының
айтуынша, клиенттермен жұмыс
жүргізу барысында олар талай
оқиғалардың куәсі боп жатыр,
несие алушылардың тағдыры сан
түрлі, басқа түскен ауыртпашылық
салдарынан несиелерін өтей алмай
жүргендері қаншама. Міне солардың
тағдырына банк бей-жай қарамай,
қолдан келген бар мүмкіндікті жасау
үшін Бағдарлама аясын кеңейтуге
мәжбүр. Сондай қамқорлықтың
арқасында Айгүл Исмұқанова сынды
талай қарыз алушының несиесі
жеңілдетілді.
— Бағдарлама шартына сәйкес
2004–2009 жж. берілген ипотекалық
займдар қайта қаржыландырылып
жатыр. Бағдарламаға әлеуметтік
жағдайы төмен қарыз алушылар
қатыса алады; 2015 жылдың 1
қаңтарына дейін төлем бойынша
қарызы 90 күннен асып кеткен
борышкерлер де қатыса алады.
Төлем мерзімі өтіп кеткен
валютамен несие алушылардың
да Бағдарламаға қатысуға мүмкіндігі
бар. Дегенмен, негізгі қарыз бойынша
қарыз мөлшері 36 млн 470 мың
теңгеден аспауы керек немесе
2015 жылдың 1 қаңтарына доллар
эквиваленті осындай мөлшерде,
яғни 200 мың доллардан аспауы
шарт. Біз бұл Бағдарламаға тек
өзіміздің клиенттерімізді ғана емес,
сонымен бірге бізге қосылған БТА
Банктің клиенттеріне де қызмет
көрсетіп жатырмыз, — дейді
Қазкоммерцбанктің атқарушы
директоры Айгерым Жапарова.
БТА-ның Өскемен қаласындағы
заемшысының бірі —
Достарыңызбен бөлісу: |