"Үздік педагог" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы


-параграф. "Үздік педагог" атағын беру конкурсының І кезеңін өткізу тәртібі



бет3/7
Дата12.02.2023
өлшемі96,83 Kb.
#67174
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
157-бұйрық-23-04-2020.kaz

1-параграф. "Үздік педагог" атағын беру конкурсының І кезеңін өткізу тәртібі

7. Конкурстың I кезеңі – аудандық (қалалық), жыл сайын сәуір айында өткізіледі, онда екінші кезеңге қатысуға ұсынылған Конкурс жеңімпаздары айқындалады.


8. Конкурстың I кезеңін өткізу туралы хабарландыруды білім бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Конкурстың I кезеңін өткізу басталғанға дейін он бес күн бұрын аудан (қала) аумағына таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды, сондай-ақ Бөлімнің интернет-ресурсына орналастырады.


9. Педагогтерді бағалау үшін құрамы Бөлімнің бұйрығымен бекітілетін аудандық (қалалық) Комиссия құрылады.


10. Комиссия Бөлімнің қызметкерлерінен, тәжірибелі педагогтерден, педагогикалық шеберлік кәсіби конкурстарының жеңімпаздарынан, әдістемелік қызмет, біліктілікті арттыру институттарының қызметкерлерінен, сондай-ақ білім беру саласындағы қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен құрылады.


11. Комиссия мүшелерінің саны кемінде он бес адамды құрайды. Комиссия отырыстары оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды деп саналады.


12. Комиссия төрағасы, төраға орынбасары Комиссия мүшелерінен сайланады. Хатшы оның мүшесі болып табылмайды.


13. Конкурстың І кезеңіне қатысу үшін жыл сайын Бөлімдерге білім беру ұйымдары электронды форматта мынадай құжаттар мен материалдар ұсынады:


1) Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Конкурсқа қатысуға арналған өтінім;


2) білім беру ұйымдарының басшылары растаған педагогке арналған ұсыныс;


3) жұмыс орны бойынша расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;


4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;


5) білім беру ұйымының Комиссия отырысының хаттамасынан үзінді және қазақ және орыс тілдерінде ұсыныс;


6) электронды тасымалдағыштағы жазылған оқу сабақтары;


7) оқыту тіліндегі портфолио (педагогтің портфолиосының құрылымы осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген);


8) эссе; эссе тақырыбын жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі айқындайды.


9) осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген техникалық шарттарға сәйкес бейнеролик.


14. Педагогтердің кәсіби қызметіндегі жетістігі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар бойынша бағаланады.


15. Комиссияның аудандық (қалалық) "Үздік педагог" атағын беру туралы шешімі Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.


16. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.


17. Комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.


18. Конкурстың І кезеңінің қорытындылары Конкурс аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей ауданның (қаланың) аумағына таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, сондай-ақ ауданның (қаланың) білім бөлімінің интернет-ресурсында орналастырылады.


19. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға Комиссияның шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде ауданның (қаланың) "Үздік педагог" атағы беріледі және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес куәлік табыс етіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет