Үздік контент 2015



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата05.02.2017
өлшемі2,88 Mb.
#3443
1   2   3   4

 Татьяна 

Тумашова.

— Мен БТА-дан доллармен несие 

алғанда оның бағамы бір доллар 

үшін 132 теңге болған, — дейді ол. — 

Дегенмен, соңғы кездердегі орын 

алған бағамның бір емес, бірнеше 

өзгерісі жағдайды ушықтырды. 

Сондықтан, қайта қаржыландыру 

туралы жобаны естіген сәтте бірден 

банкке келдім. Менің құжаттарымды 

тыңғылықты қараған банк 

менеджерлері мені Бағдарламаға 

қосты. Сөйтіп, менің алған несием 

теңгеге шағылды, ал айма-ай 

төлейтін төлем мөлшері екі есеге 

жеңілдеді. Қарыз ауыртпашылығы 

азайғанымен қоймай, мені қуантқаны, 

доллар бағамының құбылуы бұдан 

былай менің төлеміме әсер етпейтін 

болды. Демек, енді осыған орай 

туындайтын күйзеліс те, жүйкенің 

тозуы да бізді сырт айналып өтетін 

болды.

Біз өз тарапымыздан Бағдарлама 



күн өткен сайын клиенттеріміз 

арасында танымал болып келе 

жатқанын айтқымыз келеді. Біз 

жоғарыда атап өткен санаттағы 

қарыз алушылар оған қатыса алады. 

Қайта қаржыландыру талаптарына 

сәйкес заем бойынша негізгі қарыз 

сомасы қайта есептеледі. Төлемді 

кешіктіргеніңіз үшін қосылатын 

өсімақы пен айыппұл есептен 

шығарылып тасталады, ал несиенің 

мөлшерлемесі жылдық 3 пайызға 

дейін шегеріледі.

Ұлттық банк бұл Бағдарламаны 

әлі де жетілдіру үстінде.

Таяуда Ұлттық банк Бағдарламаға 

бірқатар өзгерістер енгізуді 

жоспарлап отыр. Мысалы, банктерге 

«Проблемалық кредиттер қоры» 

АҚ-ның салымын игеру мерзімін 

2016 жылдың 1 желтоқсанына дейін 

ұзарту; Бағдарламаға қатысатын 

заемшылардың тізімін кеңейту, 

заемшылар үшін үй аумағына 

қойылған шектеулер мен қарыз 

алушы (бірлесіп қарыз алушы) болып 

табылмайтын кепіл беруші мен оның 

зайыбы (жұбайы) үшін 2015 жылғы 1 

қаңтардағы жағдай бойынша жалғыз 

баспанасы бойынша шектеуді алып 

тастау.

Сонымен қатар 2015 жылғы 



1 қаңтардағы жағдай бойынша 

кепілді жылжымайтын мүлікте 

екі отбасынан көп отбасы 

мүшелері (жақын туыстар) тұрып 

жатқан (ресми тіркелген) қарыз 

алушылар үшін тұрғын үй алаңы 

бойынша шектеудің күшін жою 

қарастырылған.

Бұған қоса Ұлттық банк 

Бағдарламаға өз меншігінде 

баспанадан басқа, мақсатты түрде 

пайдаланатын «жеке үй құрылысын 

жүргізуге арналған» жер учаскесі 

бар қарыз алушыларды да қосуды 

ойластырып жатыр.

Тағы бір жағымды жаңалық, 

Бағдарламаға меншігінде 

жылжымайтын мүлкі болса, 

егер ол Бағдарлама критерийі 

бойынша баспана (коммерциялық 

жылжымайтын мүлік, саяжай 

үйі) ретінде саналмаса, бірақ заем 

алушының және оның әйелінің 

(ерінің) тұрып жатқан жалғыз 

жылжымайтын мүлкі болса, 

онда мұндай қарыз алушылар 

да Бағдарламаға енгізіледі.

Осы жерде айта кетуіміз 

керек ипотекалық несиені қайта 

қаржыландыру Бағдарламасына 

бірнеше рет өзгертулер енгізілген 

болатын. Мысалы, әлеуметтік 

жағынан әлсіз қорғалған қарыз 

алушылар мемлекеттік баж 

салығын төлеуден босатылды, 

01.01.2015 ж. жағдай бойынша 

төленбеген қарызы 90 күннен 

асып кеткен проблемалық 

кредиттер 2015 жылғы 18 

тамыздағы бағам бойынша қайта 

қаржыландырылды, баспана 

алаңына (жалпы 120 ш. м. — ден 

120 ш. м.тұрғын үйге) қойылатын 

талап өзгертілді, бұған қоса үшінші 

тұлғаның жылжымайтын мүлігі 

кепілге қойылған заемдар да қайта 

қаржыландырылады. 

2016 жылдың 

көктеміне 

қарай ҚКБ 

қарыздардың 

жалпы сомасы 

теңгеден асатын 

ипотекалық 

39,9

млрд

қарыз 

алушылардан 

өтінім 

қабылдады

5548

Қ

АЙТ

А

 Қ

АР

ЖЫЛАНДЫРУ


24

25

КАЗКОММЕРЦ NEWS



Корпоративтiк журналы

Ақпан–наурыз 2016

№1–2 (146–147)

Не көрсек те халықпен 

бірге көреміз

Наурыз мерекесі — ең көне мерекелердің бірі. «Наурыз» сөзі парсы 

тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны береді

Қ

АР

ЖЫ

 С

А

УА

ТТЫЛЫҒЫ

БҰЛ ДҮЙІМ

 жұрттың қалың 

қыстан аман-есен шығып, 

«аузы көкке ілінгенде» 

келетін Жаңа жылды көл-

көсір қуанышпен қарсы алу мейрамы. 

Наурызға, көктемге аман-сау жетіп, 

бір-бірімен көріскен жандар қонағын 

құшақ жая қарсы алып, ізгі-ниет 

айтып, тілек-баталарын береді.

Біз де Наурыз тойы қарсаңында 

танымал әншілермен кездесіп, жылы 

лебізімізді айтып, әңгімелесiп 

қайтқан едік. Әрине, журналымыз 

экономика, қаржы туралы 

болғандықтан, қойған сауалдарымыз 

да қаражатты жұмсау мен үнемдеу 

тұрғысында болды. Бұл қазір, әсіресе, 

көктем мерекелерінің қарсаңында өте 

өзекті екені анық.

 

1

  Банктің қандай қызметін 



пайдаланасыз?

 2 


 Қаражатыңызды қай валютада 

сақтайсыз?

 

3

  Дағдарыстың әсерін сездіңіз бе?



 

4

  Алғашқы табысыңызды қайда 



жұмсағаныңыз есіңізде ме?

 



 Сіз ақшаны көп жинайтын адамсыз 

ба әлде көп жұмсайтын адамсыз ба?

 

6

  Қай кезде ақша аямайсыз?



 7

  Сіз үшін ақша — ол…?



Б

Асхат ТАРҒЫНОВ

  әнші

 1  


Әрине, банктің қызметін 

пайдаланамын. Балаларым да, 

өзім де Казкомның картасын 

пайдаланамыз. Шетелде оқып жүрген 

қызымда да ҚКБ-ның картасы бар. 

Өйткені ол беделді, үлкен банк деп 

есептеймін. 

 2  


Мен қаржы жинамаймын, капитал 

ретінде ұстамаймын. Көбінесе жер, үй 

сияқты жылжымайтын мүлік немесе 

қомақты зат сатып аламын. 

 3

  Бұдан да қиын дағдарыстан өткен 



кездеріміз болды. Сондықтан оған еш  

уайымдамаймын. Қазіргі дағдарыс 

бәріміз үшін сынақ. Сондықтан бұл 

қиыншылықтан да сабырмен өту 

керек. 

 4

  Мен 21 жасымда республикалық 



байқаудан бірінші орын алған едім, 

сол кезде бізге ақшалай сый берген 

 1  

Банктің қызметіне жүгінемін. 



Тапқан табысымды банкте сақтаймын. 

Бірақ кредит алып көрген емеспін. 

Банкке бармас бұрын бірінші кезекте, 

банктің тиімділігіне назар аударамын. 

Қай банк болса да, сол қаржы 

институты туралы сырттай мәлемет 

жинаймын. Достарыма хабарласып, 

ақылдасамын. Егер толықтай сенімді 

банк болса, ақшамды сол банкке 

салып, жинаймын. Дегенмен, банктің 

қызметі мен қызметкерлердің қызмет 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН 

қауым, Наурыз мерекесі құтты 

болсын! «Қасықтап жинап, шөміштеп төкпе» дегендей, 

өмірде ысырапқа жол бермей, қолымыздан келгенше 

жақындарымыздан көмегімізді аямайық. Бір-бірімізге 

бауырмал болайық! Ақ мол болсын! Еліміз тыныш, 

халқымыз аман болсын! Наурыздан Наурызға аман-есен 

жете берейік!

Сейфуллин ЖОЛБАРЫС

  әнші

көрсету сапасына да ерекше көңіл 

бөлемін.

 2

  Ақшамды төл теңгемізбен 



жинаймын.

 3 


 Әрине, дағдарыс бізге де 

әсер етті. Халық қиналса, біз де 

қиналамыз. Өйткені біз нәпақамызды 

осы халықтың арасынан тауып, 

жеп жатырмыз. Айтайын дегенім

не көрсек те халықпен бірге 

көреміз. Алайда бұл қиыншылықтар 

да уақытша, бұдан да өтеміз.

 4  

Алғашқы табысыма айран мен нан 



алып ішкенмін. Ол кезде әлі жаспын, 

бар-жоғы 18-де едім. Өлең айтып 

тапқан ақшам 1500 теңге болатын. 

Сол кезде әжем «алғашқы табысыңды 

өзіңе, керегіне жарат» деп ақыл 

қосқан.


 5

  Мен ақшаны көп жұмсаймын 

да, көп жинаймын да. Тепе-теңдікті 

ұстанамын.

 6  

Өзімнің шығармашылығыма, 



сондай-ақ өзімнен, ағайын-

бауырларымнан ақша аямаймын. 

Ақшаны қалай тапсаң, солай 

кетеді. Сондықтан өзіңнен ақша 

аяған дұрыс емес деген ойдамын. 

Шамам келгенше, жақындарыма 

да көмектесуге тырысамын.

 7  


Мен үшін ақша — төл теңгеміз. Тек 

ысырапқа жол бермеу керек, әсіресе 

ақша мәселесіне келгенде. Жалпы, 

кез келген нәрседе ысыраптың қажеті 

жоқ.

болатын. Сонда анама орамал, көйлек 



және кілем сатып алғаным есімде. 

 

5



  Мен ақшаны аса жинамаймын 

да, көп жұмсамаймын да. Әрдайым 

үнемдеймін. 

 6 


 Бала-шағама, сосын садақа беруге 

ақшамды аямаймын. 

 7

  Мен үшін ақша — құрал. Бұл 



құралмен дос болу керек, оны сыйлау 

керек. Қазақта жақсы сөз бар, «ақша 

тапсаң, есебін тап» деген. Мен осы 

қағиданы қолдайтын адаммын.



Мен үшін ақша — құрал. Бұл құралмен 

дос болу керек, оны сыйлау керек. 

Қазақта жақсы сөз бар, «ақша тапсаң, 

есебін тап» деген


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет